Бала туғаннан кейін отбасындағы қатынас

Тұңғышыңыз туған соң отбасыңыздағы қарым-қатынас өзгерді ме? Көбінің осы сұраққа «Иә» деп жауап беретіні сөзсіз. Бала күтімі туралы бір кітапта «Бала туғанға дейін сіз серіктес болдыңыз, ал енді отбасы болдыңыз» деген сөз бар.

Қарама-қайшы бірдеңе болатыны анық. Әйелдер мен еркектер өз қатынастарын тіркесе немесе «шаруашылықты бірлесіп жүргізсе» отбасы болып саналады. Сонымен бірге екеуі де мүлде дербес бола алады – әрқайсысының өз жұмысы, өз достары, өз ісі бар. Алайда, бала туған соң жас ата-ана, апалар мен аталар серіктес болуға мәжбүр – олардың енді ортақ ісі және ортақ мақсаты бар. Олар мұндай серіктестікке дайын ба?

Екінші, үшінші және төртінші бала (ал кейде одан да көп) қамқорлықты бірінші балаға қарағанда көп қажет етеді. Дегенмен, тұңғыш баланың тууы жағдайлардың көбінде ұзаққа созылатын отбасылық дағдарыстың себептері болып табылады. Неліктен олай болады? Анасы шаршайды және оған баланы күтуді үйрену қиынға соғады. Алайда, ай өткен сайын, ол өзін сенімдірек сезінеді, ал отбасындағы қарым-қатынас реттелмейді. Ұзақ күткен мұрагерінің туғанына жарты жыл бұрын қуанған көптеген отбасылар, кенет айырылысуға бел буады. Мұның себебі неде?

Сөз ең алдымен психологиялық қиыншылықтар жайлы. Отбасының барлық мүшелеріне жаңа рөлдерді меңгеру қажет, ал ол үшін психологиялық икемділік пен жеткілікті жетілу қажет. Жаңа ата-аналардың, апалар мен аталардың дайындалуына 9 ай болса да, өзгерістер көбін бейжай қалдырмайды.

Бұл ең алдымен жас анаға қатысты. «Аналық бақыт» біздің ұғымымызда шартсыз және жалпы болып табылады, әйел ақиқатпен қақтығысып, нағыз шокты сезінеді. Ол енді өзіне қожа еместігін түсінеді: өз уақытын өзі билей алмайды, қай уақытта ұйықтайтынын, тамақтанатынын, душ қабылдайтынын білмейді. Ол өз жұбайынан әлде-нені талап ете алады, бірақ өз сәбиіне еш шара жоқ. Егер ол тамақтанғысы келсе – анасы оны тамақтандыруы, егер ұйықтағысы келсе – оны тербетуі тиіс. (Сіз баланы төсекте жалғыз жылатып қалдыра отырып, «тәрбиелей» аласыз, бірақ мұндай тәрбиелеудің жалғыз нәтижесі өзіңіздің де, сәбиіңіздің де, және отбасының басқа мүшелерінің де көп ұзамай жүйке ауруына ұшырайтынына сеніңіз). Және ең бастысы – сіздің уақытыңыз бен еркіндігіңіздің бұл кәнігі ұрлықшысы сіз үшін ерекше құндылыққа ие. Оның кез келген азабы лезде сіздікі болатыны аздай: оның жылауы сізге сіздің – өз міндеттерін атқара алмайтын нашар ана екендігіңізді білдіреді. Ал өзін-өзі мұндай бағалаудан ана болудан және жалпы өмірден рахат алу мүмкін емес.
Отбасылық дағдарыстың себептері

