1-3 жастағы балаларды емізу

Балаға емшек емізуді жалғастырыңыз. Балаға отбасылық үстелден тамақ беріңіз. Баланы күніне 5 мәрте тамақтандырыңыз. Бала, ересек адам тәрізді, күніне 3 мәрте тамақ ішеді – бұл негізгі тамақтандыру. Бір тамақ беруде бала 17-20 ас қасық немесе 1,5 стақан тамақ жеуге тиіс (300 мл кем емес). Баланы күніне тағы 2 мәрте қосымша тамақтандырыңыз. Қосымша тамақтандыру ретінде май жаққан нанды, ішінде әр түрлі салымдары (көкөніс, жеміс, ет, сүзбе немесе олардың құрамдасулары) бар бәліштерді немесе қаусырмаларды; жемістері және қаймағы бар сүзбені; жаңа піскен жемістерді; жаңа піскен немесе қайнатылған көкөністерді ұсынуыңызға болады.

Сіздің сәбиіңіздің күнделікті ас мәзірінде өсіп келе жатқан ағзаға қажетті барлық дәрумендер мен микроэлементтердің болуы өте маңызды. Сіздің балаңыздың ет, бауыр, я балықты (майдаланған немесе тартылған ет түрінде) жеуі қажет, өйткені олардың құрамында баланы анемиядан (ағзадағы темір жетіспеушілігінен пайда болатын қаназдық) қорғайтын микроэлементтер бар. Үрме бұршақ, асбұршақ, жасымық темірдің өзге де маңызды көздері болып табылады. Баланың күнделікті ас мәзірінде сүт өнімдері қолданылуы керек: айран немесе сүт, сүзбе, ірімшік, йогурттар. Бұл өнімдердің құрамында кальций көп болады және олар баланың дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.

Сәби күнделікті май қосылған ботқалар жеуі керек (қарақұмық, күріш, жүгері және ұнтақ жарма). Бұл жастағы баланың күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер міндетті түрде болуы қажет, олар дәрумендер мен минералдардың негізгі көздері болып табылады. Көкөніс езбесіне қосылатын өсімдік майы да, онда бірқатар қанықпаған майлы қышқылдар болатындықтан артықшылық етпейді. Көкөністерді қою сорпа немесе борщ түрінде беруге болады. Ас әзірлеу кезінде тек йодталған тұзды пайдаланыңыз. Йодталған тұзды жабық ыдыста және күн сәулесінен қорғалған орында сақтаңыз.

1 жастағы балаларды тамақтандыру

Сіздің бөбегіңізге арналған тамақтың консистенциясы бойынша жұмсақ, бірақ майда түйірлерінің болуын қадағалаңыз. Бұл оның шайнау дағдыларының дамуына көмектеседі. Бұл жасқа қарай балалар әдетте ет пен майлы емес балықтың негізгі сұрыптарымен таныс болады. Енді балаға оларды тек езбе түрінде ғана емес, сондай-ақ котлеттер, фрикаделькалар (буда әзірленген) түрінде де беруге болады. Гарнир ретінде балаға жармалар немесе ұсақ үккіштен өткізілген көкөністерді беріңіз. Өз сәбиіңізге десертке көкөністер, жемістер немесе кептірілген жемістердің ұсақ тілімдері бар «дәруменді» ботқаны ұсыныңыз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сәби шақтағы балалар үшін тамақты қайнату, бұқтыру немесе буда әзірлеу қажет. Оны еш уақытта қуырып әзірлемеңіз!

1,5-3 жастағы балаларды тамақтандыру

Баланың өсу шамасына қарай езбе ас мәіріндегі сирек тағамға айналады. Етті, көкөністі және жемістерді енді ірірек турауға болады. Бала енді көп тамақты ата-аналар үстелінен алады. Дегенмен де, әлі де балаға беруге болмайтын кейбір азық-түліктер мен тағамдар бар.
Балаға үш жасқа дейін беруге болмайды:

-Қуырылаған тағамдарды
-Ұнға аунатылған тағамдарды
-Қызыл және қара уылдырықты
-Саңырауқұлақтарды
-Сіркесу және дәмдеуіштері бар татымды тағамдарды
-Сорпаларды
-Сосискалар және шұжықтарды
-Жартылай ысталған және ысталған өнімдерді
-Глазурленген ақ ірімшікті
-Балмұздақты
-Тұздалған көкөністерді
-Теңіз өнімдерін
-Шоколад, кәмпиттерді
-Май қосылған тоқаштар және кондитер өнімдерін
-Торттар, крем қосылған тәтті нанды

Есте сақтаңыз! Дұрыс тамақтану – Сіздің сәбиіңіздің жақсы дамуының кепілі!

Leave a Reply