Бір жасқа дейінгі балалармен ойналатын тілдік ойындар

Баланың үйлесімді дамуы үшін баламен үнемі сөйлесу, ал ең дұрысы ойнау қажет. Тілдік ойындарбалаға сөздің айтылуына құлағын үйретуге, дыбыстарды естуге, дыбыс тембрін және интонацияны есте сақтауға көмектеседі және оның эмоционалды жай-күйін көтереді. Бала үшін ең тиімді және сонымен қатар жағымды нәрсе сіздің тікелей, эмоционалдық көңіл білдіруіңіз. Әрбір жағымды сөз немес айтылған әуен баланың жан-дүниесінің тынышталуына, эмоционалды және тілдік дамуына ықпал етеді. Балаға ұйықтар алдында бесік жырын айтыңыз, әндете отырып, тақпақтар айтыңыз.

Тілдік ойындар үшін ең дұрысы ауыз әдебиетінің сөйлесу түріндегі үлгілерін пайдаланған жөн – бізге әжелерімізден келіп жеткен кішкентай өлеңдер, санамақтар және тақпақтар. Тақпақтарды жағымды дауыспен, күлімсірей отырып, мәнерлеп, қимыл-қозғалыс, ым-ишараны қолдана отырып оқып берген дұрыс.

Тілдік ойындардың мысалдары.

«Алақан»

Сөздермен бірге алақанымызды соғамыз. Егер бала өздігінен қолын соға алмаса, оның қолын алыңыз және бірге соғыңыз.

Алақан, алақан,
Қане, қайсы балақан.
Не жедік? – Қаймақ.
ЧНе іштік? – Айран.
Жедік, іштік,
Үйге қарай ұштық (қолымызды қанат қылып жаямыз).
Басымызға қойдық,
Өлеңді айтып болдық (қолымызды басымызға қоямыз).

«Әй, сауысқан, сауысқан»

Баланың алақанын іш жағынан сипаймыз, одан кейін баланың бір қолындағы және екінші қолындағы әрбір саусағын кезек-кезек бүгеміз.

Сауысқан, сауысқан,
Қайдан келдің? Алыстан!
Суды тасыдым.
Ағаштарды жардым.
Пешке отты жақтым.
Тамақты да пісірдім.
Балаларға тамақ бердім.
Мынаған бердім, мынаған бердім, ал мынаған (шынашақ )– бермедім.
Ол су тасыған жоқ, ағашты да жарған жоқ, пешке от жаққан жоқ, тамақ та пісірген жоқ.
Кеттік, кеттік ұшайық, қайыңға барып отырайық.

«Менің отбасым»

Баланың алақанын аламыз және әрбір саусағын білек жақтан бастап ұшына дейін сипаймыз, санауды бас бармақтан бастаймыз.

Бас бармақ – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен.
Міне, менің отбасым! (алақан соғамыз)

«Масалар»

Бұл ойын дене мүшелерімен танысуға көмектеседі. Бас бармақты және сұқ саусақты біріктіреміз, және өзіміз айтып отырған дене мүшесін ақырын шымшимыз.
Аса-аса,
Маса-маса.
Ұшты-ұшты…( саусақтарымызды баланың айналасына «ұшырамыз»)
Аяққа келіп қонды! ( бетке, қолға, ішіне және т.б.)

«Өрмекші»

Бұл ойын да дене мүшелерімен танысуға мүмкіндік береді. Сөз арасына баланың атып қойыңыз және оны қуантыңыз.

Өрмекші, өрмекші,
Балапанды бүйірінен ұстап ал.
Көлбақа, көлбақа,
Балапанды құлағынан ұстап ал.
Маралдар, маралдар,
Тізесінен ұстап ал.
Күшік, күшік,
Мұрнынан ұстап ал.
Сусиыр, сусиыр,
Қарнынан ұстап ал.
Соналар, соналар,
Шашынан ұстап.
Шегіртке, шегіртке,
Иығынан ұстап ал!

Сөйлеу және ойлауды дамыту алғашқы балалар кітаптарын оқудан да басталады. Өз қалауыңыз бойынша қысқа халық ертегілеріне тоқтауыңызға болады («Алтын сақа», «Қаңбақ шал» және т.б.) немесе ақындардың тез жатталатын өлеңдерін де қолдана аласыз. Арнайы балалар кітапшаларын да алуға болады, олардың парақтары әр түрлі дыбыстар шығарады, дауыс береді, басқа да дыбыстық әсерлерге ие. Мұндай кітаптарды оқу баланың алғашқы жылдағы таным үрдісін жетілдіреді, қозғалыс координациясын және ұсақ моторикасын жетілдіруге ықпал етеді.

Leave a Reply