От пен пенопласт баланың сөйлеу қабілетін қалай дамытады

Бала өзінің ойы мен тілегін еркін жеткізе алуы үшін, оның сөздік қоры бай болуы тиіс. Сол себепті, өзіңіздің баламен жасайтын әрекеттеріңіздің бәрін дауыстап айтып отыруға дағдыланыңыз.

Баланы дұрыс тыныс алуға үйрету және оның артикуляциялық аппаратын дамыту қажет, бұл баланың ұзақ күрделі сөйлемдермен жеңіл сөйлеуіне ықпал ететін болады. Артикуляцияны дамыту үшін жаңылтпаштардың маңызы зор.

Өзіңіздің алғашқы сабақтарыңызды қызықты және көңілді етіп өткізуге тырысыңыз! Сауатты тыныс алғанда біз барлық сөздерді дем шығарғанда айтамыз, осыған байланысты тыныс алу фазасын жаттықтыруға арналған көптеген ойын түрлері бар.

Сыбызғы және ысқырық

Бала үшін әлем әр түрлі дыбыстарға толы: кейбір дыбысты шығару үшін ана бір нәрсемен қағуға болады, екіншілері – мына сыбызғыны үрлесе шығады. Дыбыстарды шығара отырып, бала өзінің дем алу мүмкіндіктерін жаттықтырады, себептік-салдарлық байланысты тани бастайды (үрледі – дыбыс шықты).

Мұндай әрекеттерді ысқырықтан бастауға болады, себебі дыбысты шығару үшін оған жай ғана үрлесе болды. Балаға сыртқы түрі ұнайтын, ұстауға ыңғайлы және даусы қатты шықпайтын ысқырықтарды таңдаңыз.

Сабын көпіршіктері және ол ғана емес. Балалық шағында сабын көпіршіктерін ұнатпаған ересек жан жоқ шығар, сірә. Кемпірқосақтың әр алуан түсіне боялатын, осы бір қызық шарлар кімге де болсын, рахат пен қуаныш сыйлағаны рас! Сіздің балаңызға да ол өте ұнауы тиіс. Себебі, оларды үрлеп шығарып қана қоймай, олардың соңынан жүгіріп ұстап алуға да болады.

Сабын көпіршіктерінен қамал немесе тау жасауға болады. Стақанға немесе күрежкеге шамалы су құйыңыз және оған ыдыс жууға арналған заттан қосыңыз. Балаңызбен бірге іші қуыс түтіктерді алыңыз, жаңағы қоспаны үрлеңіз және көбіктің сіздердің көз алдарыңызда қалай өсіп келе жатқандығын көре аласыз.

Балауыз шам

Оттың назарды өзіне аударатын сиқырлы қасиеті бар. Бұл тамаша мүмкіндікті балалар мерекесінің ажырамас бөлігіне айналдыруға болады. Бұл баламен ойнаудың тамаша мүмкіндігі. Балауыз шамды үрлеу – екі жасар бала үшін өте қарапайым міндет емес, ал ересектерге солай көрінері сөзсіз. Бұл үшін назарды шоғырландыру, кеудеңе ауаны толтырып алу, ерніңді дөңгелетіп, дәл оттың жалынына үрлеу қажет.

Баланың әр қадамы үшін оны мақтаңыз, себебі балауыз шам жағу ең күрделі нәрсе емес қой. Баланың дәл жалынды көздей отырып үрлеуі, және оны сөндіріп алмау қажеттігі анағұрлым күрделірек. Бұл үшін шығарылған дем біркелкі және ұзақ болуы тиіс.

Неге балауыз шам таңдалып отыр? Себебі, оның оты балаға оның дұрыс әрекет етіп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, шамнан біршама ұзағырақ тұрып, алыстау қашықтықтан да үрлеуге болады. Отпен осындай әрекет түрлерін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік техникасын міндетті түрде сақтаңыз. Баланы жанып тұрған шамның қасында жалғыз қалдырмаңыз.

Мақта немесе пенопласт

Мақтаның немесе пенопласттың шағын бөлігін алыңыз (ол өте жеңіл болатындығы белгілі), үстелге қойыңыз және балаға оны үрлеу туралы тапсырма беріңіз. Бұл ойынды көпшілікпен бірге ойнаған қызықты. Міндет – үстелдегі кесекті мүмкіндігінше әрі қарай жылжыту.

Ал, пенопластпен одан да қызықты ойын жүргізуге болады: пенопласт бөлігін алыңыз, оған тіс шұқығышты қадаңызғ қағаздан кеме жасаңыз. Енді раковинаға, ыдысқа немесе ваннаға су құйып, кемені соған жіберуге болады. Қолға түскеннің бәрін де үрлеуге болады – ол үшін сіздің ой-қиялыңыз жеткілікті.

Кім ұзаққа шыдайды?

Бұл ойынның ережелері өте қарапайым. Мысалы, кім «а», «у» немесе кез-келген басқа дауыстыны ұзақ айтып тұра алады деген секілді.
Кейбір дауыссыз дыбыстарды да ұзақ айтуға болады. Барлық балалар бұл ойынды ата-аналарымен бірге ойнағанды жақсы көреді.

Менен кейін қайтала

Дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырады, артикуляциялық аппаратты дамытады. Балаға қысқаша өлеңдер оқып беріңіз және соңғы буынды сізден кейін қаталауын сұраңыз:

Келе жатыр балалар — лар-лар-лар, лар-лар-лар.
Жүгіреді, ойнайды — ды-ды-ды, ды-ды-ды.
Әне, біздің ағалар — лар-лар-лар, лар-лар-лар.
Қамымызды ойлайды — ды-ды-ды, ды-ды-ды.

Leave a Reply