Әйел оның жұбайы немесе ересек туысқандары көмекке келеді деп үміттенеді. Алайда жұбайы да толық күйзеліс күйінде. Ол «жақсы әке болуы тиіс» екендігін біледі, бірақ мұның қалай жасалатындығы жайлы ештеңе білмейді. Ол көз алдына үш-төрт жасар тәрбиелі баласымен (әйелімен) бірге хайуанаттар бағына бара жатқандығын елестетеді, бірақ жаңа туған сәбимен не істеу керек? Оны тәрбиелеуден пайда жоқ, ал жөргектеу мен құйрығын сүрту қызық, әрі қорқынышты – бірдеңені дұрыс жасамай қойсам ше? Әйелінің жасы мен шаршауы оны оның отбасылық өмірінде барлығы дұрыс болмай жатқандығына толығымен көзін жеткізеді. Жағдайды қалай түзеу керектігін ол білмейді.
Ерлердің өмірі бәсекелестікпен өтеді: ерлер өздеріне және өздерінің маңайдағыларына өзінің ең үздік, ең күшті екендігін дәлелдеу маңызды, сондықтан ол әйелі мен баласынан олардың нені қалайтындығын сұрауды ұмытып, «үйінде тәртіп орнатуға» тырысады немесе қателесуден қорқып, тәрбиелеуден аулақ болады (мұның уақытша екендігін ұйғарады). Ол кештерді достарымен жиі өткізетін болады және олармен көп сыра ішеді. Бұл оның әйелін қамықтырмай қалмайды, бірақ оның әрбір ұрысы оның бағасын түсіретін болады, және өзінің әке рөліндегі сәтсіздігін ұмыту үшін, оған көп ішімдік қажет болады.

Осылайша, бір бірін және баласын шынайы сүйетін екі адам бір бірінің өмірін ең ізгі ниеттен сенімді және негізді бұза алады. Сонымен қатар кішкентай бала – өзінің әкесі мен анасын олардың қаншалықты «жақсы» немесе «жаман» екендігіне қарамастан сүйетін адам. Оның көп уақыт бойы сіздің мансабыңызда, сіздің табысыңызда, сіздің имиджіңізде немесе сіздің «жақсы ата-ананың» кинодағы және кітаптағы образына қаншалықты сәйкес келетіндігіңізде шаруасы жоқ: оған сіздің онымен болуыңыз және ол туралы ойлайтыныңыз ғана маңызды.
Әдетте аталар мен апалар жағдайды өршітеді. Олар да мұны шын ниетпен жасайды. Олар үшін тұңғыш немересінің дүниеге келуі уақыттың белгілі кезеңін білдіреді, алайда көбі кәрілік алыс еместігін қорқынышсыз мойындай алмайды. Сондықтан, апалар мен аталар немересінің барын мойындағысы келмей, жылына бір-екі рет сыйлық беріп алшақтайды, немесе керісінше, өздерін қайта жас сезіну үшін, сәбиді өз өмірлерінің жалғасын көріп, оны «асырап алуға» тырысады. Сонымен бірге, өздерін ересек деп санайтын және мұны ересектердің мойындағанын қалайтын балалармен даулар болуы мүмкін.

Отбасының ересек мүшелері мәселелерін шешуге тырысып жатқанда, отбасында береке болмайды. Мұнда өмірдің қандай да қуаныштарынан бас тарту (уақытша) үшін расымен жетілу және өзіңізде жаңа қабілеттіліктерді ашу үшін икемділік қажет. «Жақсы ана», «жақсы әке» үлгілерінен бас тартуға және сәбиіңізге қажет ана мен әке болуға тырысыңыз. Мәселен, егер сізге памперс пайдалану ыңғайлы болса – памперстерді пайдаланыңыз, егер бала емізікпен жақсы ұйықтаса – оған емізік беріңіз, егер ол екі сағат сайын емгісі келсе – оны әр екі сағат сайын емізіңіз, егер сізбен бірге болғысы келсе – оның қасында болыңыз. Оның салмағы арта бастайды, көңілді және тынышты болып өседі, сіз өзіңіздің жаңа міндеттеріңізді абыроймен атқарып жатқаныңыз үшін мақтанасыз, ал өзіне сенімді және риза адам, кез келген мәселені оңай шешіп, кез келген даудан шыға алады.

Екінші кеңес: егер отбасыңыз тараса, сіз неден айырылатындығыңыз жайлы әрқашан есте сақтаңыз. Сөз экономикалық және әлеуметтік құндылықтар жайлы емес, сәз әлде-қашан қуанышқа кенелген бірлескен өмір жайлы. Бастарыңыздан өткен жақсы күндер туралы жұбайыңыздың есіне салыңыз. Егер сіздің сақтайтындарыңыз болса, сіз отбасыңызды сақтап қаласыз. Психологтар егер әйел күйеуі іс сапарға кеткенде жеңілдегендей күрсінсе, ал күйеуі әйелі үйге кіргенде жабыңқы болса, – ажырасу күні алыс емес деп есептейді. Егер, осы осы егестердің барлығына қарамастан, сіздерге жеке жүргенше, бірге жүрген жақсы болса, – қаншалықты қиын болғанына қарамастан, бірге болыңыздар.

Leave a Reply