Қоршаған әлеммен танысамыз

Бала туғаннан бастап қоршаған ортамен таныса бастайды. Бұл кезде оған ата-анасы көмек береді. Балаға бірқатар күрделі емес ойындардың көмегімен бұл әлемді тануға көмектесіңіз.

1 ай

Динь-дон
Кішкентай қоңырауды немесе сылдырмақты алыңыз және сылдырлатыңыз, бала дыбысқа қарай бұрылуға тырысады.

2 ай

Ұстап танысу
Баланың қолына әр түрлі материалдардың кішкентай бөлшектерін беріңіз: жұмсақ ойыншық, ылғалды салфетка, пластмассадан жасалған сылдырмақ және т.б. балаңыз өзінің тактильді қасиеттерін дамытсын.

3 ай

Әткеншек
Баланы жоғары көтеріңіз, төмен түсіріңіз, мына сөздерді айта отырып, оңға-солға бұрыңыз: «Әткеншек, әткеншек, ұшамыз жоғары, қонамыз, ұшамыз!.. (төменге, солға және т.б.). Бұл кезде баланың вестибулярлық аппараты да дамиды.

4 ай

Ку-ку
Бетіңізді алақаныңызбен жабыңыз немесе басыңызды орамалмен жауып, «Ку-ку» деп немесе «Анаң қайда?» деп айтыңыз. Бетіңізді ашыңыз да күлімсірей қарап: «Міне, анашың!» деңіз. Баламен де дәл осылай істеуге болады. Оның басын жеңіл орамалмен немесе салфеткамен жауып қойыңыз және: «Біздің бөпеміз қайда?» деп сұраңыз.

5 ай

Тартамыз-жұламыз
Балаға қарай ақрын еңкейіңіз және оған шашыңызды ұстауға мүмкіндік беріңіз. Дәл осы кезде қатты «Ай» деп айтыңыз. Бұл екеуіңізді де көңілдендіруге тиіс.

6 ай

«Оркестр»
Баланың алдына шағын кастрюльді түбін жоғары қаратып қойыңыз, оның қолына темір/ағаш/пластмассадан жасалған қасықты ұстатыңыз және кастрюльді қалай соғуға болатындығын көрсетіңіз. Бала мүмкіндігінше қатты соққылар жасасын.

7 ай

«Лақтыр!»
Баланың қолына әр түрлі (жұмсақ, резеңкеден жасалған, гельді) шағын доптарды беріңіз және оны екі қолымен кезек-кезек лақтыруға үйретіңіз. Допты қорапқа немесе шелекке лақтырту арқылы тапсырманы күрделендіре түсуге болады.

8 ай

«Ойыншыққа еңбектеп жету»
Балаға жаңа ойыншықты көрсетіңіз және оны баладан сәл алысырақ қойыңыз. Бала оған жетуге немесе еңбектеп баруға тырысады. Баланы мақтаңыз, алақан соғыңыз және баланы алыстатыңыз.

9 ай

«Бауырсақ»
Әйгілі ертегідегі секілді, допты домалатыңыз: «Бауырсақ домалап барады, домалап барады». Балаға да осыны істеуді ұсыныңыз.

10 ай

«Қағаз ойындар»
Баланы қағазды жыртуға немесе оны илектеуді үйретіңіз. Одан кейін орауын ашып, тегістетіңіз. Илектеу үшін фольга өте қолайлы. Бала үшін дәретхана қағазының орамасы да өте қызықты болып көрінеді – ол тез ашылады және жұлынады.

11 ай

«Ғажайып қапшық»
Мөлдір қапшыққа немесе қорапшаға шағын ойыншықтарды немесе заттарды салыңыз және балаңызға оларға қарамай алуды ұсыныңыз. Баладан: «Ол не?» деп сұраңыз және сұраққа өзіңіз жауап беріңіз.

12 ай

«Үлкендер секілді»
Бұл кезеңде ұсақ моториканы және көз өлшемін дамыту үшін баламен жарманы шашу, әр түрлі ыдыстағы сұйық заттарды төгу, макарондарды жинау секілді әрекет түрлерімен айналысуға болады. Баланың алдына екі табақша қойыңыз, біріне бұршақ немесе мейіз салыңыз. Балаға ұсақ заттарды қолмен, қасықпен немесе басқа да ыдыстық өлшемдермен бір ыдыстан екінші ыдысқа қалай салуға болатынын көрсетіңіз. Сәбиіңіз жаңа іске құлшына кірісетін болады.

Leave a Reply