Өзара сыйлыстық отбасындағы дұрыс қарым-қатынастың күретамыры

«Егер үлкендерді сыйласаң, кішілер сені сыйлайды. Кішілер сыйласа, барлық адамдар сені сыйлайды» дейді халық даналығы.

Адамдарға деген сыйластық таныту – олардың құқыларын сақтау және құрметтеу. Сыйластық сыпайы сөйлеу мәнерінде және басқалардың заттарына деген құрметтен байқалады.

Алғашқы сыпайлылықтың белгілері отбасында бастау алады. Сыйпайы болу дегеніміз өзінді ұстай білу, жақсы мәнер сақтау, ізетті болу, адамдар сенің қамқорлығынды, оларды бағалайтыныңды және құрметтейтініңді сезітіндей сөйлесу.
Нағыз сыпайылылық – барлық жерде және барлық адамдармен, яғни достарыңмен және отбасыңмен жұрттың алдында ғана емес, кез-келген жерде сыпайы болуды талап етеді. Біз жасы үлкендермен ғана сыпайы да, мейірбан болып қоймай, достарымызбен де, басқа адамдармен де жағымды болғанымыз жөн. Отбасы мүшелері бір-біріне сыйластықпен қараса, балалар өздерін қауіпсіз сезініп, адамдарға деген сенімі нығаяды. Олар тұйықталмайды, керісінше ашық және белсенді болып өседі, эмоцияларын қысылмай көрсетеді. Жан-жақты дамиды. Адамдарға деген құрмет – оларды бағалау және олармен лайқты қарым-қатынас орнату. Өзіңе қалай қарасын десең, жұртқа да солай қара дегенді айтатын халық даналығы бекер болмаса керек.

Бірнеше ұрпақ өкілдері тұратын отбасында аға буын өкілдерін, қарияларды құрметтеу маңызды және оған балалық шақтан үйрету қажет. Ата-әжелерді, ата-аналарды, аға-әпкелерді, іні-қарындастарды, ұстаздарды құрметтеу маңызды шарт. Данышпан ата-аналар былай деп түсіндіреді балаларына – ол кісілер сенен жасы үлкен, яғни көпті көрген және саған көп дүниені үйрете алады. Кез-келген адам құрметке лайықты. Алайда үлкен кісілер ерекше қадірлеу мен әдептілікке лайықты жандар. Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы сүйіспеншілік пен өзара сыйластыққа толы болғаны абзал. Балаларды қандайда болмасын кемсітуге жол бермеу керек. Дей тұрғанмен балаларда ата-аналарына лайықты құрметпен және ерекше зейінмен қарауы қажет. Балалар ата-аналарын тыңдап, олардың беделіне күмән келтірмегені жақсы. Ата-аналар болса, барынша сүйіспеншілік пен даналық қағидаттарын ұстана отырып, бір-бірте, баланың дамуына сәйкес оған дербестікті үйретулері керек. Ата-аналар үлгі ретінде, яғни олардың сүйіспеншілігі, сыпайылылығы, әдептілігі, әділдігі, балалар үшін өте маңызды. Сонымен бірге балаларға түрді қиындықтар мен кедергілерді жеңуді үйрету қажет. Себебі еркелеп өскен, өзгелерді сыйламайтын бала өз бойында айбындық, төзімділік пен табандылық сияқты ұрпақтан ұрпаққа отбасында берілетін құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастыра алмайды. Жақын адамдардың пікірін құрметтей білетін отбасында жеке пікірді ғана ұстанбайды, ақыл-кеңеске құлақ асады. Өзін сыпайы ұстау – ол әсіресе үлкендермен сөйлескенде сабырлы және сыпайы сөйлесу. Ересектер сөзді бөлмеуді, сөз арасына кіріспеуді, өзіңе қарап, сөз бермегенше күтуді үйретеді. Өз-өзіңді сыйлау да маңызды. Себебі жұртқа лайықты деген құрметке сен де лайықтысын. Біздің балалар соны сезініп, білулері қажет. «Сыпайылылықтай арзан да, өте құнды да дүние жоқ» дейді халық даналығы.

Leave a Reply