Сезімдерін түсіну

Сәбидің көңілі қалу және күшті эмоцияларды жеңіп шығуына қалай көмектесу керек?

Кіші жастағы балалар үшін кейде аса мол сезімдердің болуы қалыпты жағдай. Олар өз сезімдерін жиі білдіруге тырысады, бірақ сөз таба алмайды. Бұл оларды өте ренжітуі, ызаландыруға және проблемалық қылықтарға әкелуі мүмкін.

Көмек көрсетуге арналған кейбір ойлар

-Эмоцияларды жеңіп шығу дағдыларын үйретіңіз. Егер сіздің сәбиіңіз қыңырлық көрсете бастаса, даудың қозуын болдырмау үшін сабырлылық сақтаңыз. Сәбилер егер сіз өз-өзіңізді ұстауыңызды көрсетін болса, өздерін жақсы сезінеді
-Сондай-ақ өз балаңызға эмоцияны көрсету кезінде сезімін сөзіне сыйдыруына көмектескен жақсы. Мысалы, «Сен өз ойыншығыңды сындырған соң ренжулісің» және б.

Өз балаңыздың эмоциясына жауап беріңіз

-Бетпе бет, көз деңгейінде қарым-қатынас жасау Сіздің балаңызға Сіздің оған емес, онымен сөйлесуіңізді сезінуге көмекетсуі мүмкін. Сіздің сәбиіңіздің деңгейінде болуға тырысыңыз, онымен сөйлесу кезінде тізе бүгіп немесе жүрелеп отырыңыз.

-Сіздің балаңыз күйгелектеніп немесе қыңырланған кезде, оның көңілін аударуға немесе басқа қызмет түріне қайта бағыттауға тырысыңыз. Мысалы,егер сіздің балаңыз қазыргы сәтте қол жетімсіз затты алғысы келсе, оны өзге затпен қызықтырыңыз.

-Сіздің балаңыз долылық көрсету кезінде, ол бірнәрсені алу тілегімен Сіздің жауабыңызды ақырындап бақылайды. Сіздің қылығыңыз оның эмоциясына қатты әсер етуі мүмкін. Сабырлы және өршітуге берілмейтін қалпыңызда қала отырып, балаға оның долылығына лайықты қарсы тұруды көрсетіңіз.

Сіздің сәбиіңіздің теріс қылықтарымен күресудің дұрыс тәсілдері және тәуелсіздігін қолдау

Міне Сіздің балаңыздың тәуелсіздігін, өзіне сенімділігін, шешім қабылдау және таңдау жасау ниетін дамыту үшін бірқатар тәжірибелік ойлар:

-Өз балаңызды оның жаңа бір зат жасауға немесе меңгеруге талпынуы үшін – тіпті егер оның сәті түспесе де немесе жұмыс істемесе де мақтаңыз.
-Сіздің балаңыз шектелген нұсқалардан қарапайым таңдау жасауға үйрене берсін – мысалы, банан немесе алманың, қызыл немесе көк шалбарлардың, ойыншық немесе кітаптың араснына таңдау жасай отырып.
-Сіздің балаңыз «қауіпсіз» қателіктер жасай берсін – ол үйренеді. Заттармен, ойын алаңдарындағы жабдықтармен қозғалып тәжірибе жасай берсін.
-Баланы Сізге үй сыпырумен, өзге шаруашылық жұмыстармен, соның ішінде ойыншықтарды жинаумен көмектескені үшін көтермелеңіз. Оған Сізге бутербродтар немесе жеңіл-желпі тамақтану үшін оңай тағамдар әзірлеуде көмектесу өте қызықты болады.

Мақтау кіші жастағы балалар үшін өздерін «ересек» ретінде сезінуге және өзі туралы жақсы пікір құрастыруға көмектеседі. Осы уақытта сәби өзінің әлі «сіздің балаңыз» екенін білуі үшін, түнге қарай ертегілер айтып беру тәрізді арнайы салтты сақтау өте маңызды.

Leave a Reply