Ерте жастағы қарым-қатынас

Сөзге үйрету бала сөзді естіген сәттен басталады. Екі жасына қарай балалардың сөздік қоры дамып, сөздерді құрастырып, өзінің қажеттілігі мен ойын білдіре алады. Баланы сөйлеуге ынталандырсаңыз ғана бала тез сөйлеп кетеді.

Туғаннан бастап үш жасқа дейін бала сіздің дауысыңызды естиді. Дыбыстап, былдырлап сіз айтқан дыбыстарды шығаруға тырысады. Балаға дыбыстың әсемдігін көрсетіңіз:

-Сәбиге міндетті түрде ән салып беріңіз. Егер сіз ол туғанға дейін ән салсаңыз, онда балаңыз сіздің дауысыңызды таниды.
-Сәбимен оны қоршаған заттар туралы сөйлесіңіз. Онымен сөйлескенді жиі күліңіз, сонда ол сіздің дауысыңыз бен үніңізге ғашық болады. Сонымен қатар бала өзге де адамдардың сөйлеген сөзі мен дауыстарын естісе қуанышқа бөленеді.
-Тыныштық үшін уақыт бөліңіз. Балаға шусыз, теледидарсыз немесе музыкасыз тыныштықта отырып ойыншықтардан, пластилиннен заттар жасап құрастырған өте пайдалы.

Үш айдан алты айға дейін, бала саналы түрде дыбыстарды естіп, әңгімеге араласуға тырысады. Осы кезде балаға көмек көрсетіңіз:

-Сөйлескен кезде күлімсіреп, баланың көзіне қараңыз
-Ол былдырлағанда немесе дыбыс шығарғанда баланың даусын келтіріңіз
-Егер сіз баланың қанда да болмасын бір дыбысты қайталауға талпынғанын байқасыңыз, асықпай бірнеше рет сол сөзді қайталаңыз

Алты және тоғыз ай аралығында, бала дыбыстармен ойнай бастайды. Дыбыстар буынға айнала бастайды: ма-ма, да-да. Балаға дыбыс пен буында құрауды үйретіп, оны әңгімеге тартыңыз:

-«Ладушки», «Сорока» сияқты сөздік ойындары
-Онымен бірге өлеңнің немесе әннің ырғағына байланысты шапалақтап қол соғыңыз
-Ойыншықтарды егжей-тегжейіне дейін суреттеңіз («Әдемі дөңгелекше келген көк доп», «Мейірімді жұмсақ қонжық» және т.б.)
-Балаға оның айнадағы бейнесін көрсетіп «Бұл кім?» деп сұраңыз және оның есімін атаңыз

Тоғыз және он екі ай аралығында, бала қарапайым сөздерді түсініп, анасы туралы сұраса анасына қарайтын дәрежеге жетеді. Егер үйретсеңіз «Сау бол» деп қолын бұлғайды. Ымдау арқылы өзінің қалауын білдіріп, қолын көтеретін болады.

-Баланың назарын аударыңыз: онымен сөйлескіңіз келсе немесе бір нәрсе көрсеткіңіз келсе оның есімін атаңыз
-Сөздерді жеңілдетіп, бұрмаламай нақты дыбыстарды атаңыз
-Баламен барлық нәрсе туралы сөйлесіңіз – мұқият тыңдап, оның сөздерін қайталап, оның мүмкіндіктерін қолдаңыз

Әрбір іс-әрекетті балаға мейіріммен айтыңыз, өйткені мұндай кезде бала ашуланып айтқан дауыстан шошып кетуі мүмкін немесе күлкіге күлкімен жауап беруі мүмкін.

Leave a Reply