Неліктен баланың тәбеті жоқ?

Баланың тәбеті болмауы көбінесе сырқаттың – тұмаудан тағамнан улануға дейін – белгісі болып табылады. Алайда, бұл кейде тамақтанудағы олқылықтың салдарына айналады.

Себеп-салдар

Маусымдылық. Ыстық кезде тамаққа деген қажеттілік жылдың суық мезгіліне қарағанда аздау болады. Балаңызды бақылап көріңіз. Егер ол әдеттегідей ширақ болса, ештеңеге шағынбаса, қалыптыдан көп шаршамаса, демек алаңдауға себеп жоқ, оған бір күнде жеген тамағы әбден жеткілікті.

Қуат шығыны. Әдетте, жігергі балалар аздау жігерлі балалардан гөрі артығырақ тамақтанады. Егер сіздің балаңыз бүгін аз қимылдаса, оның көп тамақтанғысы келмейді. Қыстыгүні тәбетке киім саны әсер етеді: киім неғұрлым жылы болса, қуат шығыны соғұрлым аз және баланың да серигірек тамақ жегісі келеді. Белсенді қимыл, спорттық ойындар және де серуендер баланың тәбетін оятады.

Талғамдылық. Балалар өте жиі кежірленеді де, тек белгілі бір өнімдерді жемейді. Дегенмен, басқа өнімдерді сүйсініп жейді. Баланы өзі қаламаса, тамақтануға мәжбүрлемеңіз. Олардың тәбетке жауап беретін бас миының орталығындағы сигнал түскен жоқ. Бұл тағам пайдаға аспайды. Қарны ашуын күте тұрыңыз.

Жеңіл-желпі тамақ. Тамақтану арасында жүрек жалғап алу негізгі тағамдарды жеу кезінде баланың тәбетін төмендетеді. Балаңызға жеңіл-желпі тамаққа әуестенуге рұқсат бермеңіз.

Жеке даму. Әртүрлі балалардың тамаққа деген қажеттіліктері әркелкі. Баланың қуат шығынын, заттектердің алмасуын және де ас қорыту мүмкіндіктерін ескеріңіз. Егерде бала бүгін аз тамақтанса, мүмкін ертең көбірек тамақтанар. Бала ағзасы оның тамақтануға деген қажеттілігін едәуір жақсы реттеп отырады.

Сау баланың тәбетін ашу үшін іске жарар амалдар

-Суреттері бар түрлі-түсті ыдыс сатып алыңыз
-Тағамдарды көркем әрі фантазиямен безендіріңіз, тәрелкеде әртүрлі сюжеттер жасауыңызға болады
-Балаңызды тамақ әзірлеуге жұмылдырыңыз. Ол сізге бутербродты безендіруге немесе ботқаны жидектермен әшекейлеуге көмектессін. ——–Осылайша тәбет те жақсырақ пайда болады
-Балаңызбен бірге таза ауада көбірек серуендеңіз – бұл тәбет ашады
-Өзіңіз де ықыласпен тамақтаныңыз. Үлкендерге қарай отырып, бала тамақтану мәдениетін үйренеді де, ары қарай оны сақтап қалады

Leave a Reply