Сәбилерге арналған іс-әрекеттер мен ойындар

2-3 жаста бала белсенді түрде сөйлей бастайлы, 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдер құра алады. Сын есімдер мен есімдіктерді қолданады. Қимыл-әрекет жасауда үстемдікке ие қолына басымдық таныта бастайды: оңқайлар – оң қолға, солақайлар – сол қолға.

Саналы түрде ата-анасының мақұлдауына қол жеткізуге ұмтылады, сол үшін өзінің шамасы жететін өтініштерді орындауға дайын. Тиісті мадақтауға қол жетпеген болса, ренжіп қалады.

Басты икемділіктің бірі – абстрактілі заттарды түсіну. Бұл жаста ол қарапайым сөйлемдер құрап айтала алады, сын есімдерді қолданады. «Кейін», «ертең», «көбірек», «азырақ» деген сөздердің мағынасын түсінеді. Жануарларды ойыншықтардан, суреттерден ажырата алады. Мысалы, мысық кейпіндегі ойыншықтың зат екендігін, ал мысықтың өзінің – жануар, тірі тіршілік иесі екендігін ұғынады. Бұрын болып өткен оқиғаларды сүйіп тыңдайды, оның не екенін түсінеді. Бала бұған дейін де анасы оқып берген балаларға арналған әңгімелерді тыңдағанды жақсы көретін, қазір ол айтылған әңгімелердің мағынасын түсінерліктей, жеткілікті мөлшерде есейді, және әңгіме мазмұнына елти отырып, оның жалғасын тағатсыздана күтетін болады.

Сурет саламыз

Сурет салу арқылы ұсақ моторика дамиды, бұл баланың ойлау және шығармашылық тұрғыда дамуына, түр мен түсті қабылдауын дамытуға әсер етеді. Алдымен, бала қарапайым сызбалар жасаумен ғана шектеледі, алайда осы үрдістің өзі баланы тарта түседі және сызықтар мен белгілерден саналы түрде салынған суреттер қалыптаса бастайды.

Түстерді үйренеміз

Бала 1-2 түсті білуі әбден мүмкін. Бұл ойын баланың сөздік қорын жетілдіреді және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бір түсті әр түрлі заттарды алыңыз: кубиктер, доптар, қағаз парақтар. Балаға, мысалы, сары ойыншықты көрсетіңіз, оның түсін атаңыз, көруге, қолына ұстауға мүмкіндік беріңіз. Одан кейін дәл осыны сары түсті басқа нәрсемен қайталаңыз. Берілген процедураны 4-5 рет қайталағаннан кейін, былай деңіз: «енді сары түсті іздеп көрейік. Сары түс қайда?» Балаңызбен бірге бөлмедегі сары түстерді іздеңіз. Ол сізге 2-3 сары түсті заттарды көрсеткеннен кейін, басқа түсті игеруге кірісіңіз.

Ойынды біршама күрделендіріңіз. Енді баладан сары кубикті алуды және оны қызыл кубиктің үстіне қоюын сұраңыз. Сары кубиктерді бір қатар етіп қойыңыз, одан кейін қызыл кубиктерді, олардың үстіне, мысалы, жасыл кубиктерді қоюға болады.

Таза ауадағы ойындар

Серуендеуді ұнатпайтын бала жоқ шығар! Алайда, саябақ ішіндегі саяжолдармен жалғыз өзі жүгіре беруді олардың ешқайсысы да ұнатпайды, ал анасы не әкесімен бірге ойнаудың жөні бөлек. Өз құрдастарынан тұратын компанияны тауып алса, одан да тамаша! Баламен қуыспақ ойнауға болады, жаз айларында баламен таза ауада ойнау үшін су тапаншалары көмекке келсе, қыста аққала жасауға болады.

Құм үстінде ойналатын ойындардың да бала үшін берері мол, оның үстіне бұл ойындар баланың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал етеді, назарын шоғырландыруға дағдыландырады және ой-қиялын жетілдіре түседі.

Ойынға қатта кірісіп кетем деп қорықпаңыз: баламен бірге еденде еңбектеп жүріңіз, ойыншық машинасын сүйреңіз, мотордың дауысын салыңыз – әйтпесе, бұл ісіңізден түк шықпауы мүмкін. Сындырудан, былғаудан қорықпаңыз – баламен бірге зерттеңіз. Бала өмірінде бір рет саз балшыққа түсіп көру ҚАЖЕТ. Балшықты қолымен ұстап көру ҚАЖЕТ. Ішінде не барын білу үшін бір нәрсені сындыру ҚАЖЕТ. Баланың екі қолын бірдей дамытуға тырысыңыз: тығындарды алып шығыңыз, мозайка құрастырыңыз, еден жуыңыз, қысқыштарды бекітіңіз, құмда ойнаңыз және т.б.

Leave a Reply