Баланың беті қызарып тұрса

Бұрындары қызарып тұрған бет денсаулық кепілі болса, қазір олар диатездің белгісі болып табылады. Диатез – ауру емес, керісінше кейбір ауруларға бейімділік, 1 жасқа дейінгі балаларда аллергиялық диатез кездеседі.

Диатездің белгілері

-Беттің қызаруы: диатез қызыл нүкте түрінде басталып, ода кейін түлеп қыши бастайды.
-Денедегі бөрітпе. Қызару дененің кез келген жерінде бөкседе, іште және т.б. жерлерде пайда болуы мүмкін.
-Қышу. Пайда болған аурулар баланың мазасын алады: қышиды, түлейді. Бала еркелей бастайды.
-Терісі құрғақ және жарылған.
-Ойықтар пайда болады.

Диатездің пайда болу себептері

-Дұрыс тамақтанбау: тамақтың құрамында аллергиялық өнімдердің болуы.
-Теріге аллергеннің түсуі (ұнтақ, крем, сабын).
-Тыныс жолдарына аллергеннің түсуі (тұрмыстық химия, парфюмерия).

Диатездің алдын алу

-Диатездің алдын алатын іс-шаралар қатарын жүргізу қажет.

Дұрыс тамақтану

-Баланың тамақтануына жаңа азықтарды ұқыптылықпен, жайлап және жасына сәйкес енгізу.
-Алғашқы айларда емшек сүтімен қоректендіретін ана емдәмді сұстану керек.
-Егер ата-анасының біреуінде қандай да болмасын өнімге аллергия болса, балаға берілуінің тәуекелі жоғары. Сондықтан да ондай тамақты балаға ересек жасында берген пайдалы.

Тұрмыстық химияны дұрыс таңдау

-Баланың киімін жууға арналған ұнтақ тек қана балаға арналған, гиппоаллергенді болуы қажет.
-Жуынуға арналған сабын, сусабын, көпіршік пен крем балаға арналған болуы керек.
-Баланың жанында анасына әтір немесе шашқа арналған лакты қолданбағаны жөн.

ЕГЕР СІЗ БАЛАНЫҢ БЕТІНЕН ДИАТЕЗ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАСАҢЫЗ, оны емдеуге тырыспаңыз. «Диатез» деген ауру жоқ. Бөрту – қандай да болмасын жасырын аурудың белгісі, оны тек қана дәрігер анықтау алады. Деніңіз сау болсын!

Leave a Reply