Қымбатты атаналар!

Біз сіздерді біздің Отбасы.kz танымдық сайтымызда қарсы алуға қуаныштымыз.

Егер баланың дамуына көмектесетін жаттығулар туралы ақпаратты алу қажет болса, – кез келген іздеу сайтында мәтінді теру жеткілікті. Бірақ, сіздің алатыныңыз — бұл ретсіз, және көбінде қарама-қайшы ақпарат. Біз өз сайтымызда сарапшыларымыздың пікірі бойынша ата-аналар үшін аса пайдалы мәлеметтердің іріктеу жұмысын жүргізіп, ұсындық. Қажет ақпаратты қажытатын тіркелусіз, және – мүлде тегін алуға болады. Сарапшылардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі кеңестерін тыңдау (көру, оқу) үшін қомақты ақшаны төлеудің қажеті жоқ. Ақпараттың көп бөлігі ҚР ана тілінде ұсынылған.

География да, мәртебе де, бюджет те маңызды емес — Отбасы.kz деп терсеңіз болды – және сіз іс жүзінде кез келген жағдай үшін қажеттінің барлығын таба аласыз. Бұл жерде сіз баланың туылуы, дамуы, күту және тәрбелеу сияқты түрлі мәселелер бойынша көп қажетті, қызықты және маңызды ақпаратты таба аласыз. Пайдалану ыңғайлы болуы үшін, сайт тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Әр тарау қарапайым және түсінікті түрде, мақалалар, бейнероликтер, графикалық слайдтар немесе анимациялар түрінде ұсынылған.
«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН» тарауда біз қазақ тілінде бірнеше анимациялық сериалдарды ұсындық. Балаларға арналған Қазақстан туралы танымдық сериалдар мен жер бетіндегі көптеген қызықты жайттар туралы балалар мультфильмдері.

Қазақ тілін үйрететін мультфильмдердің 50 сериясы — сіздің балаңызды қызықтыратыны анық. Көрнекі немесе ойын түрінде ұсынылған ақпаратты бала өте жеңіл қабылдайды. «Мамандар» тарауында сіздер балалар және отбасы психологиясы мен педагогикасы саласындағы үздік мамандардан өзекті ақпаратпен таныса аласыз. Бұл бала күтімі жөніндегі мақалалар мен анимациялық бағдарламалар және дұрыс мүсінді дамыту жаттығулары. Қарап отырсаңыз, қарапайым жаттығулар, бірақ оларға жүйелі түрде жүгінетін болсақ — біз дұрыс қалыптасқан мүсінге, сонымен бірге – баланың өзін-өзі ұстай білуіне қол жеткізе аламыз.

«Медиа-форум» тарауында сіз «Жеке кабинетте» тіркелген соң өз балаларыңыздың суреттері мен бейнелерін — сәбиіңіздің өміріндегі аса жарқын сәттер мен жетістіктерін суретке түсіріп орналастыра және мақтана аласыз).

Сізге ыңғайлы болуы үшін, біз сайт парақшаларын әлеуметтік желілерде жасадық, олардың сілтемелері сайттың төменгі жағында орналастырылған. Біздің балаларымыз сұлулық, ойын, ертегі, музыка, сурет, қиял, шығармашылық әлемінде өмір сүруі тиіс, осы әлемді бірге жасайық. Сайт дамитын болады, соның ішінде сіздің де көмегіңіз тиер деп үміттенеміз. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды күтеміз. Өзіңіздің баға жетпес тәжірибеңізбен біздің сайтымызда бөлісіңіз.