Балалар күте ала ма?

Ата-аналар көбінесе баланың мінез-құлқын тәрбиелеуге, өзін-өзі қорғаудың жетілуіне назар аударады. Ал  шыдамдылықты қалыптастыру бала үшін өте маңызды болып табылады. Күту икемі сондай-ақ эмоционалдық тұрақтылықты, ал ақырында – ерік күшін тәрбиелеу үшін де пайдалы болып есептеледі.

Америка ғалымы У.Мишел балалардың саналы күту қабілетін анықтауға бағытталған тәжірибе өткізді. Осылайша, төрт жасар балаларға бір зефирді жеу, немесе, үлкендердің келгенін күтіп, екі зефирді алып жеу ұсынылды.

Нәтижесінде балалардың көбісі зефирді, тіпті тәжірибенің шарттарын тыңдамастан жеп қойды. Тек үш баланың біреуі шартта белгіленген 15 минутты күтіп тәттінің екінші бөлігін алды.

15 жылдан астам уақыт өткен соң Мишелл тәжірибеге қатысушылардың тағдырын қадағалап шықты. Зефирді бірден жемеген «шыдамды» балалардың өздеріне сенімді болып өскені анықталды. Бұл жас адамдарға жинақылық, байыптылық, ерік күшінің болуы, жетілген логикалық ойлау қасиеттері тән болып шықты. Олар оқуда және өмірде аса табысты болды.

Осылайша, төзімділікті тәрбиелеу, өз тілектерін бірден орындаудан өзін-өзі тоқтата білу баланың одан арғы өмірінде үлкен дамытушы пайда әкеледі. Шыдамдылықты тәрбиелеуге бұл икемді күштеп үйрету көмегін тигізбейді. Баланың жеке ерекшеліктерін ескеру маңызды. Бұған ерте балалық шағынан бастап анасымен және отбасының басқа мүшелерімен тілдесу тәжірибесі көмектеседі.

Егер анасы туылғанынан бастап сәбидің әр айқайына ашумен жауап қайтармай, балаға жанашырлық және төзімділік көрсеткен болса, бәрі жақсы екенін және анасының жанында екенін сабырлықпен көрсетуге тырысқан болса, балада жеке қауіпсіздігіне деген сенімділік нық қалыптасады. Әрбір баланың өзінің сезімталдық және түсінгіштік деңгейі болады. Егер ата-аналар баласының айғайына бірден жүгіріп бармай, оның талаптарын түсінуге және байсалды орындауға тырысатын болса, олар баланың бойында өзінің естілгендігіне деген сенімділіктің негізгі сезімін қалыптастырады. Бала үлкендердің әрқашан жанында бола алмайтынын және оның кез келген қалауын бірден орындай алмайтынын түсіне бастайды. Ерте балалық шақта қалыптастырылған бұл сенімділік оған келешекте төзіміділік танытуға және кез келген мәселенің шешілетіндігін түсінуге көмектеседі.

Ата-аналарға өздерінің еліктеу үлгісі болатынын түсіну маңызды. Егер әкесі жөндеуге келмейтін ойыншықты наразылықпен лақтырып тастайтын болса немесе анасы бір нәрсеге көз жасымен қол жеткізетін болса – бала бұл үлгілерді оңайшылыұпен қабылдап алады. Бірінші кезекте өз-өзіне құрметпен қарауды, өз қадірін сезіне білу, эмоционалдық орнықтылықты тәрбиелеу тек балалар үшін емес, ата-аналары үшін де пайдалы болады. Ортақ тілдесу және ортақ өзара түсіністік жайлылықтың, қауіпсіздіктің және эмоционалдық тұрақтылықтың негізін қалайды.

Leave a Reply