Күн сайынғы математика

Баланы математика әлеміне жетелеу барысында, оның бұл білімді кейін күнделікті өмірде қолдана алуының негізін қалауға тырысу қажет. Сол себепті, қажетті дағдылар қоршаған ортадан, үйреншікті әлемнен алынуы тиіс. Бала қолына ұстаған заттар арқылы математикалық ұғымдарды жақсы қабылдайтын болады.

Математика үйде

Компотқа арналған төрт алманы санаймыз. Төрт алманың жартысы қанша болатындығын санаймыз. 3 алма қалу үшін неше алманы алып тастау керек екендігін және алты алма болу үшін неше алма қосу керек екендігін есептейміз. Одан кейін үрмебұршақты аламыз және алманың үлкен екендігіне қарамастан, төрт үрмебұршақ пен төрт алма санының бірдей екендігіне көз жеткіземіз. Тұтас нәрсенің үлестерімен және бөлшектерімен танысу үшін 3 алманы екіге бөліп көрсету қажет. Сандардың да, алмалардікі секілді жартысы болуы мүмкін екендігіне көз жеткізуге болады.

Математика көшеде

Серуендеп жүргенде, қонаққа бара жатқан немесе дүкенге бара жатқан жолда санауға болатынның бәрін санаймыз. Баланы аяғының ұшымен 7 қадам жүруін сұраймыз, одан кейін өкшесімен алты қадам жүруін өтінеміз. Осындай танысудан кейін сандар құрастырамыз – мысалдарды шешеміз: допты балаға лақтырамыз және мысал келтіреміз, бала жауап береді және допты қайта лақтырады. «Жеуге болатын-жеуге болмайтын» мысалында тақ сандар мен жұп сандар ойынын ойнаймыз – сіз санды айтасыз және допты балаға лақтырасыз, егер жұп болса – ол қағып алады, ал тақ болса – алмайды.

Математика үйдегі ойыншықтармен

-Жиектерінде сандар жазылған кубиктердің көмегімен сан құрамын үйренеміз және бекітеміз және сәйкес заттардың санын анықтаймыз. Кубиктерді жай ғана бірге қарауға болады, баладан мысалдар құрауды немесе математикалық пирамидалар жасап беруін өтінуге болады – бұл ретте негіздегі сандардың саны екінші қабаттағы сандардың сомасынан аз болуы тиіс және т.б.
-Жуынатын бөлмеде су өткізбейтін мозайкамен ойнауға болады
-Кез-келген жастағы балалар үшін сатылатын түрлі-түсті дәптерлерге қызықты тапсырмалар орындауға болады
-Отбасымен бірге домино ойнаймыз

Оқушыларға арналған геометрия

Баланы әр түрлі геометриялық фигуралармен таныстырамыз, оны нақты заттардан геометриялық пішіндерді көруге, сызбалар мен фигуралар құрастыруға үйретеміз – жалпақ болсын, көлемді болсын, және олардың түрлерін өзгертуге үйретеміз.

Үйде және көшеде

-Қоршаған ортадағы заттардың пішіндерін анықтаймыз («Тәрелке дөңгелек тәрізді. Доп шар тәріздес»), ас бөлмесінен дөңгелек және үш бұрыш тәріздес үш затты тауып көрсетуін сұраймыз. Бірте-бірте тапсырманы күрделендіреміз, бала енді бір формалы және бір түсті немесе бір формалы, алайда бір-бірінен кіші бірнеше затты тауып алуы тиіс болады
-Қолдағы материалдардан (үрмебұршақ, кубиктер, тастар, жапырақтар, ленталар, жіптер) әр түрлі фигуралар жасаймыз
-Элементтерді ауыстыру, қосу және алу арқылы бір фигураның басқа фигураға ауысатындығын көрсетеміз
-Алдыңғы ойынды күрделендіре түсеміз, ол үшін есептеу таяқшалары (немесе сіріңке) көмекке келеді: 5 таяқшадан 2 тең үшбұрыш құрастырамыз, 7 таяқшадан 2 бірдей шаршы, 7 таяқшадан 3 бірдей үшбұрыш, 9 таяқшадан 4 бірдей үшбұрыш құрастырамыз және т.б.
-Оригамимен айналысамыз – «геометриялық» дағдыларды жетілдірудің бірден-бір жолы

Күнделікті өмірдегі математиканы игере отырып, сіз баланы қоршаған ортаға өзге көзқараспен қарауға және қарапайым және күрделі заттардың салдарлық-себептік байланысын түсінуге үйретесіз. Рахаттана өсіп-жетіліңіз!

Leave a Reply