Тіс күтімі

Балалардың тістері әртүрлі уақытта пайда болады. Әдетте алғашқы тіс 6 айдан бастап 10 айға дейінгі жаста, кейбір балаларда – 3 айында, ал кейбіреулерінде – 12 айдан кейін жарып шығады. Сүт тістер кез келген ретте жарып шығады, алайды ең бірінші болып төменгі орталық екі тіс шығады. Үш жасқа дейін шамамен 20 тіс өседі. 6 жастан бастап 20 жасқа дейін сүт тістер 32 тұрақты тіспен алмасады. Осы кезде тұрақты тістерге күтім қажет.

Стоматологиялық көмек: сәбидің тістері мен қызыл жиектерін тазалау

Сәби күніне екі мезгіл таңертең және ұйықтар алдында тісін тазалауды қажет етеді. Ол үшін екі жасқа дейінгі сәбилерге арналған кішкентай жұмсақ тіс щеткасын қолданыңыз. 18 айға дейінгі бала үшін тіс щеткасын сумен шайқаңыз. 18 айынан бастап құрамында фторы төмен тіс пастасын пайдалануды бастай аласыз. Фтор – сүйектердің, әсіресе тістердің түзілуіне және кариестің дамуының алдын алуға көмектеседі. Егер балалар фтордың артық мөлшерде қабылдау флюороз ауруы – тістердің дақтануының дамуына алып келеді. Бұл тістердің сыртқы бетіне әсер еткенмен, денсаулыққа әсер етпейді.

Бала шамамен екі жасынан бастап тісін өздігінен тазалауды бастай алады. Ең алдымен балаға сізбен бірге тіс щеткасын ұстап, оның әрекетін сезінуге мүмкіндік беріңіз. Кей кездері бала сегіз жасына дейін сіздің көмегіңіз бен қадағалауыңызды қажет етуі мүмкін. Тісті тазалау тіс тасының алдын алудың кепілі болып табылмайды. Сонымен қатар баланың күн тәртібі мен тамақтануының да маңызы зор.

Бала тісін тазалаудың ең жақсы тәсілі

Бала өзін қауіпсіз сезіну үшін оның қасында тұру немесе отыру. Айнаның алдында тұрып тісті тазалау баланың ауыз көруге мүмкіндік береді. Баланың басын өзіңізге сәл шалқайтып, иегін қолмен ұстаңыз. Тіс пен қызыл иектің сыртқы және ішкі жақтарын тазалау үшін щетканы айналдыра отырып тазалаңыз.

Тісті тазалау барысында ауыз қуысында пайда болған тіс пастасын жұтпай тазалағаны үшін баланы мадақтаңыз. Балаңыз тіс пастасын пайдалануды бастағанда, ауыз қуысын сумен шаюды және оны түкіруге үйретіңіз. Егер электрлі тіс щеткасын қолданатын болсаңыз, тіс щеткасының сабының қолда жылжуын болдырмау үшін қолыңызды бұрынғысынша ұстап, щетканы баланың тісі мен қызыл иегі арқылы бағыттаңыз.

Егер тіс тас тазалау күнделікті өмір сүрудің бір бөлігіне айналып, көңілді болса, балалар ата – аналарымен бірге тістерін тазалауға құмар болады. Жағымды атмосфераны құру үшін сіз «таңертең ерте тұрып, бірге тіс тазалаймыз …» сияқты өлең жолдарын айта аласыз, немесе тіс щеткасын поезд түрінде елестетіп, тіс тазалау барысында поездің үнін шығаруыңызға болады.

Тіс щеткалары

Тіс щеткасын дұрыс таңдаудың маңызы зор. 2-5 жастағы балалар үшін арнайы әзірленген тіс щеткаларының басы сәл сопақша, қылтандарының биіктігі әртүрлі және сабы жұмсақ болады. Сонымен қатар, балаға ұнау үшін мультфильмдердің кейіпкерлерімен безендірілген.

Электрлі тіс щеткаларының жаңа түрлері де баланы қызықтыруы мүмкін. Алайда балау қандай тіс щеткасын қаласы соны қолданған дұрыс болады.

Тіс щеткасын таза ұстау

Балаңыздың тісі мен қызыл иегін тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын суымен жуыңыз. Тіс щеткасының кебуіне мүмкіндік беру үшін, оны ашық контейнерде тік қалпында сақтаңыз.

Егер жанұя мүшелерінің тіс щеткалары бір жерде сақталатын болса, онда щеткалар бірі біріне жақын орналаспағанына көз жеткізіңіз. Бұл микробтардың тіс щеткалары арасында таралуының және баланың ауыз қуысына түсуінің алдын алады. Ал кей кездері тіс щеткаларының ауысуының алдын алады. Жанұяның әрбір мүшесінде жеке тіс щеткасы болуы қажет. Тіс щеткасын әрбір 3-4 айда немесе қылтандары тозған уақытта ауыстыру қажет.

Тіс дәрігеріне бару

Балалар екі жасынан бастап тіс дәрігерінің қабылдауына барулары қажет. Бұл балаға тіс дәрігерін тануға мүмкіндік беріп, балының қажеттіліктері туралы әңгімелесуге және стоматологиялық көмекті жоспарлауға мүмкіндік береді.

Leave a Reply