Баланы қалай сөйлетіп үйрету керек?

«Тіл буынсыз, ой түпсіз» қазақ халық мақалы.

Білуімізше, ана құрсағында барлық органдар мен баланың қабылдау жүйелері қалыптасады. Әйел адам өзінің жүктілігінен рақат алып, байыпты жақсы көңіл күйде болса, оқыса, классикалық музыка тыңдаса, баламен сөйлессе, осының барлығы болашақ баланың дамуы мен өсуіне әсер етеді.

«Бала тәрбиесі – бесіктен»- дейді халық даналығы. Балалар құмыраға ұқсас, олар сөйлемес бұрын, оларды сөзге толтыру қажет. Маманға асығудың қажеті жоқ, жай ғана сәбимен сөйлесу, күн сайын, сағат сайын орындалатын әр әрекетті айтып отыру керек. Сөйлескен кезде эмоцияны, іс-қимылдарды және мимиканы қосқан жөн. Сөйлескен кезде әр затты өз атымен атау маңызды және ешбір жағдайда баламен бала болып сөйлеспеген және сөздердің кішірейткіш үлгілерін қолданбаған абзал. Өзіңізге тең ересек адаммен сөйлескендей сөйлесу қажет. Нақты және анық айтылатын сөздер балаға ұғым береді, және ата-ана одан күтетін ажырату қабілеті пайда болады. Баланы сөйлеп үйрету үшін, қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту керек. Бұл жаттығуларға мүсіндеу, ірі түймелерді немесе моншақтарды жіпке өткізу, құрағыштармен, баланың жасына сай келетін Lego сияқты ірі бөлшектермен ойнау жатады. Сондай-ақ, жармалармен жұмыс істеуге болады, бірақ бала жұтып қоймас үшін мұқият болу керек. Моторика мен сөйлеуді дамытатын саусақ жаттығуларын пайдаланған маңызды.

Психогимнастика амалдары. Балаңызға ұнаған тақпақты таңдаңыз және сөздерін жаттап алыңыз. Кейін жаттаған сөздерге қимылдарды қосыңыз. Кейін эмоциялық фонды қосу қажет.Баланың сөйлеуін ән салу жақсы дамытады. Балаға ұнаған кез келген әнді буындап салғанның өзі пайдалы. Мысалы: Ла-ла-ла, топ-топ-топ, му-му-му. Баланы ертегі оқу сияқты ұйықтау рәсіміне үйреткен маңызды, алайда ертегінің соңы қорқынышты болмауы тиіс! Ел халықтарының түрлі ертегілерін, жас санатын ескеріп, балаларға арналған және мағынасы терең қызықты әңгімелерді оқуға болады. Осы ертегілерді әрі қарай балалармен талдап, кейіпкерлерін сомдау сондай-ақ маңызды болып табылады. Эстетикалық адамгершілік сипаттағы сауалдарға жауап бере отырып, ертегі терапиясы –эмоциялық, психикалық және сөздік дамуға оң бағасын береді.

Бала сіздің көңіліңізді істеріңізден аударса және өзіне назар аударуыңызды талап етсе, оны ыза қылдырмауға тырысыңыз, себебі оның әрбір қадамы мен қимылы оның өмірлік тәжірибесін толықтырады. Баланы 9 айынан бастап буындап сөйлеуге үйретеді, осы жасқа қарай бала ана, әке, ата, апа, арс-арс, мяу деген сөздерді ажыратып, сөйлей алуы тиіс.

1.5 жасқа қарай бала миында зат-сөз арасындағы байланыс орнығады. Ол 20 артық сөз айтуы тиіс. Эмоциялық фонды пайдалана отырып, бала ересектердің сөзін ажыратуы және пікір білдіруі керек. Бала ересектердің мінез-құлқын көшіре бастайды, дауысына еліктейді, балалар әндерінің, тақпақтарының әсемдігін түсінеді және қосылып айтуға тырысады.

2 жасқа қарай бала 50-ден артық сөз айта алады, бірақ бұл сөздерді туғандары ғана түсінеді. Бала бұл жаста ересектің сұрауы бойынша қайталай және қысқа сөйлемдерді құрай алады. Сәбиіңіздің зердесі мен сөйлеуін дамыту үшін, осы жаста сөздік және тақпақтық жүктеме керек.

Leave a Reply