«Өзін-өзі тану» пәні болашаққа жол ашады

Свамбаева Н.Ә., Инновациялық әдіскер, МКҚК «№ 9 балабақша»,Тараз қ.

Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңартулар жас жеткіншектерді жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты тұтастығында тәрбиелеуді нысана тұтады. Жастардың бойында әлемдік мәдениетті бағалап, ұлттық мәдениетті ұлықтай алатын асыл қасеттердің болуы олардың еліне, туған жеріне деген перзенттік сезімін ұлғайтып, әлеуметтік белсендігін дамытады. Сол себепті оқыту құндылықты білім беруге назар аударылып, білім мазмұнына дүниетанымдық және рухани-адамгершілік сипаттары айқын мәселелерді көбірек қамту қажеттігі туындайды.

«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті-жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру», – деп көрсетілуі әр дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білім де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді. Білім беру жүйесіндегі жетістіктер өркениетке ұмытылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру қажеттілігін айқындай түседі.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлға, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жанды тәрбиелеуді мақсат еткен.

Адамға мейірімді шуақ төге білгенде өміріндегі, ойындағы, ниетті түзетуге болатын- дығына сенгендіктен баланың жас кезінен-ақ барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуінің, өмір даналығы мен адамзатқа қызымет ету бақытына ие болып жетілуін қалайды, еліміздің болашағы ертеңгі азаматтарына үлкен үміт артады.

«Мұндай күрделі істі қолға алып, оның нәтижесін жүз жылдан кейін көруіміз мүмкін. Алайда даналықтың және адамгершілік құндылықтардың «таза қайнаркөзіне» оралуымыз керек, әйтпесе қоғам ешқашан да аяқтан тұрып кете алмайды» – дегендей, бұл бағдарламаның заманауи білім беру жүйесінің негізіне айналуы тиіс дейді. Осындай ойлар мен тәжиребеден туындаған «Өзін-өзі тану» бағдарламасының басты мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, адамның өзін толық іске асыруына өзінің әлеуметтік ролі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әр бір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады.

Бұл талаптар мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін оқу мекемелеріндегі «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру пәні арқылы жүзеге асуда. Пән бойынша берілетін адамгершілік білім негіздері жаңа ғасырда, жаңаша бақытты өмір сүруді қалайтын, қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы терең, айналадағы адамдармен тіл табысуға, түсінуге ұмыталатын, болашақ ұрпақтың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді.

«Өзін-өзі тану» пәні мәні жағынан, балалардың қабылдау, түйсіну, білім,білік, дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен және оның өз «Менінің» шегін танытумен ерекшеленеді. Баланың жеке тұлға ретінде өсуі, өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі қадағалауы, өзіндік белсенділігінің артуы оның әрекетін бағалау негізі болып саналады. Бұл пән адамның қиялына қанат бітіретін, өмір қағидалары арқылы тәлім тәрбие беретіи, салауатты өмір салтын бастайтын игіліктердің жиынтығы. Тақырып аясыңда берілетін сан түрлі сапа, адами ізгі қасиет, үлгі өнеге, айналаға деген ыстық ықылас пен өмірге деген інкәр сезім т.б өмірлік құндылықтарды баланың зердесіне жеткізетін әрине, тәрбиеші. Олай болса, өмір оқулығындай ғажап дәрістерге толы бұл пәннен сабақ беретін тәрбиешіге қойылар талапта ерекше. Тәрбиеші өзінің білімділігімен, жүріс- тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де балаларына жақсы мағынада қатты әсер етуі тиіс.

Балаларға деген махаббат, әрбір баланың жеке даралық қабілеттерін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» «Өзін-өзі тану» тәрбиешінің ең басты қасиеттері болуы тиіс.

Адамзат баласы жұмыр жер бетін өзін-өзі тануға, ғаламдағы орнын анықтауға, өзара қарым-қатынасын реттеуге ұмтылып, тек дамытуға талпынуда. Рухани-адамгершілік тәрбиесі-ол жүрек тәрбиесі. Рухтың ұясы да- жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, рахымды болса, ізгіленеді. Тәрбие баланың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін көректендіруші болып, білімнен бұрын жүргізілуі тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріп, ақылды жүрек жылуымен нұрландыруы қажет.

«Білім теңізінен сусындап, шыдамдылықты шыңдап, махаббаттан нәр алып, даналықты іздеңіз, осылайша там-тұмдап жинап, рухани бай болыңыз» деген ежелгі даналардың сөзі бар.

Адамгершіліктің ең жоғарғы рухани қажеттілігінің бастау көзі-өзін өзі көрсету, өзін өзі жетілдіру, өзін өзі дамыту, қарым-қатынаста, дүние танымда өзінің шығармашылық қабілетін таныту. Бұл арада балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі мектеп жасында жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады.

Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелен ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

Бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырғандылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқан «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсеңді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек» – деген сөздері айғақтайды.

Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру-қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл занды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, аясы кеңейіп келеді.

Өзім осы пәннің өмірге қадам басқанына шексіз ризамын! «Өзіңді танығанда ғана әлем саған түсінікті болмақ» деген психологиялық аксиома бар. Өзін-өзі тану сабақтары осы сөздермен астасып жатқандай. Бұл Қазақстанның жас ұрпақтарының болашағы үшін қам жеген Сара Назарбаева ұсынған махаббат пен адамгершілік сабақтары әркімнің жан-дүниесін тануына, әлемге көз жүгірте отырып, мейірімділік, жақсылық жасауға бастайды.

Leave a Reply