Математикалық ұғымдарды қалыптастыруға арналған ойындар

Балаларға арналған математикалық ойындар арнайы жасалуы қиын жағдайларды талап етпейді. Көп мүмкіндіктерді қоршаған орта және күнделікті өмірден ала беруге болады.

Екі-үш жастағы баланың қарапайым математикалық түсінігі бар. Ол негізгі бағыттарды біледі: алға, кері, жоғары, төмен, бүйірге; заттарды мөлшері бойынша ажырата алады (үлкен, кішкентай, осындай), олардың санын біледі (бір, екі, көп). Күн сайын математикалық ойындар арқылы баланың дағдыларын жетілдіре отырып, балаға негізгі математикалық ұғымдарды жаттап алуға емес, олардың мәнін түсіндіруге тырысу қажет. Бұл жағдайда бізге математикалық ұғымдарды қалыптастыруға арналған тұрмыстық ойындар көмекке келеді.

«Көңілді әуен»(баспалдақтардың бойымен санауды үйрену)

-Баспалдақпен көтеріліп келе жатқан кезде, оларды баламен бірге санаңыз
-Өзіңіздің неше алма немесе кәмпит алғаныңызды, үстелге неше тәрелке қойы жатқаныңызды баланың сұрауын өтініңіз және т.б.

«Сиқыршылар»(заттарды көлемі бойынша ажырату)

Балаңызға сиқыр көрсетіңіз. Алақаныңызға кішкентай шарды тығып қойыңыз. Балаға да осыны істеуді үйретіңіз. Сиқырды үлкен шармен қайталаңыз. Оған үлкен шарды неліктен алақанға тыға алмайтынымызды түсіндіріңіз.

-Балаға алақандарына бір мезгілде екі түрлі шарды ұстауға беріңіз. Шарларды өзара көлемі бойынша, одан соң баланың алақанымен салыстырыңыз.
-Сиқырды кез-келген ұсақ заттармен де жасап көруге болады.

«Ас үй математикасы»

Анасымен бірге ас бөлмесінде жүргенде бала заттарды жіктеу және салыстыру дағдыларын жақсы жетілдіреді, ұсақ заттардың салмағының болатынын аңғарады, тұтас зат немесе ұзынның бөліктерін ажырата алады:

-Әр түрлі банкілерге, кастрюльдерге, контейнерлерге қақпақтарын таңдап алуды үйретіңіз
-Жарманы бір ыдыстан екінші ыдысқа салуға мүмкіндік беріңіз
-Пластик бөтелкедегі суды әр түрлі стақандарға құюды және ыдыс жетпегендіктен қалып қойған суды не істеу қажеттігін үйретіңіз
-Сорпа үшін үш картоп, бір сәбіз және т.б. әкелуді тапсырыңыз
-Алманы қанша бөлікке бөлуге болатындығын, немесе мандариннің неше бөлігі бар екендігін санауды үйретіңіз
-Қай макаронның ұзын екендігін салыстыртыңыз

«Есептеу таяқшалары»(есепті игеру, геометриялық фигуралармен танысу, кеңістікте бағдарлау)

Қолыңызда арнайы есептеу таяқшалары болмай қалса, оған ренжудің керегі жоқ. Олардың орнына қарындаштар, спагетти-макарондар, тіс шұқығыштар немесе сіріңке талдарын қолдана беруге болады.

-Таяқшалардан кез-келген суреттер жасаңыз: геометриялық фигуралар, үй, шырша, кеме, машина, кірпі және т.б.
-Баланың төзімділігін арттыру үшін үлкен құдық тұрғызуға да болады

«Машиналар мен жолдар» (көлем/ұзындық/ен ұғымдары)

Картоннан (қағаздан) әр түрлі ені бар екі жолақ қиып алыңыз: жіңішкесі – кішкентай машиналарға арналған жол, ел кең жолақ – үлкен машиналарға арналған.

-Жолақтарды бірінің үстіне бірін қойып, олардың қайсысының ені үлкен екендігін тауып алуға болатындығын көрсетіңіз
-Баладан үлкен машинаның неліктен тар жолмен жүре алмайтынын сұраңыз
-Машиналарды жолдармен жүргізіңіз
-Әр түрлі ені бар жолақтарды бір-біріне жапсыра отырып, жолдар торабын жасаңыз

«Кімнің машинасы жылдам келіп жетеді» (ұзын/қысқа ұғымдары)

Екі машинаға ұзын және қысқа жіп тағыңыз. Балаға қысқа жібі бар машинаны беріңіз.

-Егер әрқайсысы жіпті қарындашқа орайтын болса, кімнің машинасының иесіне бірінше жететіндігін көруді ұсыныңыз
-Жіптерді қатар қою арқылы, ұзын және қысқа ұғымдарын көрнекі түрде көрсетіңіз

«Құрылысшылар» (моториканы, жіктеуді, есептеу, салыстыруды дамыту)

Екі түсті кубикті алыңыз (күрделірек болу үшін үш түс алуға болады).

-Балаға әр түрлі түстен тұратын екі мұнара салуды ұсыныңыз, ол үшін алдымен кубиктерді сұрыптап алыңыз
-Мұнара салу кезінде әдейі қателіктер жіберіңіз, басқа түсті алып қойыңыз, балаңыз сізді түзетсін

«Тәрелкелер» (көп/аз/бір ұғымдары)

Балаға пластик тәрелкелер жиынтығын беріңіз. Онымен бірге тәрелкелерді санаңыз, «көп», «тәрелкелер бумасы» деген ұғымдарды қалыптастырыңыз.

-Отбасының барлық мүшелеріне немесе ойыншықтарға бір-бір тәрелкеден берін шығуын өтініңіз. Баланың іс-әрекетін дауыстап айтып отырыңыз: «Әкесіне тәрелке берді, енді әкесінде бір тәрелке бар…»
-Ыдыстарды таратып болғаннан кейін, қорытынды жасаңыз: «Тұтас ыдыс бумасын таратып бердік, енді әрқайсымызда бір-бір әрелкеден бар. -Енді барлық тәрелкелерді қайтадан жинап алайық. Қара, сенде қайтадан көп тәрелке болды»

Осылайша, балаға күш түсірмей-ақ, сіз оның бойында қарапайым математикалық ұғымдардың негізін қалыптастыра аласыз.

Leave a Reply