Алғашқы көмекті үй жағдайында қалай көрсету қажет

ТАМЫР СОҒЫСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Баланың қолында

Бас саусақты қолдың сыртқы жағынан иық пен шынтақ ортасына, ал сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты ішкі жағынан қойып, сәл қысыңыз. Тамыр соғысын кемінде 5 секунд ұстап көріңіз.

Ұйқы күретамырында

Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты бірге ұстап, мойынға қойыңыз. Жүрек соғысы болған кезде тамыр соғысын сезінесіз.

ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ: 1 ЖАСТАН КЕЙІН

Егер бала есінен таңып қалып, дем алмаса, бірақ тамыр соғысы болса «ауызға-ауыз» жасанды тыныс алдыруды бастаңыз.

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланы қатты жерге шалқасынан жатқызыңыз. Аузынан барлық бөтен заттарды алып тастаңыз. Екі саусақпен баланың иегін көтеріп, басын артқа қарай шалқайтыңыз
-Баланың мұрнын қысыңыз. Ерініңізбен баланың аузын қапсырып алыңыз. Оның өкпесіне кеуде торшасы көтерілгенше ауа үрлеңіз
-Ерініңізді баланың аузынан алыңыз. Кеуде торшасының қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз. Баланың мұрнын қысқан қалпында ұстап тұрыңыз. Егер нәрестенің кеуде торшасы көтерілмесе, тағы да аузына қараңыз. Бөгде денені көріп ұрмасаңыз саусағыңызды тамағына тықпаңыз
-Жасанды тыныс алдыруды 1 мин. бойында 3 сек. сайын (яғни минутына 20 рет үрлеу) толық дем жібере отырып жалғастырыңыз
-Кідіріс жасап, мойнындағы күре тамырдағы тамыр соғысын тексеріңіз. Егер тамыры соқпаса ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНА кірісіңіз
-Дереу жедел жәрдем немесе медицина қызметкерін шақырыңыз! Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
-Көмек келіп жеткенше жасанды тыныс алдыруды жалғастыра беріңіз. Әр минут сайын күре тамыр бойындағы тамыр соғысын байқап отырыңыз; егер ол білінбесе, ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНА кірісіңіз

ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ: 1 ЖАСҚА ДЕЙІН

Бала есінін танып қалғанда, тыныс алуы тоқтағанда және тамыры соқпағанда жүргізіледі.

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланы қатты жерге шалқасынан жатқызыңыз. Кеудесін сипаңыз. Ортаншы саусағын төс сүйегінің шетіне, ал сұқ саусағыңызды сүйектің өзіне қойыңыз
-Алақаныңызбен ол 2 см-ге түсетіндей жылдам басып қалыңыз және 3 секунд бойында 5 рет басыңыз
-Бір рет аузынан толық ауа үрлеңіз
-Кеудені 5 рет қатты басуды 1 рет ауа үрлеумен алмастырып 1 минут бойында жалғастырыңыз
-Дереу жедел жәрдем немесе медицина қызметкерін шақырыңыз! Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
-Көмек келіп жеткенше кеудені 5 рет қатты басуды 1 рет ауа үрлеумен алмастыра отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жалғастыра беріңіз

ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫ БІТЕЛІП ҚАЛҒАНДА: 1 ЖАСҚА ДЕЙІН

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланы бетімен төмен қаратып, білегіңізге қойыңыз
-Баланың басы мен иығын бір қолмен ұстап тұрып, бас қолмен арқасынан (жауырын арасынан) 5 рет қатты соңғыңыз
-Егер арқасынан соққанда тыныс алу жолдары ашылмаса, нәрестенің бетін жоғары қаратып екінші қолыңызға ауыстырыңыз; бос қолыңыздың екі саусағымен төс сүйегінің төменгі жағынан 5 рет қатты басыңыз (жөтелге ұқсас әсер етеді)
-Баланың аузын қараңыз. Ол үшін тілін саусақпен басып тұрыңыз. Егер сіз бүгілген саусақпен алып тастауға болатын затты байқамасаңыз, саусағыңызды тамағына сұқпаңыз
-Егер тыныс жолдарын босата алмасаңыз тез арада медициналық көмекке жүгініңіз!
-Осы әрекетті көмек келгенше немесе тыныс алу жолдары ашылғанша қайталаңыз
-Егер нәресте есінен танып қалса, реанимация жасауға дайындалыңыз, сәбиді СІЛКІМЕҢІЗ және басын төмен салбыратып ұстамаңыз

ЖОҒАРҒЫ ТЕМПЕРАТУРА

Бұл ағзаның инфекцияға қарсы тұратын қорғаныс механизімі. Температура 37,5С –ден жоғары болса, оны жоғарғы температура деп атауға болады. Шамалы қызу әдетте қауіпті емес. Жоғарғы температуралармен бірге жүретін инфекциялық аурулар асқынуларға алып келуі мүмкін. 5 жастан кішкентай сәбилерде температура тырыспаға әкеліп соғуы мүмкін. Егер баланың қызуы 38,5С жоғары болса, міндетті түрде дәрігерді шақырыңыз.

ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРІ

-дене температурасы қалыпты температурадан жоғары; ыстық, қызарған тері
-бет терісінің бозаруы, қалтырау, қатпарланған тері
-дірілдеу, баланың тісі тісіне тимей қалшылдайды

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланың дене қызуын өлшеңіз. Қолтығының астына градусник қойып, қолын кеудесіне қысып, 4-5 минут бойында ұстаңыз
-Баланы кереуетке немесе диванға жатқызып, үстіне көрпе жаппаңыз. Балаға су мен сұйықтықты көп ішкізіңіз
-Егер баланың жасы 3 айға дейін болып, дене қызуы 37,5°С-ден жоғары көтерілсе, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз

Leave a Reply