Тәртіп – тәрбиедегі көмекші!

Барлық балаларда, әсіресе, мектеп жасына дейін тәріпке бағынуда проблемалар бар. Егер күн тәртібін сақтаса, бала сабырлы келеді. Ол жаңа дағдыларды қуана қалыптастырады, ерекше ынтамен жаңа дүниелерді үйренеді. Бала сәт сайын көрген-білгенін ойлап, талдайды. Оның көрнекі және есту жады дамиды. Жады – адамның түрлі тәжірибесін сақтайтын орын деуге болады. Күнделікті бала осы тәжірибені жинақтайды. Туыстарымен қарым-қатынас, өмірдегі жағдайлар, ұтылған ойындар, дәм сезу, азық-түлік талғамы және тағысын тағы. Ұйықтау және ояну тәртібі сақталған кезде осы тәжірибенің барлығы адамның миында сақталады, жинақталады және өңделіп, талданады. Белсенділік бар уақытта жаңалықтар толастамай келіп жатады. Мәселен, жасы кіші туысқандармен, құрдастармен, ересектермен, жас кіші немесе жасы үлкен балалармен қарым-қатынастар. Есеюдің әр айында бала азырақ ұйықтап, көберек ояу жүреді. Ұйқысы қанған баланың көңіл күйі де жақсы болары анық. 8 ай – 1,5 жас аралығында бала күніне екі рет ұйықтауы тиіс. 1,5-7 жас аралығында күніне 1 рет. Тыныштық уақыты – 13.00-16.00 аралығында. 21.30-дан кеш ұйықтамағаны абзал. Мейлі ол демалыс немесе мерекелік күн болсын. Тәртіптің аты тәртіп! Бұл уақытта адамның миы тынығып, күні бойы жинақталған ақпарат өңделеді, бақыт, қуаныш және ұзақ ғұмыр гормондары түзіледі. Баланың ояу жүрген уақытын анасы жас ерекшеліктеріне байланысты жоспарлауы керек. Жаңа дағдыларды игеру, кітап оқу, ойнау, жылдың қай мезгілінде болмасын және қандай ауа райы болмасы серуендеу өте маңызды. Егер бала өздігінен ойнай бастаса, басты рөлді өзіңізге алып, ойынды бөлудің қажеті жоқ. Тек оған қарап отырсаңыз болғаны.

Күн тәрібі жалпы тәртіпке әкеледі. Болашақта бала өз уақытын өзі ұйымдастыра алады және өзінше өмір сүруге мүмкіндік алады. Тәртіпке бағынбайтын адамдар ашуға бой алдырып, басқа адамдарды ренжітуі мүмкін. Ондай адамдар қиын жағдайға тап болып, істері алға баспай, не істерің білмей жатады. Ал тәртіпті білетін адам күн тәртібін қадағалайды, қашан, не болатынын есте сақтап, өзі жауап бере алады. Сондықтан оны қадағалап, бақылаудың қажеті жоқ. Ол өзіне өзі бақылау жасайды. Ол не істеу керектігін біледі және біреудің айтқанын күтпейді. Мұндай адамдардың өмірі жеңілдеу болады. Себебі ол істерін соңғы мезетке дейін шегермейді. Бәрін уақытында орындайды. Тәртіп мінездің жағымсыз жақтарынан арылуға көмектеседі. Тәртіпті сақтайтын адам ренжіп немесе ашуланып тұрса да, үнемі ойланып сөйлеп, сабырлық танытады. Ол ережелерге саналы түрде бығынып, беталды шаруаларға көңіл аудармайды. Сөйтіп, күн тәртібі мінез тәртібіне алып келеді. Бұл өз кезегінде өмірді қалыптастырып, өзіне және қоршаған адамдарға көп пайда әкеледі.

Leave a Reply