Жасанды қоректендіруге өтудің көрсетімдері

Жасанды қоректендіру (ЖҚ) сәбидің ана сүтімен қабылдайтын микроэлементтердің орнын толықтыра алмайды. Сондықтан да бейімделген тамақтандыруды енгізу әрдайым негізделген болу қажет. Педиатрлар жасанды қоректендіру қажетті болып саналатын бірнеше жағдайды ерекшелейді:

-Ауыр босанудан кейін ананың өз күшін қалпына келтіру қажетттілігі;
-Әйелдің кейбір аса маңызды дәрілерді қабылдауы;
-Ананың жұқпалы ауруы;
-Сүт безінде сүттің болмауы немесе оның жетіспеушілігі.

Сүттің аз бөлінуі әуелі лактацияны күшейтетін дәрі-дәрмектер арқылы қалпына келтірілуі керек. Осы дәрілер күтілетін нәтижені бермеген жағдайда ғана сәбиді жасанды қоректендіре бастайды.

Жасанды қоспаларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Жас аналардың барлығы да жасанды қоректендіруге ауысу барысында оларды және нәрестелерді не күтетінін шындап ойламайды. Әдетте әйел өзінің ыңғайына ғана қарап, баланы оның иммунитеті мен жалпы денсаулығына қажетті микроэлементтерден айырады. Педиатрдың ұсынған қоспасына негізделген ЖҚ-ге ауысу шешімін қабылдамас бұрын жаңа тамақтанудың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін ақылға салу керек. Сәбиді жасанды тамақтандырудың келесі айқын артықшылықтары ажыратылады:

-Нәрестені бөтелкемен тамақтандыра отырып, ана әрдайым оның бір мезгілде қай мөлшерде тамақтанатынын біледі, егер хал-жағдайы нашар болса, оны тамақ қалдығының мөлшері арқылы бірден байқайды;
-Аллергияның пайда болуы әрдайым қоспаның түріне байланысты. Емшектегі баланың аллергенін анықтау үшін емізетін анаға өзінің ас мәзірін толығымен қайта қарасытруға тура келеді;
-Сүтпен салыстырғанда қоспа баяу қорытылады, сондықтан сәбидің тамақтану саны азаяды.

Дегенмен де, кемшіліктер бұдан да көп:

-Жасанды қоректенетін сәбилер алдағы уақытта салқын тигеннен болатын ауруларға, аллергияға шалдығады. Бұл олардың ағзасында ана сүтінен ғана қабылдана алынатын ерекше ферменттердің болмауымен түсіндіріледі;
-Бөтелкелерді қолдану олардың үнемі зарарсыздығын талап етеді. Егер тазалық сақталмаса, ол ішек қызметінің бұзылуына алып келуі мүмкін;
-Сәбилер қоспалармен тамақтанған кезде көбінесе шаншу мен лоқсудан зардап шегеді – сапасыз емізік ауаның жұтылуына алып келеді;
-Оңтайлы қоспаны табу үшін қоспаның әр түрлерін жиі ауыстыруға тура келеді;
-Қаржы шығыны. Сапалы қоспа бағасының төмен болуы мүмкін емес, ал бала өскен сайын қоспаның қажетті мөлшері де өседі.

Қоспаны қалай таңдау керек

Қоспаны таңдаған кезде міндетті түрде педиатрмен кеңесу қажет. Дәрігер сіздің балаңыздың денсаулық ерекшеліктерін біледі және аса аялауыш қоспаны таңдауға көмектеседі. Қоспаны таңдауға өзіңіз де жоғары назар аударып, келесі критерийлерді міндетті түрде сақтауыңыз керек:

-Жарамдылық мерзімі – бірнеше ай көлеміндегі артық уақыты бар қораптарды таңдаңыз;
-Қаптама ашылмаған және бұзылмаған болуы керек. Майысқан, сызылған жерлердің болуы тасымалдау жағдайының сақталмағандығын көрсетеді, және бұндай қоспа бұзылып кеткен болуы мүмкін;
-Тамақтандыру жас санаты бойынша жүзеге асырылады. Жаңа туған сәбиге үлкендеу балаларға арналған қоспаны беруге болмайды, жетіліп үлгермеген асқазан мен ішек ауыр сырқаттар арқылы жауап қайтаруы мүмкін;
-Нәрестені жасанды қоректендіруге үйретуді гипоаллергенді қоспалардан бастау қажет.

Қоспалармен тамақтандырудың кемшіліктері артықшылықтарға қарағанда басымдық танытады, сондықтан ЖҚ-ге аса қажеттілік болған кезде ғана ауысқан дұрыс.

Leave a Reply