Бала жыламас үшін оған сұрағанның бәрін беруге бола ма?

Ересектердей балаларда да көңіл-күйлері себепсіз жаман болады. Бірақ олар жылайды немесе шектен тыс еркелейді. Егер тамағы тоқ, асты құрғақ балаңыз көңіл-күйсіз болып, жаман қылықтар танытып жатса, онда ол өзіне көңіл аударуды мақсат етіп отыр деген сөз. Ол ойнағысы немесе өзін көрсеткісі келеді. Қиын болса да, күрсінулерге көңіл аудармау жылампаздық пен тым еркелікті тоқтатуға көмектеседі. Бір-бірте бала үйдегі басты қағидатты түсінеді – еркелеп, жаман қылықтар жасағанша, сыпайы түрде сұраған дұрыс. Кез-келген үйде балаларға қауіпті заттар бар. Бала еркелеп, бір нәрсені сұрай бастағанда зағип бозбала туралы аңыз есіме түседі. Соны сіздерге айтып берейін:
«Бірде зағип бозбала анасынан «Анашым, мен қалай соқыр болып қалдым» деп сұрайды. «Сен кішкентай болғанда», – деп бастайды әңгімесін анасы – «қайшымен ойнап отырдың. Мен оны сенен тартып алдым, сен болсаң жылай бастадың. Сені жұбату үшін қайшыны қайтарып бердім. Ал сен ол қайшымен көзіңді жарақаттап алдың». Соны естіген әлгі бозбала «Қазір жарқын дүниені көре алмай отырғанша, сол кезде қатты жылап қала бергенім дұрыс еді», – депті.»

Бұл аңыз балалардың еркелігіне бағынып, кез-келген әрекетке рұқсат беруге болмайтынын дәлелдейді. Ересектер балаға бір нәрсені алуға немесе жасауға рұқсат берерде жақсылап ойланулары қажет. Аңыздағыдай жағдай болмас үшін балаға неге рұқсат бермегеніңізді және тыңдамаса салдары қандай болатынын түсіндіру қажет. Егер балаңыз сыпайы сұрауды үйренгеннен кейін де ыңырсып, дегенін істеткісі келсе, ол жылауға құқылы екенін, бірақ олай тек өз бөлмесінде жасауға болатынын айту керек. Бірден не керек екенін дұрыстап айта алмайтын жылауық, әрі тентек баламен сөйлеспейтіндігіңізді оған жеткізіңіз. Егер ол жылауын қойса, келіп түсіндірсін. Ал сіз қаншалықты қынжылып тұрғаныңызды айтыңыз. Оның үстіне сүйікті балаңыздың сізді сонша ренжіткенін де тілге тиек ету керек. Балаңыз тентек болмай жүрсе, оны да атап қойыңыз. Ол еркелік пен жақсы қылықтардың айырмашылығын сезінсін. Ол тентек болмай, сабырға келсе, бірден мақтау айтыңыз – «жарайсын! Жүр ойыншықпен ойнайық» немесе «жыламай айтқаныңа рахмет». Бала сүйікті анасын ренжітіп алғанын түсінуі және кешірім сұрауы тиіс. Бірақ ол әдетке айналып кетпесін. Егер оның дегеніне көніп, сұраған нәрсесін бере беретін болсаңыз, онда ол еркелікті қару ретінде, айтқанын істеткізудің құралы ретінде қолданады. Балаға ашуланбаңыз және жазалау арқылы жылауын және еркелігін тоқтатуға тырыспаңыз. «Қазір сазайын тартып, шынымен жылайсын» деген сияқты сөздер бала екеуіңіздің араларыңыздағы жанжалды одан бетер ұшықтырады. Ол сіздің көңіл-күйіңіз үшін кінәлі екен деп ойлайды. Ол қорқанынан істесе дұрыс болмайды. Шыдамды болыңыз. Орындық әдісін қолдануға болады – баланы орындыққа отырғызып, жасы нешеде болса, сонша уақыт орындықта қозғалмай, үндемей отыру. Мәселен, мұнда 1 жыл-1 минут болып есептеледі. Немесе баланы сабырға шақыру үшін оған бірнеше рет терең демалуды ұсынамыз. Қазіргі қарыштап дамып жатқан заманда балаларда уақытқа сай дамып келеді. Әрбір үйде түрлі гаджеттер, телефондар, планшеттер бар. Көбінеки ата-аналар ойыншықтар мен өзіндік ойындарға көңіл бөлмей жатады. Бұл гаджеттердің барлығы мақсатына сай және жас ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланғаны абзал. Планшеттермен және гаджеттермен ойнайтын кішкентай балалардың ұсақ моторикасы, сөйлеу және ойлау қабілеті, коммуникативтік қасиеттері дамымайды, олар енжар болады, қуану, кешіріммен қарау дағдылары көрінбейді, шығармашылыққа, тыңдауға, жанашырлыққа ниеттенбейді. Балаңызға ұзақ уақыт компьютердің басында отыруға рұқсат етпеңіз. Ол интернеттен не қарағанына және әлеуметтік желілерде кіммен араласатынына назар аударыңыз.

Leave a Reply