Білім берудің үш түрі

Ғылыми-техникалық үдеріс қалай дамыса, адамның, сондай-ақ бүкіл адамзаттың дамуы солай болады, осылайша, білім берудің әдістері, шарттары және түрлері өзгереді.

Жаңа ұрпақпен білім алудың жаңа әдісі де келеді, себебі, «аталардың әдісі»әсер етпейді, көмектеспейді және қажет оң нәтижелерді бермейді, қоғам сенім артпайды. Әр ата-ана оны тым қатал, қате тәрбиелеген деп есептейді, өз балаларын жақсырақ, және жаңа әдіспен тәрбиелей аламын деген пікірде болады. Білім берудің әр түрін немесе оқыту әдісін бірнеше түрленімде ұсынуға және өзіңіз бен балаңыз үшін қайсысы келетіндігін шешуге болады.

Бірінші әдіс «Майшам». Бұл жерде балаларымыз майшам тәрізді, біз олардың білім мен ғылымға деген алауын жаға алуға тиіспіз. Сонымен бірге өзіміз күйіп, жанып кетпеуіміз керек.

Алайда, егер «майшам– дымқыл» болса, дымқыл материал демекші, оны жағуға қанша тырыссаң да, ол бәрібір де өшіп қалады, немесе дымқыл шам жанып, лаулауы үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру біздің қолымыздан келе ме, шыдамымыз жете ме, тырыса аламыз ба, қабілеттіміз бе? Біз балаға білім алуға деген ниетті сіңіре ете аламыз ба?! Біз де, балаларымыз да білім алудан шаршамау үшін не істеу керек? Сондай-ақ ол әрі қарай немен айналысады? Баланың әрі қарай білім алу ниетін қолдайтын ұшқынды қалай ұстауға болады?

Екінші әдіс «Бос ыдыс–немесе таза парақ» Бізге өз уақытында «біз бос ыдыс» тәріздіміз деп айтатын және ұстаздар күн сайын біздің санамызға білім нәрін қасықтап құятын.

Енді көз алдыңызға суды қайнар бұлақтан бос ыдысқа қасықтап құйып жатқаныңызды елестетіңіз.Елестеттіңіз бе? Осы судың бір тамшысын да төкпей ыдысқа құюға шыдамыңыз жете ме, өйткені егер бала әлде-нені түсінбесе немесе ұмытып қалса, онда ақпарат жүз пайыз алынған жоқ, ыдысқа суға толмаған қасық құйылды деген сөз, ал ыдыс толғанда әлі қанша су құю қажет!?

Егер осыған сіздің өміріңіз кететін болса, қанағаттанасыз ба? Сіздің тырысуыңыз, біркелкі, қызықты емес, қанағаттандырмайтын және қуантпайтын жұмысты орындай алуыңыз қанша жылға созылады. Балаларыңыздың дайындалмауы, тақырыпты түсінбеуі, мысалдарды талдай алмауы қорқыныш ұялатады. Сен барлығын дұрыс жасағандайсың, бірақ оң нәтиженің болмауы үшін қорқыныш пен реніш. Күшіңді, денсаулығыңды, тырысуыңды, уақытыңды кетіресің, жұмсайсың, рухани адамгершілік қасиеттердің қалдықтарын бойыңнан іздейсің.
Бұл тәрбиелеу мен білім берудегі мәңгілік проблема, «Күш жоқ!», шаршап, еңсең түседі, көздердегі оқыту қуанышының ұшқыны жоғалады.
Үшінші әдіс «Асыл заттар».Әр балаға көз тойғысыз әсем асыл тастарға толы қобдишаға қарағандай қарайық. Біз осы қобдишаны қандай қуанышпен және шаттықпен ашамыз, алыс тастарды іріктеген кезде жүрегің мен тынысың су ете қалады, біз бұл құбылуларға, тастардың түрлі түстері мен реңдерінің жарқырауына қандай қуанышпен және масаттанып қараймыз. Енді осы асыл тастарды балалардың дарыны мен қабілеті деп елестетіңіз. Олар әр отбасының асыл заттары бар қобдишасы тәрізді, сізге бірнеше жылдар бойы әр күн сайын осы қобдишаны ашуға, әр асыл тастың жарқырап, адамдарға пайда әкелуін қарауға және ойлауға тура келеді!

Тастардың жарқырауы бүкіл адамзатқа пайдасын тигізуі тиіс! Адам жаны мен жүрегіндегі ең жақсыны іздей отырып, оның оқуға деген махаббатын ашу, осы махаббатты келесі ұрпаққа беруге тырысу керек. Бұл сізге аса ұнамды болып көрінбей ме? Біздердің, ересектердің алдында осындай үлкен және жауапты міндеттің тұрғаны анық!Сонымен бірге, балалардың бойындағы дарын мен қабілетті ашу, олардың адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту, әсемді көру және бағалай білу – өте қызықты және еліктіргіш жұмыс!

Leave a Reply