Емізу

Ана сүті – сәби үшін таптырмас азық. Оның құрамында жетілуге қажетті, иммундық, асқорыту және эндокринді жүйелердің қалыптасуына әсер ететін барлық көмірсулар, ақуыздар, дәрумендер, сонымен қатар, антиденелер, гормондар мен ферменттер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі жасқа дейін баланы емшекпен емізуге кеңес береді.

Неліктен емшекпен емізу сондай маңызды

Туғаннан бастап емізу – сәбидің болашақ денсаулығына деген үлес. Дұрыс емізу – сағатқа емес, баланың талабына негізделеді. Өмірдің алғашқы күндерінде сәби аз тамақтанады, оның қарыншасы тым кішкентай, сондықтан егер ол тиісті мөлшерден көп тамақтанса, артық тағамды құсып жібереді.

Емшекпен емізу сәбидің алғашқы жарты жылында керекті барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Ана сүтінің құрамында оны сиыр сүтінен ажырататын майлар, ақуыздар, темір, көп лактоза (сүт қанты) бар. Емшек сүтімен сәби вирусты және жұқпалы аурулардан қорғайтын антиденелерді қабылдайды.

ЕЕ ішек-қарын жолының созылмалы ауруының алдын алады, аллергия, диабет, жоғары қан қысымы мен жүрек ауруларының профилактикасы болып саналады. Ана сүтінің температурасы сәби үшін оңтайлы – дененің табиғи температурасы, жаңа туғанның таза ішегі ас қорытуға көмектесетін пайдалы және жақсы бактерияларды сіңіреді.

Табиғи емізу сүйек пен тістің өсуіне қажетті фосфор мен кальцийдің дұрыс пропорциясынан қамтиды. Нәресте өмір үшін аса маңызды D дәруменін, өсу гормонын, инсулин мен гемоглобинді қабылдайды.

Емшектегі бала тамақтануының ең жақсы, ең пайдалы және жалғыз дұрыс амалы – ана сүті. Өйткені оны табиғаттың өзі ойлап тапты. Кез келген сәби үшін жарайды. Ол нәрестеге тек тамақты беріп қана қоймай, ана махаббаты мен мейірімін сыйлайды!

Leave a Reply