Болжалды мәзір

Таңғы ас

-Сүт ботқа – 200 г.
-Сүт қатқан сусын – 100/50 мл.
-Ақ нан мен май 30/5 г немесе печенье 30 г.

Түскі ас

-Сүт көже немесе ер сорпасы – 150–180 мл.
-Балық/ет – 70–100 г.
-Гарнир – 80 г.
-Көкөніс салаты – 50 г.
-Сусын – 150 мл.
-Қара нан – 20 г.

Бесіндік ас

-Сүт, айран – 150 мл.
-Жас жеміс (1/2) немесе жидектер – 100 г.

Кешкі

-Бұқтырылған көкөністер – 200 г. немесе ақ сүзбеден дайындалған тағам – 100 г.
-Айран – 150 мл.
-Ақ нан/печенье/сүзбелі ірімшік – 30 г.

Аналар мақұлдаған балдырғандар мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тамақтандырудың 7 құпиясы

-Жақсы үлгі көрсетіңіз: бала сіз сүйсініп жеген тағамды жейді
-Балаңыздан сізге асүйде көмектесуін сұраңыз: ботқаға өз еркімен бал, жаңғақ қоссын немесе тағамды безендірсін
-Қиялға ерік беріңіз: түрлі-түсті көкөністер мен жемістерді көбірек қолданыңыз, үстелді қызықтыра көркемдеңіз
-Балаңыздың көңілін бақ өсірумен алыңыз: терезе алды тақтайда «бақша» жасаңыз да, балаңызды пияз немесе сәбіз өсірумен қызықтырыңыз
-Суперқаһармандар ойлап табыңыз: баланы өнімдер супер-көру немесе супер-төзімділік қабілеттерін береді деп сендіріңіз – балаңыз суперқаһарманға ұқсас болсын!
-Шырындарды смузеге алмалтырыңыз: блендер алып, балаға жеміс пен көкөністерден смузи жасап беріңіз – бұл анағұрлым пайдалы әрі тойымды болады
-Пайдалы өнімдерді әрдайым көзге түсетін жерде ұстаңыз: үлкендер де, балалар да көз алдында тұрғанды жеуді дұрысырақ көреді

Leave a Reply