1-2 жастағы баланың сөйлеу тілін дамыту

1-2 жастағы балалар тілінің дамуы қиялды қайран қалдырады. Балаңыз Сіз айтып тұрған заттарды түсіне бастайды. Ал жыл соңына қарай оның Сізге айтқан кейбір сөздерін түсіне бастайсыз.

Сөздік

1-2 жыл ішінде балаңыз өзінің сөздік қорын кеңейте түсінеді. Алдымен ол негізінен зат есімдерді түсінеді – мысалы «ит», «автобус», «диван». Соңында, бірнеше етістіктерді – мысалы «жеу», «қашу», одан әрі сын есімдерді түсінетін болады – мысалы «үлкен», «көк».

Түсіну және тілді дамыту

Шамамен 12 айында сіздің балаңыз жақын жатқан заттарды – мысалға, жалпы заттарды («кесе», «қуыршақ»), дене мүшелерін («іш», «бас») және киім атауларын («ұйық», «бөрік») түсінеді. Алайда ол осы сөздерді түрлі заттарды белгілеу үшін қолданады – мысалға барлық жануарларды «ит» деп атауы.

Шамамен 15 айында бала алыс жатқан заттарды көрсетіп, оны атауды сұрайды. 18 айында бала өзінің есімін айтып, бірнеше айдан кейін өзіне қарату үшін «мен» дегенді ұғып қолдана бастайды. Осы кезден бастап ол өзін есімі бар жеке тұлға ретінде сезіне бастайды.

Жыл ішінде тұрақты түрде қолданылатын кейбір сөздерді («бетіңнен сүйейінші»), қарапайым бағытты («жүр қыдырамыз») және өте қарапайым түсіндірулерді ұғып, өзінің дене мүшесін айыра алатын жағдайға жетіп, оған сұрақ қойғанда («Жүк көлігі қайда?») объектілерді көрсете алатын болады.

Сөздер мен сөйлемдері қолдану

Шамамен 12 айында сөйлесу үшін бала сөздерді қолданып, бұрынғы «былдырлап сөйлеген сөздерін» нақты сөздермен алмастырады. Бала бір сөзді бірнеше рет қайталап айтқаннан қуанышқа бөленеді.

Ол екі («мен барамын», «жарық жанып тұр») сөзден бастап, бірнеше сипаттаушы сөздерді ғана қолданады – мысалы «үлкен», «кішкентай». Оның сөздік қоры негізінен зат есімдерден және бірнеше етістіктерден («ит жейді», «бару») тұруы мүмкін.

Дыбыстау

Балаңыз сөз айту үшін дыбыстардың тізбегін қолданатын болады. Мысалға, ол сөздің аяғын мүлдем айтпай «мысық» сөзін «мыс» деп айтуы мүмкін.

Сұхбат пен байланыс

Баламен әңгімелесе білуге үйрену қажет. Бала «Бұл не?» сұраған жиі қойып, жиі сұрайтын болады. Ол қарапайым сұрақтарға жауап беріп, сіздің дыбыс ырғағыңыздан сұрағанды немесе айтқанды түсініп, «иә» мен «жоқ» сөздерін ажырата алады. Бала айналасындағы адамдардың іс-қимылдарын келтіре отырып, өзі қуанышқа бөленеді және адамдардың назарын өзіне аударуға үйренеді. Ол «мақтана» бастайды.

Балалар жылдам дамып, жылдам өседі. Егер сіз балаңыздың тілдік қабілетінің дамуына алаңдаушылық білдірсеңіз, дәрігермен немесе медико-педагогикалық комиссияның мамандарымен сөйлесіп көріңіз.

ЕКІ ЖАСТАН БАСТАП ҮШ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

Үш жастан бастап екі жасқа дейінгі балалардың дамуында қандай айырмашылық бар? Бұл жастағы балалардың сөздік қоры екі есеге ұлғаяды. Ол бір мезетте ұзын сөйлемдермен сөйлеп, ойнай алады. Оның жанындағы адамдар баланың аузынан шыққан сөздердің сөзінің басым бөлігін түсінетін болады.

2-3 жастағы баланың сөздік қор мен тілінің дамуы

Бұл жасында баланың сөздік қоры жылдам дамып – ол күніне бірнеше жаңа сөздерді меңгеретін болады. Баламен сөйлескенде көптеген атауларды – мысалы «банан», «тәтті», «жүр» деген сөздерді қолданыңыз. Бала «мен», «менікі» деген сөздерді айтып, үш жасына қарай ол «менікі» мен «сенікінің» айырмашылығын түсінетін болады.

Тілді түсіну және дамыту

Тілді дамыту айтылған сөздерді баланың түсінуді қамтиды. Ол өзіне таныс екі-үш күрделі сөздермен айтылған (ойыншықтарды жинап, қорапқа сал; келші, алма беремін) нұсқауларды түсінеді. Бала өзіне таныс емес заттар мен іс-әрекеттерге қатысты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Сәби «кім?» «не?» және «қайда?» сияқты үлкендердің сұрағына жауап береді, бірақ «неге?», «қалай?» деген сұрақтарға қалай жауап беру керектігін түсінбейді. Егер бала қиындыққа тап болса, сізден қалай көмек сұрау қажеттігін білуі өте маңызды.

Әңгімелесу дағдысын дамыту

Бала сізбен саналы түрде әңгімен құру үшін «Дүкенге бардық. Біз дүкеннен не алдық?» деп баламен сөйлесіңіз. Үш жасына қарай ол өзінің қиялын қосып әңгіме айтатын болады.

Сәбиге тілді меңгеруге көмектесіңіз: ырғақтармен ойнаңыз, ән салыңыз, оған әңгіме айтыңыз және оны тыңдаңыз. Баланың әңгіме барысында дауыс ырғаған қолданып дауысын күшейтіп немесе бәсеңдетіп сөйлегеніне назар аударыңыз. Балалар өте жылдам өседі. Сіз бөгде адамға қарағанда өз балыңызды жақсы білесіз.

Егер сіз балаңыздың сөйлеу тілінің дамуына алаңдаушылық білдірсеңіз дәрігермен немесе кеңес беру орталығындағы логопедпен сөйлесіп көріңіз.

Leave a Reply