Туғаннан бір жасқа дейінгі балалардың дамуындағы өзгерістер

Алғашқы жылда баланың айлап ең қарқынды дамуы орын алады. Ол дағдыларының көбін өмірінің алғашқы жылында бойға сіңіреді. Ерте балалық шақта бүкіл әрі қарайғы өмірге денсаулықтың, үйренушіліктің және мінез-құлықтың маңызды негіздері қаланады. Өмірінің алғашқы жылдарында балалар тәуелді әрі шарасыз нәрестеден жүруге, сөйлеуге және мәселелерді белсенді шешуге қабілетті балаға түрленеді. Бұл өзгерістер үдерісі табиғат пен тәрбие, ген мен қоршаған орта арасындағы өзара күрделі байланыстың салдарынан туындайды. Ортаның дамушы қасиеттері және баланың ата-анасымен, тәрбиешілерімен, отбасымен және қоғаммен өзара адами қатынастары баланың дамуына елеулі әрі ұзақ уақыттық әсерлердің бірін көрсетеді. Бір-екі айда ерекшеленуі мүмкін орташа даму көрсеткіштерін келтіреміз. Алайда, балаңыздың көптеген көрсеткіштер бойынша айтарлықтай артта қалып келе жатқанын байқасаңыз, онда маманға жүгінген дұрыс болады. Балаңыздың өміріндегі ең маңызды уақытты жіберіп алмаңыз!

0-ДЕН 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ КАРТАСЫ

ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ

-Ішпен жатып, басын көтереді
-Ішпен жатып, қолымен, одан кейін шынтағымен тіреледі
-Алдындағы және айналасындағы нәрселерге жақсы көз қырын салады
-Жақсы былдырлайды (а-а-а, м-м-м)
-Күледі
-Аяғымен жақсы тіреліп, басын сенімді ұстай алады

3-ТЕН 6 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ КАРТАСЫ

ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ

-Ішпен жатып, алақанымен тіреліп, кеудесінің үстіңгі бөлігін көтереді
-Ұзақ уақыт былдырлайды, күледі
-Әртүрлі дыбыстарға жақсы жауап қайтарады
-Ішінен арқасына қарай бұрылады
-Сүйемелдеумен отырады
-Еңбектеу қадамдары басталады
-Ойыншықты қолына жақсы ұстайды
-Сөйлеуге қадамдар жасайды
-Ата-анасы мен басқа жақындарын бөтен адамдардан жақсы таниды

6-ДАН 12 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ КАРТАСЫ

ІРІ МОТОРИКА

-Бала сүйемелдеусіз түзу отырады
-Бала өз қолдарымен көкірек қуысын көтереді
-Бала ішпен жақсы жорғалайды
-Бала төрт аяқтап тұрады
-Бала еңбекте жүреді
-Төрт аяқтап тұрған қалпынан отырады
-Баланы екі қолынан сүйемедеген кезде жүреді
-Сүйемелдеу үшін еңбектеу арқылы отырады, иіледі
-Бала жиһаздарды ұстау арқылы бүйірмен сенімді түрде жүреді
-Өз бетімен не қолдан ұстап жүреді
-Бала өзі отырып, өз тұрады

ҰСАҚ МОТОРИКА

-Бала сылдырмақты сілкілейді
-Бала заттарға қарай ұмтылып, оларды ауызға апарады
-Баланың ойыншығын біреу тартып алғысы келсе, оны қатты қысып алады
-Бала заттардың бір қолынан екіншісіне ауыстырады
-Бала заттарды бес саусағымен ұстайды (тырмалап қозғалу)
-Бала заттарды бас және сұқ саусағымен алады (іскекпен қозғалу)

СӨЗДІ ТҮСІНУ

-Бала өз атын біледі
-Бала ересектердің сұраған қимылдарын ім-шаралармен көрсетеді
-«Иә, болады» және «жоқ, болмайды» сөздерінің арасындағы айырмашылықты түсініп, біледі.

БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУ

-Бала былдырлайды немесе мәні жоқ бір дыбыстарды (ба-ба, ма-ма) қайта-қайта айтады
-Дыбыстар мен сөздерді ұғынып пайдаланады, оларды нақты заттарға/адамдарға сәйкестендіреді

ЗИЯТКЕРЛІК ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ

-Бала анасының дауысын біледі
-Бала 20-40 см қашықтықтан ұсақ заттарға мән береді
-Кез-келген ойыншықты ажырата біледі

ЭМОЦИЯЛАР МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

-Бала таныс адамдарды көргенде өздерін бақытты сезінеді
-Басқа балалардың ортасында қуанады

ТАМАҚ ІШУ

-Қасықтан іше алады
-Қоюлау тамақты қасықтан жейді
-Нан тілімін немесе печеньені ұстап, оны жей алады

ЖЕКЕ ГИГИЕНА

-Дәретке үлкендердің отырғызуымен горшокқа отырады

Leave a Reply