Қане, досым, тақпақ жаттайық

Әрбір ата-ана баламен бірге тақпақ жаттау қажеттілігіне кез болары сөзсіз. Оны жүзеге асыру әрқашан оңайға соға бермейді. Кейбір балалар тақпақты бірден «қағып алатын» болса, екіншілеріне ұзақ уақыт қажет. Бұған қоса, балаға тақпақты мәжбүрлеп жаттатқызу салдарынан, біз болашақта оның есте сақтау қабілетіне теріс әсер етуіміз мүмкін және оның алдағы уақыттардағы өзіндік баға беру деңгейін төмендетіп аламыз. Тақпақты қалай оңай жаттатуға болады?

-Тақпақ баланың жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс, мәтіні – қарапайым және түсінікті болғаны жөн
-Баланы бақылаңыз және оның мәтінді қалай оңай есте сақтайтындығын анықтаңыз. Бұл сізге баламен бірге тақпақ жаттау кезінде көмектеседі
-Егер баланың қабылдауы образды болса – тақпақ мәтініне сәйкес иллюстрация әзірлеңіз, тақпаққа байланысты сызба (мнемотехника) салыңыз, бұл кезде суреттерге немесе символдарға сүйенуге болады. Тақпақты оқыған кезде және сәйкес мазмұндағы суретті көрсеткен кезде, балада көру ассоциациялары пайда болады және ол мәтінді оңай есінде сақтап қалады
-Есту қабілеті жақсы балаға тақпақты бірнеше рет әр түрлі интонациямен оқып беруге болады: біресе қатты, біресе ақырын, әнге қосып немесе әнді ырғақпен
-Бастапқыда тақпақты ересек адам бірнеше рет мәнерлеп, қимыл-қозғалысқа келтіріп, жандандырып оқып беруі тиіс. Одан кейін баламен тақпақ мазмұнын түсінген-түсінбегендігі жөнінде әңгімелесуге болады
-Тақпақты бөліп жаттаған тиімді: алдымен екі тармағын, одан кейін келесі екі тармағын. Одан соң барлық 4 тармақ қайталанады және т.б. Егер тақпақ көлемі жағынан үлкен болса, оны бір реттен жаттауға ұмтылмаңыз
-Ойын қосуыңызға болады: алғашқы тармағын айтып, балаға доп лақтырылады. Ол екінші тармағын айтып, допты қайтадан сізге береді және т.б. Баланың сүйікті ойыншықтарын да көмекке алыңыз және балаға тақпақты сол ойыншықтардың даусымен айтып беріңіз
-«Сұрақ-жауап» тәсілін қолданыңыз. Сәбиіңізге: «Қонжықты құлатып алдық па?» деген сұрақ қойыңыз. Бала бұл тармақты сенімділікпен қайталайтын болады
-«Сөзді жалғастыр» ойын тәсілі. Ересек адам бір тармақты айтады және баладан осы тармақтың соңғы сөзін айтуды сұрайды
-«Алыптар мен ергежейлілер» ойыны: мәтінді біресе жуан, біресе жіңішке дауыспен, біресе көңілді, біресе мұңая отырып оқып беру

Жаттап алу қабілеті, әдетте, үш жасқа қарай көрініс таба бастайды, бұл кезде балалар тақпақта не туралы айытылып жатқандығын түсіне бастайды. Тақпақты отбасының басқа мүшелері де біліп жатса, тіпті жақсы – балаға отбасымен бірге оқу, жаттау, анағұрлым қызықтырақ.

Жатталған тақпақтарды баламен бірге күн сайын қайталап отырыңыз және баланы осындай жетістіктері үшін мадақтаудан шаршамаңыз. Бала айтқысы келмесе, оны туыстарыңызға немесе таныстарыңызға тақпақ айтып беруге мәжбүрлемеңіз. Тақпақты жаттау үрдісі жеңіл және жағымды болуы тиіс!

Leave a Reply