Егер үйде сәби болса, дәрі қорапшасын қалай жинау қажет?

Дәрі қорапшасын әрбір үйден кездестіруге болады. Алайда, егер үйіңізде бала болса, оның ішіндегі заттарға аса назар аудару қажет. Дәрілерді ажыратып қана қоймай, сонымен қатар көмек көрсете білу де қажет. Біз үйде бала болған жағдайда дәрі қорапшасының ішінде болуы қажет заттар мен дәрілік заттардың тізімін құрастырдық.

-Таңғыш материалдары: дәке және зарарсыздандырылған таңғыштар, мақта, стерильді майлықтар, мақта таяқшалары, лейкопластырь, бактерицидті пластырь.
-Мүсәтір спирті. Естен таңғанда және жәндіктер шаққанда қолданылады.
-Бактерицидті заттар: йод, жасыл дәрі, сутек тотығы, марганец ерітіндісі, фурацилин.
-Дене қызуын түсіретін таблеткалар, тығындәрілер немесе шәрбаттар: парацетамол, эффералган, нурофен, цефекон және т.б.
-Аллергия болған кезде қолданылатын гистаминге қарсы дәрілік заттар: кларитин, диазолин, зиртек, тавегил, супрастин және т.б.
-Ішек-қарын аурулары кезінде: регидрон, смекта, белсендірілген көмір, хилак-форте, эспумизан, мезим-форте және т.б.
-Тұмауды емдеу үшін: отривин, галазолин, називин, пиносол, санорин және т.б.
-Вирусқа қарсы дәрілік заттар: оксолин жақпа майы, ересектерде індет кезінде балаға жұқтырмас үшін интерферон, арбидол, анаферон қабылдаған дұрыс. Төрт жасқа дейінгі балаларға әрқашан тоңазытқышта болуы тиіс виферон тығындәрілері пайдалы.
-Күйіктерден: пантенол, бепантен, левиал.
-Термометр.
-Клизма.
-Тамызғыштар.
-Қайшылар.

Дәрі қобдишасының ішін тұрақты түрде тексеріп, мерзімі өткен дәрілік заттарды алмастырып тұрыңыз. Аңдатпада жазылған дәрілік затты сақтау талаптарын мұқият оқыңыз. Сіздің балаңызда балаларға арналған дәрілік заттар болуы қажет, егер балаларға арналған дәрілік зат болмаса, оны ересектерге арналған дәрілік заттармен алмастыруға болмайды. Соңы қайғыға әкелуі мүмкін. Қобдиша ішінде дәрілік заттардың тізімі мен оны қолдану көрсеткіштері болғаны дұрыс. Бұл қателіктерге жол бермей, дәрі қобдишасын кез келген адамның қолдануына мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың жарықтан тыс, салқын және балалардың қолдары жетпейтін жерде болғаны дұрыс.

Leave a Reply