Аурудың алдын алу үшін тамақтандыру

3–5 жасар жас шамасы бас миының, ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің дамып жетілуімен сипатталады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене дамуында салмақ қосылу мен бой өсуінің әркелкі кезеңдері болады. Бұл жас шамасында балаға барлық тағамдық өнімдерді беруге болады. Баланың сана-сезімі дамыған, ол үйретуге оңай икемделеді және ересектерге барынша ұқсағысы келеді, сондықтан үстел басында пайдалы дұрыс тамақтану, өзін ұстау мәдениеті дағдыларына баулуды бастау керек.

Асқазан ауруларының алдын алу үшін тамақтандыру

-Бірінші және маңызды ереже – бұл дұрыс тамақтану нормалары мен тәртібін сақтау
-Сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді алып тастау (әсіресе сүт және ет өнімдеріне қарау қажет)
-Ащы дәмдеуіштерді шектеулі пайдалану
-Ауыр қорытылатын, құнарсыз және нашар сіңірілетін тамақты пайдалануды шектеу

Тісжегінің алдын алу үшін тамақтандыру

-Негізгі қоздырушы факторды болдырмау – тәтті сусындарды – шәй, компотты – түнде ішу
-Кешкі және түнгі тамақтанудың құрамында қанты бар өнімдерді, қышқыл жемістер мен шырындарды алып тастау
-Тіс кіреукесін зақымдайтын мұз кәмпиттердің орнына балаға мармелад және зефир беру
-Қышқылдың тіс кіреукесіне тиюін болдырмас үшін, шырынды түтікше арқылы ішу
-Баланы тәтті және қышқыл өнімдерді пайдаланудан кейін ауыз қуысын сумен шаюға үйрету
-Сүт, сүзбе, йогурт тәрізді кальцийге бай өнімдерді пайдалану. Кальций D дәруменімен бірге жақсы сіңіріледі, сондықтан міндетті түрде балық жеу және күн астына серуенге шығу қажет
-Фтор қосылған ауыз суды пайдалану қажет

Тамақтағы етті жасырудың 5 тәсілі

-Ет тағамын ең жақсысы бір-екі толы қасық қаймақ немесе ақ тұздықпен жасырып бүркемелеу керек
-Тұшпараларда еттен жасалған салындыға бөлке нан немес ақ нанды қосып, балаға оның наннан жасалғандығын айту керек
-Блендерде тартылған етті тәтті көкөністерден жасалған рагуға қосу қажет. Оны баламен бірге дайындау керек, өйткені кейбір балалар өз қолдарымен әзірленгенді жегенді өте ұнатады
-Еттің әртүрлі сұрыптарын 1:1 арақатынасында араластыру, мысалы, сиыр етін үй қояны немесе тауық етімен араластыруға болады
-Балаларды үндемей тамақтануға, майлықты пайдалануға, үстелден шығар кезде өзінің орындығын жинап қоюға және үлкендерге алғыс айтуға баулыңыз. 3–5 жасар жас шамасында жақсы тәбетті сақтау, баланың белгілі бір уақытта тамақтану әдетіне тәрбиелеу, мәдени-гигиеналық дағдыларды иелену – бұлар мектепке тамаша дайындық болады

Leave a Reply