Дұрыс тамақтандырудың негіздері

Тамақтандыру кішкентай балалардың асқазан-ішек жолдарының көптеген ауруларының пайда болу себебі болып табылады. Асқазанның және аш ішектің ойық жарасы тек ересектерде ғана емес, сондай-ақ бір жасар балаларда да болуы мүмкін. Тамақты өзіңіз жасауға тырысыңыз. Консерванттар аурудың басталуына жиі себепкер болады. Өндіруші-фирмалар азық-түлік өндіру технологиясын әрқашан сапалы түрде сақтамайды. Дұрыс тамақтандыру баланың өсіп келе жатқан организмінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Тамақтандыру тәртібі

Егер бөліп тамақтандыру тәртібі енгізілсе, жақсырақ болады. Балаға екі негізгі және екі қосымша тағамды беріңіз.

Сүт өнімдері

Сүт, айран, және өзге сүт өнімдерінің кальций көздері болып табылатындығы ешкімге құпия емес. Сиыр сүтінде бала ағзасына қажетті қоректік заттардың барлығы дерлік болады: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар және дәрумендердің барлығына жуығы. Дегенмен баланың ас мәзіріне сүтті тек бір жастан кейін ғана енгізу қажет (және тек анасы оны емізуден шығарған жағдайда ғана).

Су

Суды бала қанша ішетін болса, сонша беруге болады. Баланы тамақ ішуге дейін жарты сағат бұрын су ішуге, сондай-ақ тамақ ішкен кезде және тамақтан соң жарты сағаттың ішінде су ішпеуді үйретуге тырысыңыз. Шәй беруге әуестенбеңіз – ол баланың ағзасынан оған қажет темірді шайып тастайды. Ең жақсысы – табиғи жидектер мен жемістерден компоттар, кисельдер, морстар қайнату (қыста кептірілген жемістерден жасаған пайдалы). Дүкендерде сатылатын табиғи шырындар концентраттардан қалыпқа келтірілген. Сондықтан олардың табиғилығына сенімділік жоқ.

Ақуызды тағамдар

Ақуызды тағамдар өсіп келе жатқан бала үшін маңызды болады. Оны балаға күніне 1-2 мәрте беру қажет. Дегенмен баланың ішкісі келмесе, оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Өйткені ақуыздың артылуы оның жетіспеушілігі тәрізді баланың денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Бұл жаста баланы ірімшік дәмімен таныстыруға болады. 30 г қатты ірімшік құрамында 230 г сүтте қанша кальций болса, сонша болады. Балқытылған ірімшік қаттыға қарағанда үш есе көп қажет. Бұл өнімнің жоғары майлылығының себебінен оны балаға шамалап қана беру керек – бутербродтар түрінде жай тілімшелермен немесе өзге тағамдарға себілген, үгілген түрде.

Майды бір жастан асқаннан кейін, көкөністерге қосып немесе нанға жағып, шағын бөліктермен жеп көруге болады.

Сонымен қатар, бала бір жастан асқаннан кейін оны біртіндеп еттің дәмімен, қайнатылған кішкентай кесінділерден немесе майсыз қой, күркетауықтың тарттырылған етінен бастап таныстыруға болады. Бұдан соң тауықты, сиыр етін, бұзау етін бере беріңіз. Сиыр етінен жасалған сосикалар мен ветчиналарды да тек екі жастан кейін бере бастаған дұрысырақ. Балаларды балықпен (ақ, майлы емес!) бір жастағы кезінен бастап-ақ тамақтандыруға бола береді, сәл ертерек те болады. Тамақтанар алдында оны саусақпен ұсақтаңыз және барлық сүйектерін алып тастаңыз.

Осы жаста жұмыртқа пісіріп беруді бастаңыз. Бастысы сәбидің оларға аллергиясының болмауы.

Жемістер және көкөністер

Жемістер мен көкөністерге балалар ас мәзірінде шектеу қойылмайды. Бір және екі жастың аралығында шикі көкөністерді беруге болады: қабығынан аршылған қызанақтар, салат, үгілген сәбіз, бұдан соң қырыққабатты (соның ішінде гүлді қырыққабат) немесе шалқанды.Олардың өткір дәмдерін екі рет суда қайнатып, жұмсартуға болады. Жүгер дәнін тек екі жастан асқан соң берген дұрыс.

Бір жасар балаға алманы, өрікті, қара өрікті, алмұртты, бананды тілімшелермен беруге болады. Шикі жемістер пісіп жетілген және қабығынан тазартылған болуы тиіс. Бүлдірген мен шабдалының аллергия туғызуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Егер балада іш өте бастаса, жемістер беруді бірден тоқтатыңыз. Кептірілген жемістер: қара өрік, өрік, інжір, хұрмаларды – екі жастан бастап қайнатпай, алдын-ала мұқият жуып беруге болады.

Балаға фаст-фуд бермеңіз

Фаст-фудтар және тез дайындалатын тағамдардың зияны жөнінде көп нәрсе айтылған! Мұндай тамақты балаға бермеуге тырысыңыз. Ол сіздің балаңыздың өсіп келе жатқан ағзасын қажетті дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ете алмайды, бірақ ойық жараны немесе гастритті туғызуы мүмкін.

Мәжбүрлемеңіз

Баланы оған ұнамайтын нәрсені жеуге мәжбүрлей отырып, сіз оның жақсы тағам жөнінде қате түснігін қалыптастырасыз. Барлық пайдалылар – дәмсіз! Мұндай түйсіну сіздің балаңыздың ересек жастағы тамақтануында да жағымсыз көрінуі мүмкін. Оған ұнамайтын азық-түлікті баланың даму тұрғысынан алғанда дәл сондай құндылық беретін өзгелеріне ауыстыруға тырысып көріңіз. Сәбидің сүйікті тағамын өз қолыңызбен әзірлеңіз – сонда сіз дені сау шымыр баланы және ауыртпалықсыз балалық шақты жасайсыз.

Leave a Reply