Тұрмыстағы химия

Дәрілер

Барлық дәрілер құлыппен бекітіліп, баланың қол жететін жерінен алшақ болуы қажет. Қалтада немесе сөмкеде дәрі салып жүруге болмайды, себебі балалар оларды ақтарғанды жақсы көреді. Дәрлерді «кәмпит» деп атауға болмайды. Дәрілерде көз көретін жерге тастамаңыз – одан да нені қашан қабылдау қажет екендігін жазып алған дұрыс. Балаларға дәрінің қапшықтарын ойнауға бермеңіз, себебі оларды шатастырып алуға болады, сонымен қоса дәрі шаңы аллергиялық рекция туғызуы мүмкін. Заттаңбасы жоғалып қалған дәріні ешқашан бермеңіз. Мерзімі өтіп кеткен дәрілерді дереу лақтырып тастаңыз. Әсіресе қарт адамдарға қонаққа барған кезде байқаңыздар, олардың дәрілері үнемі қол астында жатады.

Косметика

Міндетті түрде құлыппен бекітіп қойыңыз, себебі балалар үнемі ауызына салады, және кейбір косметика өнімдерінен уланып қалу мүмкін.

Шаруашылық тауардар, дезинфекциялау құралдары

Құлыппен бекітіліп, өзінің қорапшасында сақталуы қажет. Оларды басқа ыдыстарға қайта құйып немесе себуге болмайды. Бала оларды шатастырып алып, лимонадтың орнына ағартқыш құралды ішіп қоюуы мүмкін.

Өткір заттар (пышақтар, шанышқылар, қайшылар)

Барлық өткір заттар баланың қол жететін жерінен алыста болуы керек. Бала қайшылары — пластмасстан жасалған, ұштары дөңгелектелген. Жасы үлкендеу балалар пышақты ересектердің байқауымен қолдана алады. Балалар өткір заттарды дұрыс және сенімді қолдануды қаншалықты ертерек үйренсе, соншалықты ертерек балалар үшін ол заттар қауіпсіз болады.

Улы үй өсімдіктері

Улы үй өсімдіктеріне және тікендері бар қсімдіктерге назар аударыңыз, олар қолжетімді емес екендігіне көз жеткізіңіз. Қалай болса да оларды сұраусыз жұлып, ауызға салуға рұқсат етпеңіз.

Leave a Reply