Баланың іші бұрап ауырғанда қалай көмектесуге болады

Ішек шаншуы деп баланың ішектерінде көп мөлешрде газ қалыптасуымен байланысты пайда болған іштегі бұрап ауруды айтады. Бұл нәрестенің ішек-қарын жолдарының құрсақтан шыққаннан кейінгі дамудың жаңа жағдайына бейімделуімен байланысты. Емшектегі баланың алғашқы іш шаншуы туылғаннан кейін 2-4 аптадан кейін басталуы мүмкін және 3 айға толған кезіне қарай доғарылады. Шаншулар дені сап-сау, тәбеті жақсы, дамуы еш кедергісіз жүзеге асып жатқан балаларда да болады.

Шаншу белгілері

-Баланың себепсіз мазасыздануы
-Емшектегі бала аяғын ішіне қара тартады, бұл бұрап, толғақ тәріздес іш ауруының не ішек ауруының белгісі
-Бірнеше сағат аралығында ащы айғайлайды, көбінесе кешке қарай, тіпті күні бойы бала тәбеті жақсы болып, оның дені сау болса да
-Кейде газ шығарады
-Бозаруы мүмкін
-Бала емгеннен кейін жылап, мазасыздана бастайды
-Тамақты организм қабылдамағанын жасыл шырышты сұйық дәреттен байқауға болады (немесе керісінше іштің қатуы)

Пайда болу себептері

-Баланы емізудің дұрыс емес әдісі, бала сүтпен бірге ауа жұтқандықтан
-Егер де бала қолдан қоректендірілсе, онда бөтелке 45°C бұрышта орналасуы керек, сонда ауа оның түбінде жиналады
-Нормадан тыс емізу. Сүттің көп мқлшерде берілуі асқазанда газ қалыптасуына немесе құсуға әкеледі. Мұндай жағдайда, баланы аз-аздан бірақ жиірек тамақтандырған жөн
-Сәйкес емес қосынды
-Емізетін ананың дұрыс емес ас үлесі
-Шаншу көбіне егер де емізетін ана шылым шексе пайда болады

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ егер де емізуші ана құрамында фенхель, зире, жаужапырақ, анис бар шай ішсе, онда іш шаншудан мүлде арылуға болады! осыны есте сақтаңыз!

Шаншуды туғызатын өнімдер

Емізуші анаға ас үлесінен келсеі өнімдерді алып тастау қажет:

-Орамжапырақ
-Ащы дәмдеуіштер қосылған тағамдар
-Жүгері
-Сиыр сүті және кейбір сүт өнімдері
-Пияз
-Қызанақтар
-Жаңғақтар
-Кофеин қосылған өнімдер

Егер де шаншудың пайда болуы жоғарыда көрсетілген өнімдермен байланысты болса, онда оларды ананың ас үлесінен алып тастағаннан кейін, шаншу 1-2 күн өткен соң басылады.

Шаншу кезіндегі көмек

Шаншу кезінде жаңа туылған нәрестеге келесі әдістер көмектеседі. Оны ата-анасы дәрігердің көмегінсіз үй жағдайларында жасауына болады:

-Әрбір емізгеннен кейін баланы қатты тегіс жазықтыққа ішпен жатқызу керек
-Баланы емізгеннен кейін тік ұстап, кекіргенше күте тұрыңыз
-Үтіктелген жаялықтан жылы компресс жасаңыз. Жаялықты үтікпен қыздырып, онымен баланың ішін орап қойыңыз. Әжелеріміздің осы бір амалы емшектегі балада пайда болған тым жедел шаншу кезінде тиімді көмектеседі
-Сонымен қоса аналар қыздырылған жаялықты өз іштеріне де төсеп қойып, үстіне нәрестені ішпен жатқызып қоюына болады. МАҢЫЗДЫ! —–Жаялық күйдірердей тым ыстық болмауы қажет, әйтпесе балаға зақым келтіріп аласыз
-Емшектегі баланың ішін жеңіл қимылмен, сағат тілінің барысымен уқалаңыз
-Оны ішімен өзіңіздің кеудеңізге басыңыз
-Балада шаншу пайда болған кезде, оны арқасымен жатқызып, ішіне алақаныңызды төсеңіз
-Емізгеннен кейін аскөк суын беріңіз
-Егер де іш шаншулары қолдан тамақтанатын емшектегі баланы мазаласа, онда қоспаны алмастырып көріңіз
-Ішін уқалаңыз

Leave a Reply