Тіл алмау және жазалау

Дұрыс емес қылығы үшін жазалау мәселесінде екі ережені ескеру маңызды болады:

-Өз іс-әрекетіңіз, олардың себептері жөнінде есеп беру, сондай-ақ жазалау әділдігін сезінуі тиіс баланың ойы туралы ойлану қажет. Ұқсас жағдайларда тек көңіл-күйге немесе өзге факторларға сүйеніп, екі түрлі кесіп-пішуге болмайды (мысалы, бүгін сіздің көңіл-күйіңіз жақсы және сіз сәбидің қылығына назар айдармайсыз, ал ертең – дәл сондай қылығы үшін жазалайсыз).
-Байыпты жағдайларда бала ата-ана әрекеттерінің негізділігін анық түсінуі тиіс. Егер сәби тіл алмайтын болса – жазалау толықтай табиғи нәтиже. Ата-аналары қалай айтса, дәл сондай болады (сабырлы үнмен айтқан дұрыс).

Егер бала тіл алмаса ол үшін жазалау табиғи болуы тиіс. Кішкентайды дәл осыған – жазаның табиғилығын және қолданылмай қалмайтындығын түсінуге үйрету маңызды. Өмірдің өзі мұның мысалдарын көрсетеді. Қызыл жарыққа жүріп кетіп, апатқа ұшырауға болады. Қалпақты кимей, суық тигізуге болады. Бір шыны шәймен ойнап отырып, өзіне ыстық шәй төгіп алуға болады және тағы сондайлар. Баланы жазалаудан бұрын оның тентектігінің неге әкеліп соғатынын түсінідіру керек. Қарсылықты көтермейтін, сабырлы, сенімді екпінмен сөйлеу қажет.

Баланың мінезін дұрыс тәрбиелеу және қалыптастыру келесі қағидаларды сақтау кезінде мүмкін болады:

-Жазалаудың басты мақсаты баланы ол үшін қандай-да бір маңызды рақаттанудан айыру болып табылады
-Шектеу неғұрлым кешіккен уақытқа кейін қалдырылмай, бірден орындалуы тиіс. Балалардың уақытты сезінуі басқаша дамыған, және бірқатар аралықтан кейін орындалатын жазалау баланың түсініспеушілігін туғызуы мүмкін, мұның нәтижесінде өкпесін жасырып қалуы ықтимал
-«Жоқ» сөзі ымыраға келу, көндіру және талқылауды көтермейтін, үзілді-кесілді және қатаң болуы тиіс, баламен келісімге келуге және өз шешіміңізден бас тартуға болмайды. Егер оның айтқанымен жүріп және тіліне ерсеңіз, қулық жасау нысанына айналуыңыз мүмкін. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын, айтылған нәрсе туралы өкінбеу және өз шешіміңізді айта салысымен өзгертпеу үшін ойланып алыңыз. Балалар сізбен келісімге келуге болатынын бірден түсінеді, ал бұдан соң сіз өз балаңыздың мінез-құлық шектеуін сіз емес, өзі белгілейтінін аңғармай да қаласыз
-Қандай теріс қылық жасаса да, балаға қол көтермеу керек. Осылайша агрессия мен жасықтыққа ұрындыруға болады
-Баланы тұрақты сыртқы бақылаудан бас тарту қажет. Бұл балалық дербестіктің, табандылықтың, жауапкершіліктің болмауына әкеліп соғады, мұндай балалар өзге пікірлерге оңай беріледі және қандай-да бір байыпты шешімдер қабылдауға қабілетсіз. Мұның барлығы кейін ересек өмірге ұласады (есірткіг тәуелділер арасында көпшілігі, мұндай бөгде ықпалдарға оңай берілетін дәл осындай адамдар)

Баланы мына жағдайларда жазалауға болмайды:

-ас ішу кезінде
-ауырған кезеңінде
-ұйықтар алдында немесе одан кейін
-бала өзіндік ойынға өте берілген кезде
-бала сізді қуантқысы немесе көмектескісі келіп, бірақ бірнәрсені кездейсоқ бүлдіріп алған кезде
-баланы бөгде адамдардың көзінше жазалауға ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ болмайды

Баланы жазалау кезінде өз қылығыңызды қисынды, жүйелі ұстаңыз, ол сіздің көңіл-күйіңізге байланысты өзгермеуі тиіс. Бала егер ол бұл теріс қылықты жасаса – жазаланатынын анық түсінуі тиіс. Егер сіз бүгін сіздің көңіл-күйіңіз жақсы болғандықтан, және оның бұзғыңыз келмегендіктен, оның теріс қылығын кешіре салсаңыз, баланың оны ертең қайта жасайтынына дайын болыңыз. Бірақ бұл жолы сіз оны жазалайтын болсаңыз, онда ол не болғанын, сіз неліктен бұлай жасайтыныңызды түсінбейді, немесе теріс қорытынды жасайды.Дәл осы себептен балалар көбіне жазадан қашқақтау үшін, сіздің жақсы көңіл-күйде болғаныңызды күтіп, істеген ісін мойнына алмайды. Балаларды сізге жалған айтуға үйретпеу керек.

Leave a Reply