Рұқсат ету керек пе әлде тиым салы керек пе

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ РҰҚСАТ БЕРУ

-Өздігінен тамақ ішуге. Сонда сіз бала-бақшада немесе қонақта бала үшін алаң болмайсыз.
-Аулада турниктерге немесе спорт кешендеріне өрмелеп шығуға. Қалай түсу/көтерілу керектігін көрсетіп, бала құлап қалмас үшін төменгі жақтан ұстап тұрыңыз.
-Сумен ойнауға. Су процедуралары ең жақсы әсер қалдырады! Суды жинап оны түрлі сыйымдылықтарға құюға үйретіңіз – осы кездегі баланың қуанышында шек болмайды!
-Шалшық суды басуға. Шалшық — бақыттың бірден бір көзі. Балаға 100% айызын қандырып қуануға мүмкіндік беріңіз. Оң әсер – психикалық денсаулық кепілі.
-Сынатын заттарды ұстауға. Заттың сізге өте қымбат екендігін, оған ұқыптылықпен қарау қажет екендігін түсіндіріңіз. Егер зат сынып қалса – айғайлап, баланың зәресін алмаңыз. Сіз сынықтарды сыпырғанда ол қалақшаны ұстап тұрсын.
-Өз ойын айтуға. Баланың ойымен келісуге дайын болыңыз.
-Ыдыс-аяқтармен ойнап, тарыны төгуге. Баланың моторикасын дамытудың ең жақсы тәсілі. Бар болғаны қажетті заттарды дұрыс таңдап алу қажет!
-Жарық жанып тұрғанда ұйықтауға. Анасынан бөліну әрқашан қорқынышпен бірге жүреді. Баланың ұйқысы тыныш болсын десеңіз шамда жағып қойыңыз.
-Тамақты қалдыруға. Баланы қинамаңыз. Оның орнына жүрек жалғап алуына тиым салып, тамақтану тәртібін сақтаңыз.
-Қиялға берілуге. «Суретті бейнені» (қиялды) нақты және қасақана өтіріктен ажыратуға үйретіңіз. Қиял мен өтірік арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Қиял – жағымды, өтірік – жағымсыз.

ДҰРЫС ТИЫМ САЛУ

-Баланы кінәлап, ұялтпаңыз. Тиым салу – бұл тоқтату, керісінше баланы ұялту емес.
-Тиым салудың себебін әрқашан түсіндіріңіз. Балаға дәріс оқымаңыз, бірнеше сөзбен неліктен болмайтындығын түсіндіріңіз.
-Тиым салы абсолютті болуы қажет.Ең алдымен мынаны есте ұстаңыз: «ЖОҚ» деп айтқаннан кейін артқа қарай қадам болмайтындығын түсініңіз. Ең алдымен өз еркіңізді тәрбиелеңіз.
-Бала үшін табиғи заттарға тиым салмаңыз. Бөлменің ішінде жүгіру, айқалау, қуану бала үшін ауа сияқты өте қажет.
-«Жоқ» дегеннен көрі қауіпсіздік туралы ойлаңыз. Үйдегі барлық қауіпті жерлерді жауып баланы қорғаңыз. Ал қауіпсіз жерлерде қауіпсіз (швед сәкісіне міну, үшкір бұрыштарды айланып өту және т.б.) іс-әрекеттерге үйретіңіз.
-Тиым салу «жалпы» болуы қажет. Егер анасы балаға тиым салса, әкесінің не үйдегі басқа да адамдардың балаға рұқсат беруінің алдын алу қажет. Өз талаптарыңызды үйдегі адамдармен келісіңіз.
-Кітаптар мен мультфильмдер ақылға қарағанда жақсы әсер етеді. Ең жақсысы бір рет көзбен көру…
-Жағымсыз іс-қимылдарды көрсетпеңіз. Бала – жасырын камера, ол сізді кез келген оқыс жағдайда көріп қалуы мүмкін.
-Балаға таңдауды ұсыныңыз. Жуынғысы келмесе, ойыншықтарын жууға әкелсін.

Leave a Reply