Ана –баланың алғашқы ұстазы

«Ел болам десең – бесігіңді түзе»-қазақ халық мақалы.

Әр ана өз баласын тәрбиелей отырып, оны әйгілі адам ретінде көруді армандайды. Бұл үміт, сенім және махаббат деп аталады. Осының барлығы аналық сезім, ол баласының сау, мықты және күшті болып өсуі үшін, оны жақсы көріп, әлпештейді.Бала кішкентай кезінен бастап оған бар уақытын арнайтын анасының қамқорлығында болады. Осы кезеңде анасы баласын күтеді, қамқорлық жасайды. Уақыт өте келе, бір жасынан бастап анасы баласын дербестікке үйретеді. Тамаққа дейін және кейін, әжетханадан кейін қолды жуу, бала аса жауапты болуы үшін, памперстерді кигізбейді. Бала 2 толғанда анасы әлеуметке үйрете бастайды. Бұл көршілердің балалары, немере бауырлары немесе қарындастары болуы мүмкін. Анасы баласын ашық болуға үйретеді және бақылай бастайды, ал кейін баланың қабілетін дамытады.

Анасының баласына дамытатын материалдарды сатып алуы да маңызды болып табылады. Анасы қарындаштар мен түрлі-түсті қағаздың көмегімен бояулар әлемімен таныстырады. Тақырыптық, баланың ойлауы мен логикасын дамытатын аппликацияларды жасайды. Анасы тәртіп пен жөнге үйретеді. Артынан ойыншықтарды жинауға, қарындаштарды қаламсауытқа, киімдерді сөреге жинауға, жеке гигиенаға, жаттығу жасауға үйретеді.Күн тәртібі баланың дамуында, төзімді психика үшін өте маңызды. Анасы күн тәртібін сақтамаған кезде жүйке жасушалары қозады, бала осыдан ызақор, жылауық, ерке болады. Ана мейірім қасиеттері мен жүріс-тұрыс нормаларының алғашқы ұстазы. Отбасының ересек мүшелері қалай қарым-қатынасатындығын көріп, бала осы қарым-қатынасты ойыншықтарымен жасайды, және құрдастарымен қарым-қатынасқа шығарады. Баланың ойыншықтармен қалай ойнайтындығына, олармен қалай қарым-қатынас жасайтындығына, қандай сөздер қолданатындығына көңіл бөлген маңызды. Анасы ешбір жағдайда немқұрайлылық танытпауы тиіс. Баламен тең дәрежеде қатынас жасау керек, айналысқысы келетінін таңдауға мүмкіндік берген абзал. Анасы кеңесші, дос, сондай-ақ үлгі тұтуға лайық жан болуға тиіс. Қазақ халық мақалында «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» делінген.

Диалог құрған, диалогтарда әңгімелесіп үйренген маңызды. Сонда бала өзінің отбасына тиістілігін сезінеді, өзін отбасының бір мүшесі ретінде қабылдайды. Ата-аналар баласымен бұйрықты үнмен қарым-қатынасады, аузын жабады және өз баласына қысым жасайды, өз ойы мен ниетін білдіруге мүмкіндік бермейді… бұл қаншалықты жиі болады. 4-5 жасар бала. Ол барлығын білгісі келеді. Айналадағы әлемді білуге ниетті және білім құмар. Бұл жағдайда аналар шыдамдылық танытып, өз баласының сұрақтарына уақыт пен жауап табуға тырысуы тиіс. Бұл жаста баланы жоғарыда тәртіп туралы айтылғандай, еңбекке де баулу керек. Атап айтқанда, сыпайытүрде бөлме гүлдерін суаруды, ыдыс жууға көмектесуді, қоқыс шығаруды, шаң сүртуді, кілемді шаңсорғышпен соруды өтіну қажет. Бір сөзбен айтқанда тәртіпке, үй жұмысына үйрету. Ұлдарды да, қыздарды да еңбекке бірдей үйрету керек. Олар алатын бар тәрбие жасөспірімдік жаста бекітіледі және әрі қарайғы өмірде қажет болады.

Кейінгі жылдары қол жеткізілгенге тоқтамай, логиканы, ойлауды, жадыны, ойлау қабілетін дамытуды, сондай-ақ физикалық дамытуды жалғастыру қажет. Егер сіздер балабақшаға немесе балаларды мектепке дайындайтын, балаларға арналған дамыту орталықтарына бармасаңыздар, мектепке дайындауды 3 жастан бастау ата-аналардың міндеті.
Балаға кішкентай кезінен бастап достық, дос сияқты ұғымдар туралы түсінік берген маңызды. Балаңыз әрі қарай жаман ниетті және жаман әдеттері бар ересек достарының әсеріне түспес үшін, балаға достарын, құрбыларын таңдауда талғампаз болуға үйрету керек. Абай болыңыз!

Leave a Reply