Баланы немен алдандыруға болады

0-ден бастап 3 жасқа дейінгі аралықты сәбиді қалай ойнатқан қызықты?

Педагог-психологтар баланың сенсорикасын, есту, көру қабілетін және қимыл-қозғалыс координациясын дамытатын ойыншықтармен ойнауды ұсынады:

-Сылдырмақтар, қоңыраушалар, кішкене қоңыраулар және т.б. есту қабілетін дамыту үшін нәрестенің бір жақ құлағына сылдырмақпен сылдырлатын көріңіз, одан кейін екінші құлағына осыны істеңіз. Бірте-бірте сәбиіңіз дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұра бастайды;
-Әр түрлі материалдардын жасалған, ұстауға сипауға болатын ашық түсті ойыншықтар. Алдымен оларды балаға көрсетеді, онымен баланың денесін сипайды, қолына береді. Кейінірек сәбиіңіз оларды ұстап алатын және қолында біраз уақыт ұстап тұратын деңгейге жетеді;
-Сәбидің төсегінің үстіне бекітілетін алуан түрлі ойыншықтар ілінген мобильдер (әткеншектер), ол нәрестенің көзінен белгілікті қашықтыққа (шамамен 15-20 см) орнатылады;
-Қоңыраушалары бар білезік, оны баланың екі қолына кезек-кезек тағып қоя аласыз;
-Әуе шары, оны да баланың қолына байлап қоюға болады. есейе келе бала шардың қолын қозғалтқан сайын, бірге қозғалатынын түсіне бастайды;
-Адамның бет-әлпетінің сызба түріндегі көрінісі. Емшектегі балалар мұндай суреттерге көз тоқтатып қарағанды өте жақсы көреді. Егер суретті баланың көзінен онша алыс емес қашықтыққа (шамамен 25-30 см) қоятын болсаңыз, анасы жанында болмаған кезде, ол жаңағы суретті танып-білуге ұмтылыстар жасай бастайтын болады.

3 айдан бастап 6 айға дейінгі аралықта қажет болатын ойыншықтар және ойындар

Сәбимен ойнау үшін 3 айға дейін пайдаланылған барлық ойыншықтар жарай береді. Бұл қатар мыналармен толықтырылуы мүмкін:

-Тісжарғыштар мен шайнауға және соруға болатын ойыншықтар, себебі бұл кезде балалардың алғашқы тістері шыға бастайды (тістерге арналған тісжарғыштарды қалай таңдауға болады);
-Ұстауға қолайлы доп. Жарты жылға дейінгі жас шамасында сәби арбада немесе анасының қолында отырып, олармен ойнай алады;
-Жиектерінде әр түрлі суреттер салынған ірі жұмсақ кубиктер. Сәбилер оларды қуана-қуана ұстайды, ондағы суреттерге көз тоқтатып қарайтын болады;
-Резеңкеден және матадан жасалған әр түрлі жан-жануарлардың бейнелері. Бұл жаста сәбимен «Кім қалай істейді?» деген ойынды ойнаған тиімді. Итті көрсетеміз және оны «гав-гав» деп сөйлетеміз және т.б. Кейін сәби осы ойыншықты сәйкес дыбыстарымен «атайтын» болады;
-Жарты жылдық балалар қағаз жыртқанды ұнатады, сәбиіңізге ескі журналдарды беріп қойыңыз, өзінің әуестігін қанағаттандыра берсін;
-Сәби үшін саусақтармен спектакль көрсетудің де маіызы зор. Саусақтарыңызға ойыншықтарды кигізіп алып (ойыншықтар бөлімінен алуға немесе үйде дайындауға болады), сәбиіңізге қойылым жасаңыз;
-Бала өзінің денесін тани бастайды. Бұл үшін балаға дене бөліктерін көрсету және олардың аттарын атау қажет: көз, құлақ, мұрын, аяқ, қол…

6 айдан бастап 9 айға дейінгі аралықта ойналатын ойыншықтар және ойындар

Жаңа дамытушы ойыншықтарға назар аударыңыз:

-Есту қабілетін және қимыл-қозғалыс координациясын дамытатын музыкалық орталықтар. Көбінесе мұндай ойыншықтар жан-жануарлардың даусын, музыкалық аспаптардың және т.б. даусын салады. Сәбиге батырмаларды қалай басу керектігін көрсетіңіз, ол ойыншықты бірден игеріп алады және көп уақытын сонымен өткізетін болады;
-Музыкалық ойыншықтар (сыбызғы, ксилофон, барабан) қимыл-қозғалыс координациясын және дыбыстық түсініктерін дамытуға ықпал етеді;
-Ойын орталықтары ұсақ моториканы дамытуға арналған. Сіздің нәрестеңіз пішіні жағынан әр түрлі ойыншықтарды айналдырып көретін болады және оларды зерттеуді;
-Матадан, пластиктен, картон қағаздардан жасалған кітапшалар сөзді түсінуге көмектеседі, ұсақ моториканы дамытады және танымдық қызығушылығын арттырады;
-Шомылдыруға арналған ойыншықтар. Үйректер, қайықтар, балықтар – суда қалқып жүретін бұл ойыншықтар баланың танымдық қабілеттерін және дағдыларын дамытады (шомылдыруға арналан ойыншықтарды қалай таңдауға болады);
-Бұл жастағы барлық балалар ас бөлмесіндегі ыдыстармен ойнағанды жақсы көреді. Пластик ыдыстар, қасықтар, ожаулар, қалыптарды балаға уақытша ойнауға беруге болады.

9 айдан бастап 12 айға дейінгі аралықта ойналатын ойыншықтар мен ойындар

Соңғы үш ай көлемінде баланың дамуы үшін маңызды болып табылатын ойыншықтар мыналар:

-Пирамидалар. Бір жасқа жақындап қалған бала қалай істеу керектігін көрсеткен болсаңыз, пирамиданы өзі тұрғыза бастайтын болады;
-Кубиктер. Кішкентайыңызға кубиктерден қалай мұнара тұрғызуға және оны қалай бұзып тастауға болатынын көрсетіңіз;
-Зауыт ойыншықтары;
-Матрешкалар;
-Ойыншық машиналар ұл балалар үшін де, қыз балалар үшін де қызықты. Олардың көмегімен бала осы секілді ойыншықтармен қалай дұрыс ойнау керек екендігін үйренеді;
-Тербелетін ат және тербелетін машина, онымен аяғыңды тіреп қойып жүруге болады, баланың физиологиялық дамуына ықпал етеді;
-Ұзын тұтқасы бар тербелетін ойыншықтар қимыл-қозғалыс координациясын жетілдіреді және жүру дағдыларын қалыптастырады;
-Бет және дененің әр түрлі бөліктерін үйренудің тамаша тәсілі ретінде үлкен қуыршақты қарастыруға болады (жұмсақ материалдан жасалғаны құпталады).

Leave a Reply