Сәби сырқаттары

ШЕШЕК

ШЕШЕКТІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Шешекті бір-ақ рет жұқтырып алуға болады. Ол ауа-тамшы арқылы ағзаға түсетін вируспен туындайды.

ШЕШЕКТІҢ БЕЛГІЛЕРІ

-Сәби көңіл-күйінің нашарлауы, температурасының жоғарлауы.
-Қызыл түсті дақтар шаш өсетін жерде баста, қаста пайда болып көпіршікке айналады. Олар ауыздың, көздің, тіпті жыныс ағзаларында орналасуы мүмкін.
-Сәбиді дене қышуы мазасыздандырады.

ШЕШЕКТІ ЕМДЕУ

Дәрігерді шақырып, оның айтқандарын мұқият орындаңыз:
-Төсек тәртібі
-Бөртпені жасыл дәрімен өңдеу
-Ауыз қуысын қайнаған сумен, фурацилин немесе марганцовка ерітіндісімен шаю
-Жоғарғы температура кезінде ыстықты түсіретін дәрілік заттарды беріңіз
-Дәрігердің кеңесі бойынша дене қышуынан аллергияға қарсы дәрілік заттар көмектеседі

ӨКПЕНІҢ ҚАБЫНУЫ

ӨКПЕНІҢ ҚАБЫНУ СЕБЕПТЕРІ

Өкпенің қабынуы грипп пен жіті респираторлық сырқаттардың жиі және қауіпті асқынуынан болады. Ол иммунитет төмендегенде, тамақ ішу тәртібі өзгергенде, дене бойы тоңазығанда пайда болады.

ӨКПЕНІҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

-Бала мазасызданып, тамақты аз ішіп, аз ұйықтайды
-Дене тоңазып, температура көтеріледі, кей кездері тер басып, жөтел пайда болып, ауыр тыныс алу жиілейді
-Көз маңында және мұрын-ерін қатпары аймағында көгеру пайда болады

ӨКПЕНІҢ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ

-Дереу дәрігерге қаралыңыз. Қандай жағдай болмасын сәбиді үйдегі дәрілік заттармен емдемеңіз! Ол қабыну процес аяқталғанға дейін маманның бақылауында болуы тиіс.
-Өкпенің қабынуын емдеудің негізгі тәсілі – антибиотиктер.
-Эвкалипт майы қосылған бальзаммен кеуде қуысын силау пайдалы.
-Жөтел кезінде қақырық түсіретін дәрілік заттарды тағайындайды.
-Егер дәрігер сәбиді емханаға жатқызу туралы шешім қабылдаса – қарсы келмеңіз. Емханада сәбиге үй жағдайында орындауға келмейтін процедураларды тағайындайды.

БАСПА

БАСПАНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Баспа стафиллококтар немесе стрептококтар, сондай-ақ аденовирустармен туындайды. Бактериялар тыныс алу жолдарының сілекей жолдарында «ұйықтар» жарып, баланың бойы тоңазығанда белсене түседі. Сонымен қатар ауру адамда сырқа көзі бола алады.

БАСПАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

-Дене қызуының дереу 39-41°C-ге дейін көтерілуі байқалады
-Мойын және жақ астындағы лимфотүйіндер ұлғая түседі
-Бала еркелей бастайды, тамақты жұтқан кезде ауырсыну пайда болғандықтан, ол тағамнан бас тартады
-Көмей бездері ұлғай түсіп, одан ақ немесе сары жұқпа байқалады

БАСПАНЫ ЕМДЕУ

-Дәрігерді шақырыңыз
-Дене температурасы 38,5°C-ден жоғары болғанда ыстықты түсіретін дәрілік затты– парацетамол немесе сироп немесе тығындәрі түріндегі (тығындәрілер ыстықты жылдам түсіретін әсерге ие) оған ұқсас (панадол, эффералган, калпол) дәрілерді беріңіз
-Өз бетіңізбен емделмеңіз – дәрілік затты (қажет болған жағдайда антибиотиктер) дәрігер ғана жазып береді
-Балаға жылу су беріңіз: лимон, бал немесе таңқурай қосылған шай (егер осы өнімдерге аллергиясы болмасы), кепкен жемістерден жасалған компот
-Температура болмаған кезде балаға жатар алдында бал мен сары май қосылған жылы сүт беріңіз (егер аллергиясы болмаса). Бұл баспамен күресудің ең тиімді жолы

ТҰМАУ

ТҰМАУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Әлсіреген иммунитет, күн көзінде ұзақ болу, ылғалды және салқын ауада салқын тигізу – тұмаудың басты бір себептерінің бірі.

ТҰМАУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

-Бала аузымен дем алады
-Сілекей қабықтың кебуінен мұрын қуысы ішінің дызылдауы
-Мұрын ісінгеннен кейін 3-4 сағаттан кейін мұрыннан көп мөлшерде ақшыл сұйықтық аға бастайды. Бала әлсіреп, оның тәбеті төмендей түседі

ТҰМАУДЫ ЕМДЕУ

-Дәрігер қажетті дәрілік заттарды жазып, процедура курсын тағайындайды
-Мұрынның бітелуін тұрақты түрде қадағалау
-Жаңа туған сәбилерді тік қалыпта көтеріп ұстаған жөн
-Мұрынды арнайы ерітіндімен, шайшөптің немесе қырмызыгүлдің қайнатпасымен жуу керек. Сонымен қатар сәбиге жалбыздың, эвкалиптің немесе түймедақтың буымен тыныс алған пайдалы. Ауырудың алдын алыңыз! Егер тұмауды дер кезде емдемес, ол қуыстардың немесе есту түтікшесіне ауысуы мүмкін

ЕМШЕКТЕГІ БАЛА ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҚАБЫНУЫ

ҚҰЛАҚ ҚАБЫНУЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Бала құлағының қабынуы салық тигеннен кейін немесе күнге қатты күйгенде, тұрыс тамақтанбаудан немесе әлсіз иммунитет салдарынан пайда болады.

ЕМШЕКТЕГІ БАЛА ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҚАБЫНУ БЕЛГІЛЕРІ

-Кенеттен пайда болады: бала ұйықтап жатқан кезде түн ортасында кенеттен болған ауырсыну салдарынан оянады
-Жылау, жүрегінің айнуы, дене температурасы 40°C-ге дейін жоғарлайды
-Бала ауырған құлаған ұстай береді, бірақ басқа адамдарға құлағын ұстатпайды
-Тыныс алуының ауырсынуы, бас ауыруы мен ішінің өтуі
-Кей кездері ауырсыну жағында ауыз ұшы сәл төмендеуі мүмкін

ҚҰЛАҚ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ

-Дереу түрде дәрігерге көрініңіз. Арнай құралдардың көмегімен ол құлақтың дабыл жарғағын қарап, құлақтың қабынуы бар ма, жоқ па анықтайды
-Дене температурасын түсіру үшін және ауырсынуды басу үшін сәбиге парацетамол беріңіз. Құлаққа жылы компресс жасаңыз. Дәрігер ауырсынуды басатын құрамдастардан тұратын арнайы тамшыларды жазып беруі мүмкін
-Егер төртінші күні ауырсыну басылмаса, дәрігерді қайтадан шақыртыңыз. Балаға антибиотиктер қажет болуы мүмкін. Егер жоғарғы температура түспей, құлақта ірің пайда болса, дәрігер парацентез отасын ұсынуы мүмкін. Ол дабыл жарғағының артында жиналып қалған іріңді алу үшін қажет. Осыдан кейін бала сауыға бастайды

ДИЗЕНТЕРИЯ

ДИЗЕНТЕРИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Дизентерияны жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде, жұқпаланған заттармен немесе азық түлік өнімдері арқылы жұқтыруға болады. -Дизентериямен сырқаттану үшін балаға бір ғана жуылмаған жеміс-жидекті жеген жеткілікті.

СӘБИ ДИЗЕНТЕРИЯСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

-Дизентерия сырқаты жіті басталып, 1-2 тәулік ішінде айқын көрініс табуы мүмкін
-Бастың ауыруы, тәбеттің төмендеуі, іштің ауырсынуы, тілге ақ «жұғындының» пайда болуы
-5 күн бойында дене қызуының 38-39℃-қа дейін жылдам көтерілу
-Ауырсынумен жүретін нәжіс шығару, шырыш, жасыл, қан араласқан сулы нәжіс

ДИЗЕНТЕРИЯНЫ ЕМДЕУ

-Дәрігер балаға қасықпен баяу берілетін глюкоза – тұзды ерітіндісін жазып береді
-Дәрігер сызба бойынша антибиотиктерді тағайындайды
-Өз қалауыңыз бойынша тоқтатпаңыз, әйтпесе ауыру дизентерия ауруы қайталанады немесе созылмалы түрге көшеді
-Сонымен қатар дизентерия кезінде балаға арнайы емдәм қажет: нәзік ботқалар, булы котлеттер және пісірілген алма

ДИСБАКТЕРИОЗ

ДИСБАКТЕРИОЗДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Дисбактериоз бала ағзасындағы пайдалы бактериялар үйлесімінің бұзылғандығын білдіреді. Бұл баланы емшек сүтінен ажыратқан кезде, қоспаларды жиі ауыстырудан, тамақтандыруды дұрыс жүргізбеуден немесе антибиотиктермен дұрыс емдемеу салдарынан болады.

ДИСБАКТЕРИОЗ БЕЛГІЛЕРІ

-Жиі іштің өтуі немесе қатуы
-Ұстама тәрізді аурулар мен іштің үрленуі
-Нәждегі шырыштар мен астың қорытылмауы
-Терінің түлеуі, қызыл иектен қанның ағуы
-Тырнақтың қабыршықтануы мен сынғыш шаш
-Тәбетің төмендеуі, ауыз қуысында жағымсыз иістің болуы, тістің қара түске қошқылдану

ДИСБАКТЕРИОЗДЫ ЕМДЕУ

Дисбактериоз – ол жеке ауру емес, ол көптеген аурулардың туындауына себеп болады. Қандай аурудың салдарынан туындауына байланысты емді педиатр дәрігер, гастроэнтеролог, аллерголог немесе инфекционист дәрігер тағайындайды.

Leave a Reply