Азық

Азық нәрлілігін оның қоюлығы мен азықтың құрамы анықтайды. Қажетті энергетикалық құндылыққа жету үшін қою азықпен тамақтандыру қажет (тамаққа салынған қасық ақырын батады). Сорпа мен көже тамақтарды беруге кеңес берілмейді. Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майын не кілегей майын, не болмаса үй қаймағын қосу қажет. Құрамы жағынан тамақ түрлі болғаны дұрыс. Балаға балықты да, түрлі жармаларды, жеміс-жидектерді, жұмыртқа мен бұршақты жармаларды (мысалы, бадана, бұршақ, маш), жақсы тазланған және ұнтақталған жаңғақтара (паста ретінде), сүт тағамдарын (айран, ірімшіктің қатты сорттары), көк (аскөк, ақжелкен) беру міндетті.

Тамақтандыруды сатылап жүзеге асыру қажет, дегенмен, бала қаншалықты сұранғанына қарай емізуді де жалғастыру керек, кем дегенде тәлігіне 6 рет. Тамақты емізуге дейін беру қажет, солайша бала жаңа тамаққа тезірек үйреніп кетеді. Бала тамағының көлемі және оның энергетикалық құндылығы әрбір сатыда оның жас қажеттілігіне сай болуы керек.

Қабылдау еселігі және тамақтандыру мөлшері

6 айдан 12 айға дейін

-егер де емізулі бала болса, онда күніне 3 рет;
-егер емшектегі бала болмаса, күніне 5 рет

12 айдан 2 жасқа дейін

-3 негізгі тамақ беру + 2 нәрлі жеңіл тамақтандыру

2 жас және одан үлкен

-3 негізгі тамақ беру + 2 нәрлі жеңіл тамақтандыру

Бір тамақтандыру көлеміндегі тамақ мөлшері

Емізген жағдайда 

6–7 ай – 150 мл
8–10 ай – 180 мл (стаканды толтырмай)
11–12 ай – 225 мл
1– 2 жас – 300 мл (1,5 стакана)
2 жас және одан үлкен – 350 мл (2 толықтай стакан)

Емізбеген жағдайда

6–12 ай – 225 мл
12–24 ай – 250-300 мл

Алдымен жармалық тағамдар беріледі (күріш, қарақұмық) немесе көкөніс езбесі (қайнатып пісірілген картоптан, сәбізден, шалқаннан, орамжапырақтан, кәдіден), бананнан, алмадан, алмұрттан, шабдалыдан езбе ретінде жасалынған жемістер. Кейін майсыз сорттан езбе ретіндегі ет беріледі, бұршақ тұқымдастар езбесі (жақсылап қайнатылып пісірілген, қабығынан тазартылған). Тамақты шай қасықпен беріп бастау керек, кейінірек мөлшерін ұлғайтып отырады. Қайнатылып пісірілген жұмыртқаны үккіштен өткізіп, ақуызын да, саруызын да береді, жаңғақты жақсылап тазартып паста күйіне дейін езу керек.

Балаға жаңа дәмге үйренуге уақыт берген жөн. Балаға алғаш ұсынылған тамақ жылы, жұмсақ, жақсылап езілген, түйіршіксіз, тым қою емес бірақ пюре күйіне дейін жеткізіліп беру қажеттігін естен шығармаңыздар.

Жаңа тағамды беру үдерісін көпке созбаңыз, 7 ай толған кезіне қарай бала шамамен тамақтың барлық түрін жей алуы қажет (ет, көкөністер, бұршақ тұқымдастар, жармалар мен жемістер) және күніне 3 рет тамақтануы керек. Егер де бала жаңа тамақты жегісі келмесе, оны мәжбүрлемеңіз, дәл сол тамақты келесі жолы ұсынып көріңіз. Ата-ана өзі де тамақтан дәм татып, балаға қандай дәмді екендігін көрсетуі қажет.

Тамақпен бірге бала сұйықтық ішуі керек (су, жеміс шырыны), оны да оған емізікті бөтелкемен емес, қасықпен немесе арнайы балаға арналған тостағанмен берген жөн. Емізігі бар бөтелкені қолданудың бірнеше жағымсыз жақтары бар:

-балаға емшек берудің дұрыс жолы бұзылады, бала емшекті емізік сияқты еміп бастайды да, тиімді түрде сүттің жеткізілуіне себепші бола алмайды;
-инфекцияға ұшырау қаупі артады, себебі бөтелке мен емізікті тағам қалдықтарынан тазалау қиынырақ. Сонымен қатар тамақтандыру кезінде қарым-қатынас үзіледі, эмоционалды қатынас азайып, тамақтандыру белсене түседі.

7 айға дейін жұмыртқа, жаңғақ, балық және теңіз өнімдерін бермеңіз, сонымен қоса ұнтақ, арпа, бидай, сұлы ботқасын беруге болмайды. Соымен қатар, осы жастағы балаға жұмсақ ірімшік, бал, қант бермеңіз, және тұз бен дәмдеуіштер қоспаңыз.

9 айға дейін балаға тұтас, су қосылмаған сүт өнімдерін бермеңіз! Бала асқазаны мен тамақ қорыту жүйесі тұтас сиыр сүті мен қышқыл сүтті тағамдарды қабылдауға әзір емес. 9 айдан кейін оларды аз мөлшерде және су қосып негізгі тағамнан кейін ішуге беру керек. Суды жартылай қосады, яғни, 30 мл айранға 30 мл қайнаған су қосады. Сүтті тек ботқаға қосу үшін пайдаланыңыз.

3-жасқа дейінгі балаларға шай бермейді (қара да емес, жасыл да шөпті де емес). Себебі, шай құрамындағы заттар (таниндер) тұтынылған тамақтан темірді шайып тастайды, ал бұл балада қаназдық тудыруына себеп болады. Сонымен қоса, тәтті қамыр өнімдерінен аулақ болыңыз, олар ұйқы безіне салмақ түсіреді. Есіңізде сақтаңыз: бір жасқа дейінгі берілетін өнімдер үккіден өткізіліп, езілген болуы қажет!

Leave a Reply