Ертегі – өмір сабағы!

Ертегі халық даналығының қайнар көзі. Ол мейірімділікке, батылдыққа, адалдыққа үйретіп, зұлымдықты, жамандықты және әділетсіздікті жеңеді. Ертегі жапа шеккен кейіпкерлерге деген жанашырлық сезімін оятып, азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Ертегі тәрбиенің маңызды құралы десек, артық айтқандық болмас. Оның арқасында балалар лайықты мінез-құлықты үйренеді, эмоциялық тұрғыдан молынан толастайды, қиялы, шығармашылық ойлау қабілеті, сөйлеу өнері дами түседі. Балалар логикалық ойлау меңгереді.

Көбінеки біз қасымызда болып жатқан таңқаларлық оқиғалардың, бізге керекті қызық, әрі маңызды дүниелер болып жатқанын байқамаймыз. Күнделікті біз жер сыйларының, табиғат құбылыстарының, түрлі оқиғалардың сарқылмас дүниесімен кездесіп жатамыз. Алайда ол жанымен көріп, түсіне алатын адамдар үшін ғана барынша ашылады. Жанымен сезе алатын адамдар сүйіспеншілікке жақын болып, тек ең жақсыны ғана көреді үнемі. Біреу жазған ертегіні оқуға болады немесе өмірден алынған тәрбиелік мәні бар түрлі, күлкілі, қызықты оқиғалардың негізінде өзіміз ертегі жаза аламыз.

Ертегі айтып отырғанда сөйлеу мәнеріңізге баса назар аударған жөн. Себебі мәнерлі айтылған ертегі ерекше қызықты болады. Ал балалар жағымды кейіпкерлерді анықтайды, шынайы және айбынды іс-әрекетті ажыратады, жамандық пен жақсылықтың айырмашылығын түсінеді. Ертегі арқылы берілген білім баланың санасы мен жүрегіне тез жол табады және оған өмірдегі рухани гармонияны табуға көмектеседі. Ертегілерде мейірімді және қызықты сюжеттер арқылы мейірімділік, мақтауға тұрарлық іс-әрекет, айбындық, батырлық, отбасыға, Отанға деген сүйіспеншілік, еңбекке, жұмысқа, достыққа деген көзқарас туралы айтылады. Ертегі арқылы жан жарасын жеңіп, түрлі сипаттағы қиындықтарды жеңу үшін рухани күш алуға болады. Стресс пен проблемалар ұмытылып, ағзамыз кез-келген жүктемелерге төтеп бере алады. Егер ертегі дұрыс таңдалып, түсініктемелер арқылы талданса әрине. Бала өз күшімен, көмексіз ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, тақырыптық мазмұндамалар жасайды. Ертегілердің алуан түрі бар.

Айталық, ғылыми-танымал, замануи, танымдық, көркем, экология жайлы, рухани-адамгершілік, сиқырлы, табиғат құбылыстары, жеміс-жидек пен көкөністер, ағаштар мен құстар, гүлдер, әріптер мен сандар, күнделікті өмірдегі заттар, түрлі жануарлар, құстар, өсімдіктер, музыка, жыл маусымдары, ғалымдардың, дәрігерлердің, өнертапқыштардың, түрлі кәсіп иелерінің өмірдегі және шығармашылық ізденістегі рухани жеңістері туралы және тағы басқалар.

Дұрыс сұрақтар қою, ертегілер сюжеттерінің және кейіпкерлердің іс-әрекетін, табиғат құбылыстарын талқылау арқылы балалар сүйікті ертегілердің кейіпкерлеріне ұқсағысы келеді, олардың іс-әрекеттерін қайталауға құлшынады, оларға ұқсағысы келеді. Әрбір жағдайды басынан өткізу арқылы қайсы бір кейіпкердің қалай іс-әрекет етендігін ойластырады. Ертегі – балалар саналы, адамгершілік және эстетикалық тәрбиесінің құралы.

Құрметті ата-аналар! Ерінбеңіздер, балаларыңызға ертегі оқып, түрлі тәрбиелі оқиғаларды айтып отырыңыздар. Балаңызға көбірек көңіл бөліңіз. Ертегі оқи отырып, бала үшін жаңа әлем ашасыздар. Кейіпкерлерге ұқсағысы келген балалар көз алдыңызда есейе түседі. Жақсы аяқталатын жағымды ертегілерге ден қойыңыз.

Leave a Reply