Баламен байланыс

Сәбилер – ешкімге ұқсамайтын оқушылар. Олардың сізбен сөйлескісі келеді, алайда тиісті сөздерді таба өз ойын жеткізе алмайды. Олар тәуелсіздікке құштар – бірақ сізден алыс бола алмайды. Бөбек жасын түсіну өз балаңызбен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.

Сәбилер: нені білу қажет?

«Сәби» деген сөзді естігенде 1 ден 3,5 жасқа дейінгі бала көз алдымызға елестейді. Бұл сәбилер жүре бастаған кезеңді ғана емес, сонымен қатар олардың ойлау қабілетінің қарқынының дамуымен есте қалады. Үш жасында сәбидің миы ересек адамның миының 90% құрап, әлеуметтік дамуға ие болады.

Сәбилер:

-тәуелсіздікке құштар, бірақ сізден алыс болудан қорқады
-үлкен сезім иелері, бірақ қажетті сөздерді таба алмайды
-қоршаған орта бір нәрсені өзгерте алатындығын сезінеді

Егер сіз өзіңіздің сәбиіңізге осы заттарды жеңіп шығуға көмекте алсаңыз, сіз оның жолындағы жақсы серік және ол үшін беделді тұлға боласыз.

Ажырауды жеңуге көмектесіңіз

Ажырау қорқынышы баланың дамуындағы қалыпты кезеңі. Бірақ, Сіз бен балаңыздың біраз уақыт бөлінуге тура келетін жағдайлар туындауы (мысалы, бала күтуші қарағанда немесе бала бақшаға барғанда) мүмкін. Ажырау қорқынышын жеңуге көмектесетін ақыл-кеңестер.

Ажырауға дайындау

Сіздерге бөліну қажет болған жағдайда баламен уақыт туралы сөйлесуіңізге болады. Сіздің алыс болатындығыңызды, өзінің қайда болатындығын, сіздің қашан келетініңізді білетін болса сәби өзін қорғанған болып сезінеді.

Егер сәбиіңіз үйдегі бала күтушісінің қарамағында болса, бала күтушісінің үйіңізде қалыптасқан тәртіп туралы білуіне көмектесіңіз. Үйдегі қалыптасқан тәртіпті сақтау сіз болмаған жағдайда балаға өзін қауіпсіз сезінуге көмектеседі.

Үймен байланыс сезімі

Балаңыз бала қараушыда немесе туыстарыңызда болған кезде оған үйдегі жақсы көретін заттарын алуға мүмкіндік беріңіз, мысалы көрпесін немесе ойыншығын. Олар оған өзін үйде жүргендей сезінуге мүмкіндік береді.
Сәби өзімен бірге алып жүре алатын жанұяның, үй жануарларының және үйдің суреттері салынған альбом жасап беру жақсы ақыл болып табылады.

Сіздің бар екеніңізді әрқашан сезіну

Сәбиге заттар мен адамдарды көзбен көрмесе де олардың бар екенін сезінуді түсіндіру қажет – бұл объективті тәуелсіздік деп аталады. Балаға сіздің бұрыңғыдай қасында екендігіңізді түсіндіру үшін жоқ болып кетіп қайтадан пайда болатын жануарларды немесе ойыншықтарды қолдана отырып сәбимен ойын ойнауыңызға болады. Сондай-ақ сіз болмағанда бала күтушісінің немесе тәрбиешінің сіз туралы әңгіме айтуы балаға жақсы көмектесіп, сіз кетіп бара жатқанда балаға сіздің қайтып келетініңізді түсінуге көмектеседі.

Үлгі беріңіз

Сіздің балаңыз сіздің іс-қимылдарыңызды қайталап көшіреді. Егер сіз баладан ажырау кезінде алаңдаушылық сезіміңізді білдіргіңіз келмесе мына сәттерді естен шығармаңыз:

-Ажырауға байланысты қандай да болмасын сезімді жасырын ұстаңыз
-Баланы тез қалдырып, «Сау бол!» деп айтқаннан кейін жылдам кетіп қалыңыз
-«Қорықпа» немесе «мықты бол» деген сөздерді ұмытыңыз
-Келгенде сыйлық әкелемін деп айтпаңыз

Ойлауын, мәселені шешуін және өзге де өмірлік дағдыларын құптаңыз

Құмарлығы мен танымдылығын дамыту үшін ойындарды қолданыңыз.
-Баламен ойнаңыз, бала айтқан ойынмен келісіңіз, балаға шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Егер бала сізге таңдау ұсынса рольдермен ауысып, кезектесіп таңдаңыз.
-Балаларға өздерінің ойын айтуға көмектесетін «әдейі» ойынын құптаңыз.
-Ойындарды күнделікті өмірге енгізіңіз – мысалы, жуынатын бөлмеде баланы жуындырып жатқанда ойнаңыз немесе ойыншықтарды жинаған кезде ән айтыңыз.

Миды шынықтырыңыз

-Балаға өзі жақсы көретін әрекеттерді орындауға мүмкіндік беріңіз. Бұл баланың дағдысын қалыптастырып, ми жолдарын шынықтыруға көмектеседі. Мысалы, асханалық құралдарды үстелдің үстіне қою және қайтадан орнына салу, бұл баланың қозғалыс моторикасын және мәселені шешудегі дағдыларын дамытуға көмектеседі.
-Кітапты қайталап оқу сізге қызықсыз болса, балаға өте қызықты. Таныс кейіпкерлер оның жанұясына айналады. Баланың ойлау қабілетін «Ал енді не болады?» деп сұрақ қою арқылы дамыта аласыз.
-Екі жасқа дейінгі баланы теледидар алдында отыруға үйретпеңіз. Ал екі жастан асқан балалардың күніне бір сағаттан артық теледидар алдына отырмауын қадағалаңыз. Сәбилер отырғанға қарағанда дене қозғалысының ойындары мен практикалық тәжірибе арқылы жақсы дамиды.

Сәбидің Сізбен қарым қатынасы уақыт өте келе оның өзгелермен қарым-қатынасқа түсуіне ауысады. Бұл өте маңызды. Себебі ата-анамен қарым-қатынас кезінде сәбилер өздерінің алғашқы дағдыларын игереді.

Leave a Reply