Шығармашылықтың балалар тәрбиесінде алар орны

Қазақ халқында: «Сегіз қырлы-бір сырлы» деген сөз бар, расымен де ерте жасынан дамыған дарын мен қабілеттіліктер жетістікке және қадірлеуге жеткізеді. Көптеген ата-аналар мұны түсінеді, сондықтан балаларына бар білгенін үйреткісі келеді. Қалталары көтеретін ата-аналар балаларын дамыту орталықтарына апаруға тырысады. Ал кейбір ата-аналар үйде, отбасының жанында оқытып, үйретуге тырысады. Мысалы,аналары балаларымен бірге мәнті жасайды, әкелері сурет салуға, әжелері түрлі қолөнерге, аталары шахмат және дойбы ойнауға үйретеді. Сіз –бұл отбасының қалалық түрі деп есептейсіз бе?! Ауылдық өңірлерде тұратын отбасылар да кем түспейді. Бүгінгі күні ауылдарда кітапханалар, клубтар мен ғаламтор, түрлі спорт секциялары, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді дамытуға арналған орталықтар бар. Балалардышығармашылық арқылы тәрбиелеуді түсіну толығымен ересектерде жатыр! Аналар мен әкелер, әжелер мен аталар, апайлар мен ағалар, үлкен ағалар мен әпкелер өсіп келе жатқан ұрпақ үшін моральдық жауапкершілік алады. Біз болашаққа не бере аламыз? Қандай тарих?

Шығармашалық арқылы ұлт тарихы, халық, отбасы және жеке адамның мәдениеті беріледі. Кез келген қолөнер, өнер адамның шығармашылық әлеуетінің көрінісі болып табылады. Оның тіршілік етуінің, тұлғаны және кішкентай шебердің мінез-құлқын ашудың ажырамас бөлігі болып табылады. Құрметті ересектер, егер сіздің балаңыз әлде-кімнің құқықтарын, қоғамдық тыныштықты бұзбаса, оған шығармашылықпен айналысуға кедергі жасамаңыз. Керісінше шығармашылықпен айналысуын мақтап-мадақтап отырыңыз, себебі ол қиялды дамытады, шыдамдылыққа үйретеді, мақсатқа талпынушылық пен жігерді дамытуға септігін тигізеді, өмірге деген қызығушылықты арттырады, оң эмоциялардың үлкен зарядын береді және зейінді дамытады. Шығармашылық арқылы көптеген дерттер, ауруларшипасын табады, достық нығаяды, қарым-қатынас артады, тіл, сөйлеу және ойлау дамиды.

Баланы бұл істе қолдау, психологиялық, қаржылық және өзге көмекті көрсету қажет. Баланың немесе жасөспірімнің, немесе жастардың шығармашылықтың кез келген түріне деген аз да болса қызығушылығын байқаған ата-аналар оны барынша ынталандыруға міндетті. Атап айтқанда аһылау, үһілеу, кедергі жасамау және мүмкіндігінше кеңес беруі тиіс. Тыйым салмаңыз және бұл сізге қажет емес, сәнсіз, маңызсыз, қызықсыз, беделсіз, бұған уақыт кетірудің қажеті жоқ, лайықсыз деп айтпаңыз және бұл сізге келмейді деп ешбір жағдайда айтпаңыз! Мысалы: қыздарға – бұл ерлерге арналған жұмыс, немесе бұл ер балалар істейтін жұмыс емес деп айтпаңыз. Балаңыз қаншалықты көп білсе, өмірде оған соншалықты жеңіл болады. Әр шығармашылық бұл қызық және жауабы бар жұмбақ. Жұмбақтың жауабын тапқанда немесе әлде-нені жасағанда адамның ішкі әлеуеті бірден жоғарылайды, ол осы жасағанын мақтан тұтады, ол өзіне, күшіне, өз мүмкіндіктеріне сенеді және кез келген істі аяғына дейін дұрыс жеткізіп, алып кете алады! Осындай балалар біздің мемлекетімізге қажет және маңызды деп ойлаймын. Себебі олар біздің әсем, жарқын болашағымыз.

Leave a Reply