Бөбектің бір жасқа деиінгі дамуы

Бұл жастағы сәбидің ақыл-ойының дамып жетілуі тілдесуден басталады. Ата-аналары балаларының көру арқылы, дене түйсігі арқылы және есту арқылы қабылдауын жетілдіру үшін олармен ойнауы тиіс. Баланың белсенді сергектігі кезінде, бала көңілді және оны ештеңе алаңдатпаған кезде онымен шұғылдану кажет. Олай болмаған жағдайда шұғылданудан болжалды нәтижелерді көре алмайсыз. Бала шұғылданудан/ойыннан рақаттануы тиіс, сондықтан егер сәбидің қарны аш, ауырып қалған немесе қыңырлық істейтін болса бұдан бас тарту қажет. Бұл кезеңде адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеудің негізі қаланады, бұны сәби үлкендермен тілдесуден қабылдайды.

Ойын әрекеттері балалар үшін кез келген жаста, бір жасқа дейінгі сәбилер үшін де маңызды. Сәбилер осылайша қоршаған әлемді таниды. Алты айынан бастап балаларға алақан соқпақ пен қоңырауды әрбір әрекетін түсіндіре отырып көрсетуге болады. Жеті-сегіз айынан бастап қарапайым ойыншықтардың қалай әрекет ететінін көрсетуге болады: доп домалайды, ойыншық машинаның дөңгелектері айналады, зырылдауық бір орында айналып тұрады. Осы уақытта беттің бөліктерін көрсете бастауға болады: мұрын, тістер, құлақтар, маңдай. Әрине, бала бірден түсіне қоймайды, басында балалар мұны ата-аналары мен ойыншықтардан табады, ал содан кейін – өздерінде таба бастайды. Бала өзінің білетіндерін қуана-қуана көрсететіндей қарапайым бір әнді ойлап шығаруға болады. Бұл жастағы балалармен күнде шұғылдану қажет.

Суреттерді емес, заттар мен ойыншықтарды – балалар ұстап көрсін, ал кейде өзі үйреніп отырған материалды тістеп көрсін деп ойыншық жемістерді, барабанды, доптарды, пирамидаларды, жануарлардың бейнелерін және қуыршақтарды көбірек қолданыңыз. Баланы жан-жақты жетілдіріңіз:

-ермексазды немесе қамырды илеуге беріңіз
-саусақтармен сурет салыңыз
-суды қайта құйыңыз
-сабын көпіршіктерін жіберіңіз
-қысқа ертегілер айтып беріңіз
-допты домалатыңыз және жоғары лақтырыңыз
-батутта секіріңіз
-жармалар мен макарондарды сұрыптаңыз
-кубиктерден пирамида, қораптардан үйшіктер құрастырыңыз
-ән айтыңыз және би билеңіз
-жасырынбақ пен қуыспақ ойнаңыз
-аудио-кітаптарды тыңдаңыз

Кішкене қиял танытып көркем кілемше жасап шығыңыз. Негіз үшін тығыз материалды алыңыз. Бұл балалардың ескі жұмсақ түкті көрпесі, немесе мақтадан жасалған төсектің жанындағы кішігірім кілемше болуы мүмкін. Сізге әр түрлі пішіндегі түрлі-түсті жарқыраған қиқымдар, әртүрлі таспалар, баулар, ленталар, ірі ағаш түймелер мен ұсақ моншақтар, қалың сыдырма ілгек, жабысқыштар, ернеудің қажет емес ағаш шығыршықтары қажет болуы мүмкін. Барқыттың, шыттың, вельветтің, велюрдің және зығырдың жарқыраған бөлшектерінен қарапайым аппликация жасаңыз. Кілемшеге ернеудің шығыршықтарын ленталар мен таспалардың көмегімен бекітіңіз. Ұсақ моншақтар мен түймелерді сәби оларды жұлып алып және жұтып қоймайтындай етіп мықтылап тігіп қойыңыз. Қиқымдардан бірнеше геометриялық фигура жасасаңыз болады, мысалы, шаршылар, үшбұрыштар, шеңбер және ромб. Фигуралардың артқы жағына жабысқыштарды тігіп қойыңыз. Бұл геометриялық фигураларды кілемшенің барқыт бөлігіне жақсылап бекітуге болады. Жетілдіруші кілемше дайын!

Сәбиді жетілдіруші кілемшеге отығызыңыз. Әр түрлі пішіндегі маталарды саусақтарымен ұстап, таспа мен ленталарды тартып, сыдырма ілгекті шешіп және жабысқыштарды жұлып, сәби өзінің саусақтарын жаттықтырады, бұл оның сөйлеу қызметін жетілдіреді.
Кішкентайыңызды тұрмыстық заттармен таныстырыңыз. Баланы арнайы «оқыту» қажет емес. Тек өзіңіздің әрекеттеріңізге түсіндірме жасауды әдет қылыңыз. Баланы пәтердің ішінде кенгуруде, слингте немесе жай қолмен алып жүргенде сізді қоршаған заттар туралы айтып беріңіз, өз жоспарларыңызбен бөлісіңіз, айналада болып жатқандарды түсіндіріңіз: «Асүйге барайық, шәй ішеміз. Шәйнекті плитаға қоямыз. Қарашы, қалай шыжылдайды. Шш-шш!»

Барлық осы әрекеттер баланың пассивті сөздігін ұлғайтады. Сәби әлі заттарды атай алмаса да, ол не туралы айтып жатқаныңызды түсінеді. Болашақта жинақталған пассивтік сөздік бірте-бірте активті жағдайға ауысады, және сіздің кішкентайыңыз сөйлей бастайды!!!

Leave a Reply