Асқа талғампаз қарау

Егер бала өзінің дамуына пайдалы өнімдерді жемесе, торықпаңыз. Бәлкім, оның өмір сүрі ережелерін қабылдайтын уақыт келген шығар – барлығын ойынға айналдыру. Егер бүрдіршін әлденені жасағысы келмесе, бұл оны көндірудің оңай жолы. Ойын барысында бәрін тамамдауға, соның ішінде ұнамсыз ботқасы бар тәрелкені де босатуға болады.

Қияр, қызанақ және де ірімшіктен дәмді пирамида немесе балық пен еттен геометриялық пішін жасаңыз.

Өнімдердің дәмін балауса не кептірілген көкпен жақсартыңыз. Кішкентай балаларға аскөк, ақжелкен, райхан, көк пияз, тәтті қызыл бұрыш, куркума, теңіз тұзын қосуға болады. Мұның бәрі асқа жаңа дәм береді және балдырғанды сөзсіз қызықтырады. Өткір иісінен балаларға ұнамсыз балыққа лимон шырынын бүркіп жіберуге немесе оны қаймақпен тұздықтауға болады. Сонымен қатар, тауық жентегімен біріктірілген котлеттер әзірлеуге болады. Сонда балаңыз ұнамсыз балыққа тап болғанына күдіктенбестен, пайдалы өнімге болады.

Аналардың көпшілігі тап болатын ең үлкен проблема – бұл баланың көкөніс жемеуі. Бұл жағдайда ымыраға келу қажет. Мысалы, егер кішкентай талғамшылға қайнатылған қырыққабат үзілді-кесілді ұнамаса, онда бала оны сорпа немесе көмбеш құрамында (ұсақталған түрінде, әрине) айтарлықтай дұрыс қабылдайды, себебі бұл дәмді басқа қасиеттері неғұрлым жоғары дәмдермен бірге үйлестікте ажырата алмайды. Ал егер бала көкөністерді салат түрінде жемесе, онда оған әр көкөністі бөлек ұсыныңыз.

Өзіне арналған тағамды әзірлеуге баланы тым болмаса анда-санда қатыстыруға тырысыңыз. Жас аспаз өз қолымен әзірлеген асты сүйсініп жеуі күмәнсіз.

Баланың тамақтануында теңгерім неліктен маңызды?

Егер бала астан өзінің ағзасына қажет барлық заттарды алмайтын болса, онда оның денсаулығы мықты болады деп күту бекер. Ал керісінше, балалар тағамына деген дұрыс көзқарас міндетті түрде оң нәтижелер береді: өте жақсы есте сақтау қабілеті, мидың толық жұмыс істеуі, сергектік және белсенділік, сондай-ақ сіздің балаңызды көптеген аурулардан сақтайтын күшті иммунитет.

Міне, сондықтан да аналарға өздерінің кішкентай балаларының тағам мөлшерін жасауға ерекше көңілге аударулары қажет. Тағам мөлшерінің сауатсыз ұйымдастырылуы баяу дамуға және басқа да маңызды проблемаларға итерме болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

-Мысалы, ақуыз тапшылығы баланың өсуін тежеуі, иммундық жүйені және гормондардың дұрыс өнімін әлсіретуі мүмкін
-Йод жетіспеушілігі қалқанша безі қызметінің бұзылуына, жүйке-психикалық дамудың кідірісіне, иммунитеттің төмендеуіне алып келеді
-D дәрумені және кальций тапшылығы өсіп келе жатқан организмдегі сүйек тіні қалыптасуын тежейді
-Темір жетіспеушілігі психомоторлық дамудың баяулауына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына және де зейін қою қабілетсіздігіне алып келеді
-Егер баланың тамақ мөлшерінде пайдалы көмірсулар («баяу көмірсулар» делінетін) тым аз болса, онда баланың жүйке жүйесі, сондай-ақ темпераменті нашарлайды – ол енжар болады және тез шаршайды

Баламен бірге тамақтың пайдасы туралы жиірек әңгімелесу қажет. Кішкентай балалардың үлкендерден шыққан әңгімелерге толықтай сенетіндерін ойда тұтыңыз. Сондықтан, егер сіз томпиған ұлыңызға сұлы жармасының ботқасынан батыр боласың, ал қызыңызға ертегідегідей сұлу боласың деп айтсаңыз, сонда олар сіздің сөздеріңізді іс-әрекетке басшылық ретінде қабылдайды. Ал бұл – алдаушылық емес. Мысалы, сұлы жармасының ботқасында пайдалы элементтердің бары соншама, балалар оның арқасында көз алдыңызда нығаяды. Бұның пайдалы балалар мәзірінің құрамына енетін барлық өнімдерге қатысы бар.

Leave a Reply