Зақым алу

Балалар – сәби емес ересек балалар. Олар үлкендерге арналған әлемдегі заттардан өті жиі зақым алады. Баланың зақымдануының алдын алу баланы емес, оны қоршаған ортаны бақылау дегенді білдіреді. Балалардың даму деңгейіне сәйкес зақымданудың алдын алған жөн.

Зақымдану жиі кездесетін жағдай. Құлау, тұншыға, күйік, күйіп қалу, улану, тұншықтыру (асфиксия), ұсақ заттардың таныс алу жолдарына түсуі – ең танымал зақымдардың бірі болып табылады. Осылардың 90%-ына балалар тұрмыстық жағдайда тап болады.

Физикалық ерекшеліктердің қатары балаларды әлсіз етеді:

-Сәби жастағы балалардың терісі өте жұқа болғандықтан, үлкендердің терісіне қарағанда терең, жылдам және төменгі температурада да күйіп қалады
-Дене салмағы аз балалар үшін ағзаға аз мөлшерде түскен улы заттың өзі қауіпті болып табылады
-Арық балалар сәл ашық тұрған саңылауларға кіріп, одан шыға алмай қыстырып қалуы мүмкін. Мұндай жағдай бала сүйегінің сынуына әкелуі мүмкін
-Үлкендерге қарағанда бала кішкентай болғандықтан оларды байқамай қалу (мысалы жүргізушілерге) жиі орын алады
-Балалар өздерін қалай қорғау керектігін білмейді

Оның үстіне қыздарға қарағанда ұл балардың зақым алу көрсеткіші жоғары, бұл айырмашылықты алғашқы жылдары-ақ байқауға болады. Ұлдар арасындағы төрт зақымданудың үшеуі өліммен байланысты. Осыдан ұлдардың тәртібі тәуекелге бой алдырады деген болжам пайда болып, қыздарға қарағанда аз қадағаланып, іс-әрекеттері аз шектелуі ұлдар арасындағы зақымдануды түсіндіреді.

Баспалдақтарды – кішкене қақпақшалармен, терезені тормен, биік жиһазды – жұмсақ төсеніштермен қоршап құлаудың алды алуға болады. Балаларға арналған жүріс арбасы шапшаңдықты дамытып, баланың жылдам қозғалуын жоғарлатады, соның нәтижесінде жүріс арбасында отырған балалар баспалдақтан жылдам құлайды.

Тұншығу қалыпты жағдайда: жуынатын бөлмеде, сәндік үшін қойылған бақшадағы тоғандарда немесе хауыздарда биіктігі 5 см болатын судың ішінде көзді ашып жұмғанша орын алуы мүмкін.

Күйіп қалу мен күйдіру мүгедектік пен зағиптанып қалуға алып келеді. Күйдіру – жуынатын бөлмедегі ыстық судан немесе кранына ағып тұрған ыстық судан, шай немесе кофе тәріздес ыстық сұйықтықтар төгілгеннен орын алады. 15 минут өтсе де кеседегі шай баланың күйіп қалуына себеп болуы мүмкін.

Жиі жағдайда улану баланың ашық тұрған сөмкедегі немесе жуынатын бөлмедегі шкаф ішіндегі дәрілік зат пен кәмпитті шатастырып алуынан немесе химиялық заттар мен тұрмыстық тазалағыш сұйықтықтарды ішкен кезде орын алады. Қанда да болмасын химиялық зат не тазалағыш құрал лимонадтың немесе басқа да тамаққа арналған контейнерде сақталса үлкен қауіп төндіреді.

Тұншықтыру (асфиксия) пластикалық қапшықпен немесе бала ұйықтап жатқанда жұмсақ жастықта немесе көрпешеге оралап қалуынан туындайды.

Назар аударыңыз:

-Тамақ дайындаған кезде пештің артқы бөліктерін қолданыңыз
-Кастрөлдің қақпақтарына балалардың қолы жетпес үшін ортасына қарай қойыңыз
-Үстелдің бетінен тартып әкетуге болатын дастархандарды ас үйде қолданбаңыз
-Баланы көтерген кезде, екінші қолыңызға ыстық тамақты немесе сұйықтықты алмаңыз
-Дәрі-дәрмектер мен тазалағыш заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде ұстаңыз

ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ – СӘБИ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!!!

Leave a Reply