Алғашқы көмекті үй жағдайында қалай көрсету қажет

ТАМЫР СОҒЫСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Баланың қолында

Бас саусақты қолдың сыртқы жағынан иық пен шынтақ ортасына, ал сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты ішкі жағынан қойып, сәл қысыңыз. Тамыр соғысын кемінде 5 секунд ұстап көріңіз.

Ұйқы күретамырында

Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты бірге ұстап, мойынға қойыңыз. Жүрек соғысы болған кезде тамыр соғысын сезінесіз.

ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ: 1 ЖАСТАН КЕЙІН

Егер бала есінен таңып қалып, дем алмаса, бірақ тамыр соғысы болса «ауызға-ауыз» жасанды тыныс алдыруды бастаңыз.

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланы қатты жерге шалқасынан жатқызыңыз. Аузынан барлық бөтен заттарды алып тастаңыз. Екі саусақпен баланың иегін көтеріп, басын артқа қарай шалқайтыңыз.
-Баланың мұрнын қысыңыз. Ерініңізбен баланың аузын қапсырып алыңыз. Оның өкпесіне кеуде торшасы көтерілгенше ауа үрлеңіз.
-Ерініңізді баланың аузынан алыңыз. Кеуде торшасының қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз. Баланың мұрнын қысқан қалпында ұстап тұрыңыз. Егер нәрестенің кеуде торшасы көтерілмесе, тағы да аузына қараңыз. Бөгде денені көріп ұрмасаңыз саусағыңызды тамағына тықпаңыз.
-Жасанды тыныс алдыруды 1 мин. бойында 3 сек. сайын (яғни минутына 20 рет үрлеу) толық дем жібере отырып жалғастырыңыз.
-Кідіріс жасап, мойнындағы күре тамырдағы тамыр соғысын тексеріңіз. Егер тамыры соқпаса ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНА кірісіңіз.
-Дереу жедел жәрдем немесе медицина қызметкерін шақырыңыз! Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
-Көмек келіп жеткенше жасанды тыныс алдыруды жалғастыра беріңіз. Әр минут сайын күре тамыр бойындағы тамыр соғысын байқап отырыңыз; егер ол білінбесе, ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНА кірісіңіз.

ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ: 1 ЖАСТАН КЕЙІН

Бала есінін танып қалғанда, тыныс алуы тоқтағанда және тамыры соқпағанда жүргізіледі.

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланы қатты жерге шалқасынан жатқызыңыз. Кеудесін сипаңыз. Ортаншы саусағыңызды төс сүйегінің шетіне, ал сұқ саусағыңызды сүйектің өзіне қойыңыз.
-Екінші қолыңыздың алақанын саусақтарыңызға жақын ұстаңыз.
-Алақаныңызбен ол 3 см-ге түсетіндей жылдам басып қалыңыз және 3 секунд бойында 5 рет басыңыз.
-Бір рет аузынан толық ауа үрлеңіз.
-Кеудені 5 рет қатты басуды 1 рет ауа үрлеумен алмастырып 1 минут бойында жалғастырыңыз.
-Дереу жедел жәрдем немесе медицина қызметкерін шақырыңыз! Баланы қараусыз қалдырмаңыз!
-Көмек келіп жеткенше кеудені 5 рет қатты басуды 1 рет ауа үрлеумен алмастыра отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жалғастыра беріңіз.
-Тіршілік нышаны пайда болғанша, тамыр соғысына бақылау жасап отырыңыз.

ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫ БІТЕЛІП ҚАЛҒАНДА: 1 ЖАСТАН БАСТАП

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Оны жақсылап жөтелуге көндіріңіз, бірақ оған көп уақыт жібермеңіз.
-Баланың денесін алдыға қарай еңкейтіңіз. Жауырын арасынан 5 рет қатты соғып қалыңыз.
-Егер арқасынан соққанда тыныс алу жолдары ашылмаса, баланы қатты жазықтыққа арқасымен жатқызыңыз: бала ересек болса – еденге, кішкентай болса – өзіңіздің алдыңызға. Бір қолыңыздың алақанын кеуденің төменгі бөліне қойыңыз. Кеудесінен 5 рет тез қатты басып қалыңыз.
-Баланың тілін саусақпен басып, аузын қараңыз. Ауыздың ішіндегі барлық бөгде денені алып тастаңыз.
-Егер тыныс жолдары ашылмаса, ішінен қатты басыңыз. Алақаныңызды іштің жоғарғы ортаңғы бөлігіне (төс сүйегінің астына) қойып, жоғарғы жаққа қарай 5 рет тез басып қалыңыз.
-Баланың аузын қараңыз.
-Тез арада медициналық көмек шақырыңыз!
-Осы әрекетті көмек келгенше немесе тыныс алу жолдары ашылғанша 3-5 рет қайталаңыз.
-Тағы да арқасынан соғыңыз. Бұл кезде ересек бала еденде, ал кішкентай бала сіздің алдыңызда жата береді.

ЖОҒАРҒЫ ТЕМПЕРАТУРА

Бұл ағзаның инфекцияға қарсы тұратын қорғаныс механизімі. Температура 37,5С –ден жоғары болса, оны жоғарғы температура деп атауға болады. Шамалы қызу әдетте қауіпті емес. Жоғарғы температуралармен бірге жүретін инфекциялық аурулар асқынуларға алып келуі мүмкін. 5 жастан кішкентай сәбилерде температура тырыспаға әкеліп соғуы мүмкін. Егер баланың қызуы 38,5С жоғары болса, міндетті түрде дәрігерді шақырыңыз.

ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРІ

-дене температурасы қалыпты температурадан жоғары; ыстық, қызарған тері
-бет терісінің бозаруы, қалтырау, қатпарланған тері
-дірілдеу, баланың тісі тісіне тимей қалшылдайды

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланың дене қызуын өлшеңіз. Қолтығының астына градусник қойып, қолын кеудесіне қысып, 4-5 минут бойында ұстаңыз.
-Баланы кереуетке немесе диванға жатқызып, үстіне көрпе жаппаңыз. Балаға су мен сұйықтықты көп ішкізіңіз.
-Егер баланың жасы 3 айға дейін болып, дене қызуы 37,5С-ден жоғары көтерілсе, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз.

ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА КЕЗІНДЕГҢ ҚҰРЫСУ

СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ:

-Баланың киімін шешіңіз. Бөлмедегі ауаның таза, бірақ салқын болмауын қадалағыңыз.
-Баланы жарақаттан қорғау үшін оны қауіпсіз жерге жатқызыңыз. Оның басынан аяғына дейін жылы суға малынған шүберекпен сүртіңіз. -Баланың тоңып қалмауын қадағалаңыз.
-Дененің салқындау тырыспаны тоқтатады. Баланы қырынан жатқызып басын артқа қарай шалқайтыңыз. Жұқа көрпемен немесе жаймамен баланың үстің жабыңыз. Тыныштандырыңыз. Егер дене қызуы қайтадан көтерілсе, таға да суға малынған шүберекпен сүртіңіз.
-Дереу медициналық көмекке жүгініңіз!

Leave a Reply