Ойын күші

Ойын бала өмірге келгеннен бастап, оның дамуында аса маңызды рөл атқарады. Халықаралық зерттеулер ойнайтын балалардың, ересектер ойнататын балалардың физиологиялық және психологиялық тұрғыда жақсы дамығандығын, және мектепте жақсы оқитындығын көрсетіп отыр.

Ойын балаға рахат сезім сыйлайды, пайдалы дағдыларды алуға және оларды бойына сіңіруге көмектеседі, қиындықтарды шешуге және шешім табуға үйретеді, ой-қиялын дамытады.

Ата-аналар үшін баламен бірге ойнау, оны ойнату қажеттігін ұғынудың маңызы зор. Бұл баланың бірегейлігі мен өзіндік ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді, әр ата-ана балаға өз махаббатын сыйлайды, оған түсіністікпен қарайды, ата-ана мен баланың ортасында позитивті қарым-қатынас орнайды. Біріккен ойындар алдағы уақыттардағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді: Сізді серіктес ретінде қабылдай отырып, бала болашақта сізбен өзінің проблемаларын және өзін алаңдатып жүрген мәселелерді бөлісуге дайын болады. сондай-ақ, ойын ата-аналардың бойындағы стресстік жағдайларды сейілтуге жағдай жасайды және балалармен қарым-қатынас жасай отырып, қуаныш сезімдеріне бөленуге мүмкіндік береді.

Ойынды дамыта отырып оқыту мақсатында пайдаланыңыз:

Балаларды бақылауға алыңыз

Егер бала қимыл-қозғалысты ұнататын болса, онда музыка қосуға және баламен бірге билеуге, баспалдақ бойымен жүгіруге, жоғарыға шығуға немесе жұмсақ доппен ойнауға болады. Екі жастан бастап бес жасқа дейінгі аралықтағы сәбилерге жүргізілген зерттеу жұмыстары балалардың тамаша қозғалыс ырғағымен дүниеге келетіндігін және олардың билеуге икемді екендігін көрсеткен. Балалар көп билесе, олардың күлкілері де көбейе түспек.

Баланың ойынын өзіңіз ұйымдастыруға жол бермеуге тырысыңыз

Дамыта оқыту туралы ұмытпаңыз. Балалар қиындықтарға көбірек кездеседі. Сіз олардың дағдыны игеру деңгейлерін көтере аласыз. Мысалы, егер бала кубикті қорапқа салып жатқан болса, Сіз: «Көрдің бе, сен қызыл кубикті (немесе үлкен) қорапқа салып жатырсың» деп оның әрекетін қайталап айтып бере аласыз және т.б. Немесе, «Қарашы, мен мына бөлшекті бекітіп жатырмын» деп мысал да келтіруге болады. Мұндай әрекеттер арқылы Сіз баланы табысқа жетуге жетелейсіз, өздігінен ол бұл мақсаттарға қол жеткізе алмаған болар еді. Бірақ, баланың орнына немесе бала үшін ештеңе істемеңіз.

Қайталаудан қорықпаңыз

Сәбилер бір әрекетті қайта-қайта қайталағанды ұнатады. Олар осылайша өздерінің дағдыларын жетілдіреді, бұл оларға қиындықтарды жеңіп шығу үшін қажет. Баланың ойыншықтарын апта сайын «жаңартып тұрыңыз»: баланың көз алдынан қандай да бір ойыншықты жасыра тұрыңыз, одан кейін оны қайта әкеліп қойыңыз – бала өзінің бұрынғы ойыншығын да жаңа ойыншық ретінде қабылдай береді.

Ойынға жан бітіріңіз

Даму психологиясында мынадай кең тараған тәжірибе бар: анаға баласы ұната қоймайтын ойыншықты таңдап алу және екі апта көлемінде күн сайын баламен бірге осы ойыншықпен ойнау ұсынылады. Нәтижесінде, ойыншық баланың ең сүйікті ойыншығына айналады, себебі, бұл ойыншықпен оның анасы ойнаған. Бала ойнау үшін, анасы бірге ойнауы, ойынға «жан бітіруі» қажет. Неге балалар кастрюльдермен немесе мобильді телефондармен ойнағанды жақсы көреді? Себебі, олар – анасының сүйікті «ойыншықтары».

Leave a Reply