Ынталандыру немесе жазалау?

Ата-аналарбаланың басты ұстаздары болып табылады. Балада туа біткен көптеген қасиеттер болады және сәби кезіндегі тәрбиеге байланысты жақсы немесе жаман әдеттер пайда болады. Тұлға ретінде бала өздігінен шешім қабылдау кезінде және жауапкершілігі бар таңдау барысында қалыптасады. Мәселен, досымен мәрт болу – кәмпитті жалғыз жеу немесе бөлісу. Болмаса – досымен бірге ауладан кетіп қалу немесе барып анасынан рұқсат сұрау. Баланың өз қадірін сезінуі ол адамгершілік қағидаттарын сақтап өмір сүрсе пайда болады. Бізді бала кезден мәрттікке, тиянақтыққа, мейірімділікке, достыққа, тіл алуға үйретеді. «Достарыңмен бөліс, балаларды ренжітпе, төбелеспей ойна, тентек болма, зейінді бол, тиянақты бол, мұғалімді тыңда» – дейді анамыз бізді бала бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда. Бала денелі, саналы, адамгершілік, психологиялық тұрғыдан жетілуі үшін ата-аналар оны сүйіп, әсіресе ерте жаста бағыт-бағдар беруі тиіс. Баланың жаман әдеттерін көргенде ата-аналар ашуға бой алдырып, жазалауды қолданады. Көпшілік кезде біз шаршап тұрғанда немесе балалар тыңдамай жатса, оларға дауыс көтеріп, кейде ұрып жіберетініміз бар. Айғай немесе шапалақ жаман әдетке немесе іс-әрекетке деген жауап. Алайда бұл мүлдем пайдасы аз амал! Қатал жаза бұрыннан да көп проблемалар алып келуі мүмкін. Айғай мен ұру балаларға деген қарым-қатынастың дұрыс емес белгілері. Егер бұл балаларға бөлінген көңілдік жалғыз түрі болса, онда балалар тек өзіне назар аудару үшін ғана жаман әдетке баруы мүмкін. Көбінесе жазаның салдарынан балалар жаман қылықтарын ата-аналардың көзінше жасырады. Бірақ ол мүлдем жоғалды деген сөз емес. Балалар ұстатпаудың шеберіне, іс-әрекеттің хамелеонына айналады. Моральдық құндылықтар сатысында мұны төмен деңгейдегі белгі ретінде қарастырады, яғни «Жазадан құтылу мақсатында ережелерге бағыну». Егер біз баланы жаман қылықтары үшін үнемі ұратын болсақ, онда біз оны моральдық дамудың төменгі сатысында қалдырамыз, яғни олар жақсы және дұрысты емес, жазадан құтылуды көздейді. Оның үстіне ұру дегеніміз бала үшін зорлықтың ерте жастағы тәжірибесі болып қалады. Ұру ұруды туғызады, яғни ол ашу мен өштесуге, ал кейіннен ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың үзілуіне алып келеді.

Сонда қалай жазалауға болады? Ынталандыру арқылы! Мәселен, телевизорды өшіргеніңіз үшін балаңыз еркелей бастады делік. Бұл жағдайда мультфильм көру бір мезетте жазалау да, ныталандыру да болып табылады. Яғни, ойыншықтарды шашқан екенсін, үй тапсырмасын орындамаған екенсін, онда мультфильм көрмейсін. Ал ынталандыру кезінде: ойыншықтарды жинадың, жарайсын, мультфильмдерді 15 минутқа ұзағырақ көресін. Ынталандыру – 20 минут ұзақ серуендейміз. Жазалау – 20 минутқа аз серуендейміз. Ынталандыру – бүгін жаңа ертегіні оқимыз. Жазалау – бүгін ертегісіз ұйықтайсын. Балалар үйреніп қалған кез-келген дүниеден айырудың өзі үлкен жаза. Алайда балаға не үшін жазаланғанын міндетті түрде түсіндіру қажет. Баланы оның іс-әрекетінен ажырату керек. Яғни, баланы емес, оның жаман қылығын жазалау. Мәселен, сен жаман баласын, сен жаман қызсын, сен жаман ұлсын емес. Сен бүгін ойыншықтарды жинамадың, сабақ оқымадың, еденді сыпырмадың, ініңе немесе қарындасыңа көмектеспедің. Баланың іс-әрекетін жазалау немесе ынталандыру, мақтау керек. Егер сіз баланы жай ғана ойыншықтарын жинамаған ұқыпсыз десеңіз бұл көмектеспейді. Керісінше, оның өзіне деген сенімділігін төмендетіп, болашақта жаман әсер беру мүмкін. Пайдасы жоқ талқылауға уақыт кетірмей, нақты нені өзгерту керек екенін шешіңіз. «Ұқыпты бол» деп қана қоймай, ондан қандай әрекет күтетініңізді айтыңыз. Мысалы: ойыншықтарды жинамасан, далаға серуендеуге бармайсын.

Мақтау өте пайдалы. Ол әлемге деген жағымды көзқарасты қалыптастырады, балаға сенім, сүйіспеншілік сезімін береді, ол өзін отбасына керек екен түсінеді. Егер орынсыз және негізсіз мақтау айтылса, оған бала үйреніп қалады және үнемі оны күтеді. Мақтауды бала күш салып жасаған әрекеті үшін немесе игерген жаңалығы үшін айту қажет. Әр қадам сайын айтудың қажеті жоқ. Өйткенде мақтаудың мәні мен мағынасы жоғалады. Сәбиді көңілмен, сыйластықпен, нәзіктікпен ынталандырған жөн. Ол өзін жақсы ұстаса, сіз баламын сыйпайы сөйлеп, көп көңіл бөлесіз. Егер жаман әдетке салса, мүлдем көңіл аудармайсыз. Балаға көңіл аудармау, әсіресе анасы тарапынан, ұрсу мен ұрудан гөрі қатаң жаза. Бұл анағұрлым тиімді әсер ету әдісі. Дегенмен ерекше сезімтал, ұялшақ, әрі жасқаншақ балаларға қатысты бұл әдісті қолданбаған жөн. Бұл оларды моральдық жағынан жарақаттауы мүмкін. Мұндай балаларға ашуланып қарасаңыз болды. Мақтау дұрыс әдеттерді бекітуге ықпал етеді. Егер баланы жақсы тәрбиелегіңіз келсе, нақты мысалдар арқылы одан не қалайтыныңызды көрсетіңіз. Біздің міндетіміз – баланы тұлға ретінде тәрбиелеу. Қазір әлемге болып жатқан жағдайлар үшін жауапкершілікті ала алатын адамдар ауадай қажет. Мұндай адамдардың қатарын біздің балаларымыз толықтырсын.

Leave a Reply