Баланы балабақшаға дайындаймыз

Дүниеге келген кезден бастап және мектепке дейінгі мекемеге барғанға дейін бала отбасында сүйіспеншілік, ықылас және мейірім аясында тәрбиеленеді. Бірақ ата-аналар қамқорлығы мен сүйіспеншілігі баланың өз құрдастарымен араласу, олардың бірге ойнау және шұғылдану қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Оның үстіне анасының жұмысқа баруы және өз сәбиін балабақшаға беруі қажет болатын уақыт та келіп жетеді. Балабақша бала үшін қажет, және ол мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына өтуге дайын болуы тиіс.

Баланы балабақшаға мектепке дайындағандай байыппен дайындау қажет. Алғашқы барғанға дейін ең кемінде бір ай бұрын дайындалу керек, ал егер психологиялық және физиологиялық дайындыққа сіз 4 тен 6 айға дейін бөлетін болсаңыз тіпті жақсырақ болады. Алдымен анасы мен әкесінің өздеріне бөлініп кетуге позитивті ниеттену керек. Егер сіз өз шешіміңіздің дұрыстығына әлі күмәнданатын болсаңыз,онда балабақшаны кідірте тұрған дұрыс. Сіздің дайын емсетігіңіз және сіздің жағымсыз ойлауыңыз балаға және оның бейімделу процесіне өте күшті әсер етеді.

Қатынасу шеңберін кеңейту

Мектепке дейінгі мекемеге әжелерімен, үлкен балалармен, көршілермен, аналарының құрбыларымен және т.б. қалатын балалар жылдам үйренеді. Олар барынша жайдары және қандай-да бір уақыттан кейін анасының олар үшін келетініне сенімді болады. Егер сіздің мұндай тәжірибеңіз болмаса және баланың айналасы сізбен оңашаланса, онда оны ұлғайтатын кез келді: құмсалғышта, балалар алаңында, саябақта сәбиді айналадағы адамдармен – үлкендермен де, сол сияқты балалармен де қарым-қатынас орнатуға үйретіңіз.

Дербестікті көтермелеңіз

Барлық нәрседе дербестікті көтермелеу қажет – тамақ ішу, киіну, дәретханаға сұрану, мүмкіндігінше сізге үйдегі істерге көмектесу. Мұның барлығы балабақша үшін қажет дағдылар болып есептелмесе де, бірақ оны да және өзгелерін де істей білу сәбидің үйренуін оңайлатады.

Тамақтандыру

Тамақтандыруда мәселелердің болмауы үшін, балабақша мәзірін оқыңыз және оны біртіндеп баланың ас мөлшеріне енгізіңіз. Еритін емес, әдеттегі ботқалар, көмештер, көкөніс езбелерін, сорпалар және т.б. дайындаңыз. Бұл сәбиге тағы бір тосын жайтты – үй және балабақша тамағының сәйкес келмеуін, және оның аш қалуын болдырмауға көмектеседі.

Тәртіп

Егер сіздің тәртібіңіз МББМ қабылданған тәртіптен ерекшеленсе, біртіндеп оның тәртіптік кезеңіне ауысыңыз. Мезгілінде тұру, таңертеңгі ас ішу, түскі ас ішу, бесіндік ас ішу, кешкі ас ішу, күніне 2 мәрте қыдыру керек. Ал күндіз міндетті түрде ұйықтау немесе ең болмаса төсекте бір сағат жату қажет.

Үй туралы ескерту

Балабақшаға дайындалуда және әдеттену кезінде, ол өзінің бақшадағы өміріне бірге дайындалатын сүйікті ойыншығы жақсы көмекші болуы мүмкін. Және сол кезде ол үйі, анасы туралы жылы ескерту болады, жолдасына айналады.

Жақсы көңіл-күй

Балаға балабақша жөнінде, балалардың қалай ойнап, шұғылданып, ән айтып, билейтіні жөнінде жиі айтып беріңіз. Өзіңіздің бақшадағы балалық шағыңыздың жағымды кезеңдерін еске алыңыз, мұнымен сіз жақсы көңіл-күй жасайсыз, және балада белгісіз болашақ алдындағы қорқыныш туындамайды. Балаға «Өзің қасықпен тамақ ішіп үйренген соң – балабақшаға барасың» немесе «төбелескен жақсы емес, балабақшада балалар төбелеспейді» деп жиі айтыңыз. Сіз мұнымен оның барлығы жақсы, барлық нәрсені өздері жасайтын жерге бару тілегін ынталандырасыз.

Leave a Reply