Тағамдық аллергия немесе тамаққа төзбеу ме?

Тағамдық аллергия сіз ойлағандай жиі туындамайды. Бұл сіз ойлағандай ұқсас заттар емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан тамақтық аллергия дегенді жиі естиміз. Ал шындығында тамақтық аллергия өте сирек кездеседі. Ең жақсы жаңалық аллергиясы бар балалардың көбінде, ержеткен кезде аллергия өздігінен жойылып кетеді.

Тамақтық аллергия дегеніміз не?

Егер сізде тамақтағы заттарға аллергия болса, онда сіздің иммунды жүйеңіз бұл заттарға токсин ретінде жауап береді. Сіздің иммунды жүйеңіз сіздің денеңіздің тіндеріне химиялық заттарды (мысалы, гистамин) шығару арқылы қорғауға тырысады. Ағзаға түскен тағамның мөлшері өте аз болса да әсер өте күшті болуы мүмкін. Зерттеушілер тек балалардың 6-8% және ересектердің 1-2% ғана тамақтық аллергия болатындығын анықтады.

Тамаққа төзбеу дегеніміз не?

Тамаққа төзбеу – ол сіз жейтін тамақ құрамындағы заттарға деген реакция. Тамақтық аллергияға қарағанда тамаққа шыдамау сіздің иммунды жүйеңіздегі тамаққа деген реакциямен байланысты емес. Бұл реакция аллергиялық реакцияға қарағанда күрделі емес және әдетте белгілері аз болады.

Жалпы тамақтық аллергия

Шамамен 90% тамақты аллергия мынадай тамақтармен байланысты:
-сиыр сүті
-тауықтың жұмыртқасы
-соя бұршақтары
-арахис, миндаль және т.с.
-бидай
-балық

Қалған 10% – өзге де азықтық өнімдердің түрлілігімен байланысты.

Жалпы тамаққа төзбеу

Тамаққа төзбеудің ең кең таралған түрлері: сүт өнімдерімен, тағамдық қоспалармен, оның ішінде:
-натрий глутаматы және т. б.
-құлпынай
-цитрустар
-қызанақтар сиқты дәмді күшейткіштермен туындаған

Тамақтық аллергия немесе тамаққа төзбеу қаншалықты ұзаққа созылады?

Сүтке, жұмыртқаға, сояға және бидайға аллергиясы бар көптеген балаларда жасөспірімдік шақта тамақтық аллергияға ауысуы мүмкін. Арахиске, жаңғаққа және балыққа деген аллергия өмірінің барлық кезеңдерінде болады.

Аз мөлшердегі аллергиялық тамақ өмірге қауіпті реакциялар мен қауіптерді тудыруы мүмкін. Сіздің балаңыздың аллергияға деген әсерін байқау үшін эксперимент жасаудың қажет жоқ. Балаңыздың бойындағы алергияны бағалау үшін маманнан көмек сұраған жөн.

Тамаққа төзбеу

Тамаққа төзбеу уақытша немесе өмірлік болып табыла ма? Бұл нақты бір азықтық өнімге және оған деген баланың реакциясына байланысты. Ең жақсысы сіздің балаңыздың тамақтық төзімділігін емдеу үшін дәрігермен сөйлескен дұрыс.

Аллергия тәуекелінің факторлары

Егер ата-аналарда аллергия болса, онда баланың астма, экзема немесе шөп безгегі сияқты аллергия түрлерінің қандай да болмасын даму қаупінің 40-80%-на ие болады. Тамақ аллергиясын дамытудың айрықша қаупі аз зерттелген. Баланың аллергиясы ата-аналардың аллергиясы сияқты міндетті болмауы мүмкін. Мысалы, шөп безгегі және астмасы бар әкенің жұмыртқа мен экземаға аллергиясы бар баласы болуы мүмкін. Тамақ аллергиясы бар балалардың басым бөлігінің аллергияшыл ата-аналары жоқ, алайда аллергиясы бар аға мен апалары бар.

Тамақ аллергиясын алудың қаупін қалай азайтуға болады

Егер сіздің отбасылық аллергиялық аурулар тарихыңыз болса, сіз бұл жағдайда салауатты тамақтануды сақтай отырып, баланың аллергиясын дамыту қаупін төмендету үшін бірнеше жай қадамдарды алдын ала қабылдай аласыз.

-Жүктілік немесе емізу уақытында жақсы теңгерімделген әрі калориялы тамақты жеңіздер.
-Атап айтқанда, жүктілік немесе емізу кезінде аллергия тудыратын ықтимал заттардан аулақ болуыңыз керек. Алайда, көптеген азық-түлікті тым шектеу қауіпті болуы мүмкін, сондықтан бала керекті қоректі заттарды алмайтын болады.
-Баланы емшекпен көбірек емізуге ұмтылыңыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең аз дегенде, алты айға дейін сәбилерді емізу ұсынылады. Бұл анасы мен баласына қалай сәйкес келгенінше емізуді, тіпті қатты азықты енгізген кезде жалғастыруға болады.

Leave a Reply